1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ақырын қозғалу.
B) Жел мінез.
C) Жүйрік ат.
D) Ұйқыдан ояту.
E) Бұзаулы сиыр.
|
2. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Ой, сана.
B) Мектеп, ағаш.
C) Ақыл, ес.
D) Көңіл, сезім.
E) Ауа, жел.
|
3. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
A) Тәтті.
B) Ақшыл.
C) Қымбат.
D) Жарық.
E) Аттылы.
|
4. Жинақтық сан есiмдерiн белгілеңіз.
A) Екi, сегiз.
B) Бiреу, жетеу.
C) Бестен үш, он бүтiн оннан үш.
D) Ондаған, мыңдаған.
E) Бесiншi, алтыншы.
|
5. Кµсемше ж±рнақтарын табыњыз.
A) -ар, -ер, -р.
B) -қан, -кен.
C) -мақ, -мек.
D) -па, -пе.
E) -ѓалы, -гелі.
|
6. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз.
A) Бұлбұл.
B) Көмір.
C) Дос.
D) Тұрғылықты.
E) Партизан.
|
7. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Жаңбыр.
B) Кітап.
C) Қаздар.
D) Аспан.
E) Наурыз.
|
8. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
A) Көкқұтан.
B) Қосаяқ.
C) Қарақұрт.
D) Тасбақа.
E) Жолбарыс.
|
9. Жалпылау есімдігін табыңыз.
A) Кей шақта.
B) Бүкіл.
C) Дәнеңе.
D) Неге.
E) Әрқашан.
|
10. Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
A) әлде, болмаса, өйткені.
B) бірақ, неге десең, егер.
C) алайда, себебі, онда.
D) я, немесе, біресе.
E) мен, да, және.
|
11. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Балалар далада ойнап жүр.
B) Жауап берсең ше.
C) Сен қашан келесің.
D) Келгеніңе қанша болды.
E) Әттең, кешігіп қалдың-ау.
|
12. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.
A) Тырнақша, жақша.
B) Нүкте, дефис.
C) Нүктелі үтір, леп белгісі.
D) Үтір, сұрақ белгісі.
E) Қос нүкте, сызықша.
|
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
B) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
C) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
D) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
E) Әдейі танытпайын деп, ол бет- аузын таңып алыпты.
|
14. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз.
A) Публицистика.
B) Іс - қағаздар.
C) Көркем әдебиет.
D) Ғылыми.
E) Ауызекі.
|
15. Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды табыңыз.
A) Қайрат, жігер, ел.
B) Жаратылыс, табиғат, дүние.
C) Өлең, жыр, ән, терме, күй.
D) Бет, жүз, оң, ауыз.
E) Еңбек, іскер, жалқау.
|
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Қарасу.
B) Сенбілік ұйымдастыру.
C) Бірқыдыру.
D) Жақсы-жаман.
E) Кендебай.
|
17. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.
A) Қызғылт.
B) Көрме.
C) Үрле.
D) Күлкілі.
E) Бағала.
|
18. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
A) Әкені.
B) Әкеме.
C) Әкемнің.
D) Әкеміз.
E) Әкесін.
|
19. Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз.
A) Қосарлы түрде.
B) Бөлек.
C) Бірге.
D) Қысқарған түрде.
E) Тіркес түрде.
|
20. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсетіңіз.
A) Сәнді киім.
B) Келе жатыр.
C) Қызу еңбек.
D) Кеше келді.
E) Ақ ешкі.
|
21. Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
B) Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
C) Кең даланы сұлу сағым басты.
D) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
E) Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
|
22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
B) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
C) Тұрмыс құр, балам.
D) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
E) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.
|
23. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.
A) Оқиға толық айтылмай тоқталса.
B) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
D) Ой санамалап айтылса.
E) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.
|
24. Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз.
Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, - деп, күлісті құрбылары.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Сызықша.
E) Нүктелі үтір.
|
25. Антонимді табыңыз.
A) Ақ - қызыл.
B) Көп - қыруар.
C) Бұзу - жөндеу.
D) Дос - жолдас.
E) Халайық - әлеумет.
|
26. Үстеудің қызметін анықтаңыз.
Жата-жастана қонуымызды өтінеді.
A) Пысықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Баяндауыш.
|
27. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.
A) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
B) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
C) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
D) Жарқ етіп шам жанды.
E) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.
|
28. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Екі қолын жылы суға салды.
B) Тәтем көршімен әңгімелесті.
C) Балаларға сыныпта секіруге болмайды.
D) Түс ауа жайлауға келдік.
E) Жандос қалада тұрады.
|
29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.
A) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
B) –Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
C) –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
D) –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
E) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.
|
30. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Нүкте.
B) Қос нүкте.
C) Үтір.
D) Нүктелі үтір.
E) Көп нүкте.
|
|