1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
A) Жәмила.
B) Күлай.
C) Күләндә.
D) Дүдамал.
E) Ләззәт.
|
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
A) Аға.
B) Күй.
C) Іні.
D) Әнші.
E) Үй.
|
3. Күрделi сан есiмді анықтаңыз.
A) Алтау.
B) Үшiншi.
C) Тоғыз жүз елу.
D) Мың.
E) Жеті.
|
4. “Тарс” сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз.
A) Еліктеу сөз.
B) Қос сөз.
C) Көп мағыналы сөз.
D) Кәсіби сөз.
E) Біріккен сөз.
|
5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мені танимысың?
A) Толымды.
B) Жақты.
C) Жалаң.
D) Атаулы.
E) Жақсыз.
|
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
A) Ерлік.
B) Достық.
C) Адамгершілік.
D) Денсаулық.
E) Өнер-білім.
|
7. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз.
A) т, д
B) ц, щ
C) ж, ш
D) қ, ғ
E) х, с
|
8. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.
A) Грамы.
B) Граммі.
C) Граммы.
D) Грамі.
E) Грамми.
|
9. Күрделі сөзді табыңыз.
A) Күркілдек.
B) Бақташылық.
C) Парасат.
D) Ақмола.
E) Толқымалы.
|
10. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Неше.
B) Емен.
C) Мен.
D) Өзі.
E) Ел.
|
11. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.
A) 2.
B) 5.
C) 3.
D) 6.
E) 4.
|
12. "Мы", "мі", "бы", "бі", "пы", "пі" болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз.
A) Менен, пенен.
B) Ма, ме, ба, бе, па, пе.
C) Я, яки, не, немесе.
D) -Ақ, -ай, -мыс, -міс.
E) Мен, бен, пен.
|
13. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
A) Зат есім.
B) Етістіктің есімше түрі.
C) Сан есім.
D) Есімдік.
E) Сын есім.
|
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
A) Келісімпаз болу.
B) Көп тіл білу.
C) Сөзге тапқырлық.
D) Көп сөйлеу.
E) Өзін көрсету.
|
15. Синонимдік қатарды табыңыз.
A) Біреу, кейбіреу, әркім.
B) Келесі, ендігі, бұрынғы.
C) Кенет, тосын, мүлде.
D) Жақсы, тәуір, оңды.
E) Көкшіл, көгілдір, жасыл.
|
16. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Бірқазан.
B) Шалкөде.
C) Жетіген.
D) Дауылпаз.
E) Сазсырнай.
|
17. Би сөзіне түбірлес етістік қатарын табыңыз.
A) Биыл, бинт, билет.
B) Биосфера, биржа, бизнес.
C) Бие, биолог, биология.
D) Биязы, биялай, бидай.
E) Билеу, билік, билікқұмар.
|
18. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Жабысқақ, сүріншек.
B) Жазғы, қысқы.
C) Қызба, толық.
D) Ашпалы, көтермелі.
E) Ұрысқақ, тайғақ.
|
19. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.
A) Сегіз жас.
B) Он жеті.
C) Айтып бер.
D) Сенің үйің.
E) Ала тай.
|
20. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл – үлкен бақыт.
A) Жіктеу есімдік - зат есім.
B) Есім - етістік.
C) Сілтеу есімдігі - зат есім.
D) Есімдік - сын есім.
E) Зат есім - зат есім.
|
21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз.
A) Абай былай деген: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.»
B) – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.
C) Мұхтар Абай ауылынан екенін айтты.
D) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.
E) – Мен барамын, – деді Айгүл. – Мен бұл киноны қанша көрсем де, барғым келеді, – деді нақтылай түсіп, – Маған хабарласыңдар.
|
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
A) Зат есім.
B) Сұраулық шылау.
C) Сұрау есімдігі.
D) Көмекші етістік.
E) Дауыс интонациясы.
|
23. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
A) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
B) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
D) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
|
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
A) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
B) Бірыңғай мүшелердің арасында.
C) Атаулы сөйлемнен кейін.
D) Одағай сөзден кейін.
E) Қыстырма сөзден кейін.
|
25. Араб тілінен енген сөзді табыңыз.
A) Бос, бер, жұлдыз.
B) Бала, берік, жақсы.
C) Әдемі, көркем, жаман.
D) Ине, ер, сұлу.
E) Емтихан, кітап, мұғалім.
|
26. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз.
A) Отырыс.
B) Көкшетау.
C) Көрік.
D) Қиян-гескі.
E) Бұрыш.
|
27. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз.
A) Жанасу.
B) Қабысу.
C) Меңгеру.
D) Қиысу.
E) Матасу.
|
28. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
A) Үтір, сызықша.
B) Нүктелі үтір.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Қос нүкте.
|
29. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
|
30. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Қаратпа сөз.
B) Төл сөз.
C) Одағай сөз.
D) Қыстырма сөз.
E) Төлеу сөз.
|
|