1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет4/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
11 Kazak tili 2007

4 нұсқа



1. Езулік дауыстыны табыңыз.
A) ±.
B) ‰.
C) о.
D) а.
E) у.

2. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
A) Жел.
B) Өмір.
C) Ағаш.
D) Көңіл.
E) Ауа.

3. Сан есім маѓыналарына қарай нешеге бµлінетінін табыњыз.
A) 8.
B) 6.
C) 5.
D) 7.
E) 4.

4. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Жә.
B) Жарқ.
C) Шөре-шөре.
D) Тәйт.
E) Ту.

5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Жүйрік ат – ердің қанаты.
A) Атаулы.
B) Сабақтас.
C) Жалаң.
D) Жайылма.
E) Жақсыз.

6. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
A) Ү, х, р, л.
B) Ф, щ, ч, т.
C) Т, с, б, в.
D) Ц, ш, й, һ.
E) С, б, в, н.

7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Құлұн.
B) Бүйрөк.
C) Құрық.
D) Қүйүк.
E) Жүрөк.

8. Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Жазбалы.
B) Ой.
C) Аумалы.
D) Кірме.
E) Достық.

9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A) Бар.
B) Нешеу.
C) Міне.
D) Нәрсе.
E) Бір.

10. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз.
A) Көрді.
B) Көрер.
C) Көрме.
D) Көрмекпіз.
E) Көрген.

11. Шылауды табыңыз.
A) Басты мәселе – оқу үлгерімі.
B) Сөз – өмірдің үлкен қаруы.
C) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
E) Ой жетпейтін жер болмайды.

12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
B) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
C) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
D) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
E) Сын түзелмей, мін түзелмес.

13. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.
A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.
B) Ұра су, дами берсе, көл болады.
C) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.
D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.
E) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.

14. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.
A) Сынау.
B) Мазмұндау.
C) Ой түйіні.
D) Шолу.
E) Бағалау.

15. Тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған жаңа термин сөзді көрсетіңіз.
A) Екібастұз.
B) Сөйтіп.
C) Бап.
D) Атауыз.
E) Әуежай.

16. Буын үндестігі сақталмаған сөзді белгілеңіз.
A) Имандылық.
B) Үнемшілдік.
C) Рақымшылдық.
D) Егіншілер.
E) Адамгершілік.

17. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
A) Немересін.
B) Немереме.
C) Немересінде.
D) Немересінен.
E) Немереге.

18. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) смге
B) ГАЗ-51 ге
C) ИЛ-86-мен
D) см-ден
E) см. ден

19. Сапалық сын есімді табыңыз.
A) Ақшыл.
B) Желсіз.
C) Баласыз.
D) Мейірімді.
E) Базарлы.

20. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Мөлшерлеп болжау.
B) Кеше жіберді.
C) Соншалықты көбею.
D) Жоғары шығу.
E) Тезірек келу.

21. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Кешке қарай.
B) Жалғыздың үні.
C) Қуанғанынан күлді.
D) Еріктен тыс.
E) Жүгіріп келді.

22. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
B) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
C) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
D) Үлкенді сыйлау - асыл қасиет.
E) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
B) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
C) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
D) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
E) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.

24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Мен тауда ойнаған қарт марал.
A) Нүкте.
B) Қос нүкте.
C) Үтір.
D) Нүктелі үтір.
E) Сызықша.

25. Мақалды көрсетіңіз.
A) Көптің құрығы ұзын.
B) Ат тұяғын тай басар.
C) Ақылы асқанды аға тұт.
D) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
E) Ақ түйенің қарны жарылды.

26. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
A) Әдемі, көркем, сұлу.
B) Шәугім, шаппа, меш.
C) Өнеркәсіп, сым, леген.
D) Айыр, күрек, тырма.
E) Табан, бекіре, шортан.

27. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгілеңіз.
A) Қабыса, жанаса.
B) Матаса, жанаса.
C) Меңгере, жанаса.
D) Меңгере, қабыса.
E) Матаса, қабыса.

28. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
A) Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
B) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
C) Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
D) Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
E) Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.

29. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.
A) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
B) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.
C) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.
D) Сөйлем мүшесі бола алады.
E) Тек бас әріппен жазылады.

30. Бір мәселе жайында айтылған ойдың кесек бөлшегін білдіретін белгіні көрсетіңіз.
A) Жаңа жол.
B) Үтір.
C) Сызықша.
D) Көп нүкте.
E) Нүкте.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет