1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет10/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
11 Kazak tili 2007

10 нұсқа



1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қара сиялы қалам.
B) Қисық бұтақ.
C) Қоңыр дауыс.
D) Білімді оқушы.
E) Қызыл гүл.

2. Дауыстылар ерін мен езудіњ қатысына қарай қанша т‰рге бµлінетінін белгілеңіз.
A) 8.
B) 3.
C) 4.
D) 1.
E) 2.

3. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Қазақтың тілі.
B) Құрбы-құрдас.
C) Ашудас.
D) Көкшіл.
E) Жезтырнақ.

4. Жалқы есімді табыңыз.
A) Қарлыға.
B) Дуадақ.
C) Қарға.
D) Сауысқан.
E) Тауық.

5. Топтау сан есімді табыњыз.
A) Екіден.
B) Қырыққа таяу.
C) Екі жарым.
D) Ондаѓан.
E) Алпыстай.

6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған
жалғауды табыңыз.
A) Hольден.
B) Бинокльінен.
C) Лагерьге.
D) Артельде.
E) Рульді.

7. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз.
A) Бейсембі.
B) Өнөр.
C) Күндүз.
D) Еңкею.
E) Жұлдұз.

8. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
A) Маған айтты.
B) Аяқ-табақ.
C) Айнашпен сөйлесті.
D) Жақсы жаман.
E) Үйдің іші.

9. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
A) Жатырсың.
B) Жатырсыз.
C) Жатырмыз.
D) Жатырсыңдар.
E) Жатырмын.

10. мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.
A) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.
B) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.
C) Машина(мен) келдім.
D) Ықылас(пен) тоқылық.
E) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

11. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз.
A) Үшінші сынып.
B) Отыр екен.
C) Үйге келсем.
D) Қызыл сиыр.
E) Өзің үшін үйрен.

12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
A) Сан есім.
B) Сын есім.
C) Есімдік.
D) Етістіктің есімше түрі.
E) Зат есім.

13. Қуанышты жасыруға болмайды.
Сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Жақты.
B) Құрмалас.
C) Атаулы.
D) Жақсыз.
E) Толымды.

14. Стиль түрін ажыратыңыз.
Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен.
A) Ресми.
B) Ғылыми.
C) Публицистикалық.
D) Көркем әдебиет.
E) Ауызекі.

15. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
A) Екпін.
B) Сингармонизм.
C) Дыбыс үндестігі.
D) Буын үндестігі.
E) Үндестік заңы.

16. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
A) Гүлге, ерге.
B) Қысқы, басыңқы.
C) Қызыл ала, үлкенірек.
D) Бермес, назар.
E) Кеше, бүгін.

17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.
A) Баршамыз.
B) Біздің.
C) Өзіміздің.
D) Бәріміз.
E) Қайсыбіреу.

18. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.
A) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.
B) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
C) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
D) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
E) Тәрбие тілден басталады.

19. Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
A) Ыңғайлас.
B) Қарсылықты.
C) Түсіндірмелі.
D) Кезектес.
E) Талғаулы.

20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
B) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
C) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
E) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

21. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз.
A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр", - дейді.
D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр" дейді.
E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.

22. Одағай сөзді табыңыз
A) Ахмет, Ержанды шақыршы.
B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.
C) Жарайды, тазалығыңа сендім.
D) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.
E) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

23. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты - жөндерінен кейін қойылатын белгіні табыңыз.
A) Нүктелі үтір.
B) Жақша.
C) Көп нүкте.
D) Қос нүкте.
E) Нүкте.

24. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.
²Қалауын тапса, қар жанар² деген мақал - үлкен философия.
A) Диалог.
B) Төл сөз.
C) Объекті етіп алынған мақал.
D) Объект етіп алынған сөз.
E) Дәйексөз.

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
A) Театрға жастар көп келді.
B) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.
C) Кеш көңілді өтті. Қателегімді кеш.
D) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.
E) Менің басым ауырды. Бас ауырса, дәрі ішу керек.

26. Антонимді табыңыз.
A) Соқтығыс - қақтығыс.
B) Маңдай алды - бетке ұстар.
C) Нәтижелі - жемісті.
D) Жомарт - сараң.
E) Жоламау - жуымау.

27. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.
A) Күзем.
B) Немесе.
C) Жануарлары.
D) Алатау.
E) Сана.

28. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.
A) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
B) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
C) Шарасыздан айтқанға келісті.
D) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

29. Қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Бала, бала деп құрақ ұшады.
B) Ескертуден қорытынды шығар, бала.
C) Келіп кеткен - сол бала.
D) Бала тілі - бал.
E) Бала, баланың ісі - шала.

30. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз.
A) Ежелгі-дос.
B) Турсун-заде.
C) Алты аласы-бес бересі.
D) Жүре-сөйлеу.
E) Микро-биология.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет