1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет6/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
11 Kazak tili 2007

6 нұсқа



1. У дыбысы жіњішке болып т±рѓан сµзді кµрсетіњіз.
A) Жазу.
B) Жабу.
C) Жаѓу.
D) Табу.
E) Сену.

2. Деректі зат есімді табыңыз.
A) Жігер.
B) Сана.
C) Жайдары.
D) Сызғыш.
E) Адамгершілік.

3. Бµлшектік сан есімді кµрсетіњіз.
A) Он-оннан.
B) Тоқсан.
C) Алпысыншы.
D) ‡ш ширек.
E) Отызѓа тарта.

4. Шартты райдыњ ж±рнаѓын табыңыз.
A) -са, -се.
B) -сын, -сін.
C) -айық, -ейік.
D) -дар, -дер.
E) -й.

5. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
Біркелкі жақсы өсіпті.
A) Атаулы.
B) Толымды.
C) Салалас.
D) Сабақтас.
E) Толымсыз.

6. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
A) П, Ф, К.
B) Й, Ш, Б.
C) П, Ф, Г.
D) Һ, С, Т.
E) Р, Ғ, Ц.

7. “У” дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
A) Татуласу.
B) Таулық.
C) Баулық.
D) Жауласу.
E) Қауышу.

8. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Асхана.
C) Штабта.
D) Бозжігіт.
E) Көре кел.

9. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз.
A) 1
B) 3
C) 4
D) 5
E) 2

10. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Нешеуі?
B) Кімдер?
C) Қайдан?
D) Барлығы.
E) Әр оқушы.

11. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз.
A) Қатар, бірге, қабат.
B) Дейін, шейін, таман, қарай.
C) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
D) Ма, ме, ба, бе.
E) Жайында, жөнінде, үшін, сайын.

12. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз.
A) Өнерлі бала сүйкімді.
B) Отан - оттан да ыстық.
C) Тіл - қылыштан өткір.
D) Шолпан, Дана - екеуі жарыста озып шықты.
E) Айлалы батыр алдырмас.

13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Мүмкін, келіп қалар.
A) Одағай.
B) Еліктеу.
C) Қыстырма.
D) Шылау.
E) Қаратпа.

14. Қазақ тілінде неше стиль бар, дұрысын көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 7.
D) 4.
E) 6.

15. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Сынау, зерттеу.
B) Таңдау, таныс.
C) Несібелі, ырысты.
D) Әңгіме, ертегі.
E) Таңертең, түсте.

16. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалаларыңда.
B) Ұлттарымыз.
C) Асылым.
D) Үйіміздегі.
E) Қазынаңызда.

17. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Ендігәрі.
B) Шегара.
C) Биыл.
D) Былтыр.
E) Әлдекім.

18. Жай шырайды табыңыз.
A) Орасан зор жетістік.
B) Жанат кең үйге кірді.
C) Мына үй биігірек екен.
D) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

19. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Мен бір тарсыл естідім.
A) Толықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.

20. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
A) Бұл үйдің балалары естияр еді.
B) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
C) Бұл күз айында болған әңгіме.
D) Бұл баланың таланты бар екен.
E) Мен бұл жағын білмеп ем.

21. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
B) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
C) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
D) Айжан дүкенге кетті.
E) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

22. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?
B) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
C) Тәк-тәк, айтпа енді.
D) Таныды да таң болды.
E) Қой, не болса да кетейік.

23. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
A) Кезектес салалас.
B) Ыңғайлас салалас.
C) Себеп-салдар салалас.
D) Талғау мәнді салалас.
E) Қарсылықты салалас.

24. Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі - Сайра.
B) Қыздардың - үлкені Майра да, кішісі Сайра.
C) Қыздардың үлкені Майра да - кішісі Сайра.
D) Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі - Сайра.
E) Қыздардың-үлкені Майра, кішісі Сайра.

25. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
A) Қара, ат.
B) Орман, тоғай.
C) Бөз, боз.
D) Оның, соған,тасбиық.
E) Көпшік, дарбаза.

26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Секунд, пиала, кеуірт.
B) Иман, үшбұрыш.
C) Класс, күрке, ханзада.
D) Кірпіш, билет, пальто.
E) Әдебиет, зымыран, жүйе.

27. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз.
A) Жақша.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Тырнақша.
E) Үтір.

28. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Баланың кітабы.
B) Оқуды бітірді.
C) Көпір арқылы өту.
D) Менің оқушым.
E) Хатқа жауап.

29. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
B) Ертең апам келеді.
C) Табиғаттың тұла бойы - тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
D) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
E) Бүгін жаңа ай туды.

30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.
A) Ғылыми стиль
B) Ауызекі сөйлеу стилі
C) Іс-қағаздар стилі
D) Құжаттар стилі
E) Публицистикалық стиль










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет