1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет12/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
11 Kazak tili 2007

12 нұсқа



1. Омоним сөзді көрсетіңіз.
A) Тайпа.
B) Ел.
C) Сөз.
D) Ат.
E) Салу.

2. Жалқы есімді көрсетіңіз.
A) Өзенді.
B) Ақылбай.
C) Гүлдер.
D) Ауасыз.
E) Таулы.

3. Дара сын есiмдi табыңыз.
A) Тұп-тұнық.
B) Жақсы-жаман.
C) Сары ала.
D) Биiктеу.
E) Қара күрең.

4. Бµлшектік сан есімді табыњыз.
A) Он тоѓызыншы.
B) Екі жарым.
C) Сегіз.
D) Ж‰здеген.
E) Тµртеу.

5. Кµсемшені табыњыз.
A) Жазып.
B) Жазба.
C) Жазѓан.
D) Жазбақ.
E) Жазар.

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
A) Еңбек.
B) Адамгершілік.
C) Ерлік.
D) Достық.
E) Егіншілік.

7. Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, о, ө, е, ...
A) Ұ.
B) И.
C) Ы.
D) Ү.
E) Э.

8. Кейінді ықпалды табыңыз
A) Сауыншы.
B) Жұлдызша.
C) Ерлік.
D) Екеуміз.
E) Пәлеқор.

9. Туынды түбірді табыңыз.
A) Айтыс.
B) Аяқ.
C) Жеті.
D) Дос.
E) Жол.

10. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.
A) Көріксіз.
B) Күз.
C) Кітап.
D) Қағазды.
E) Қашты.

11. Сілтеу есімдігін табыңыз.
A) Тақ, жүз, оқы.
B) Он, алтау, бір.
C) Бүгін, кеше.
D) Үйде, кеште.
E) Осынау, анау.

12. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.
A) Жүйрік-ақ екен.
B) Сең үстінде кету.
C) Ақ көбейді.
D) Жаңбырдан соң.
E) Ойылға таман жылжу.

13. Еліктеудің қай түрі, анықтаңыз.
Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
A) Дыбыстық.
B) Туынды еліктеуіш.
C) Дара бейнелеуіш.
D) Негізгі еліктеуіш.
E) Күрделі бейнелеуіш.

14. Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды табыңыз.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім …
A) Ж.Молдағалиев.
B) С.Торайғыров.
C) М.Дулатов.
D) І.Жансүгіров.
E) А.Байтұрсынов.

15. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.
A) Ашық.
B) Жіңішке.
C) Еріндік.
D) Үнді.
E) Езулік.

16. Дұрыс жазудың кепілі не, белгілеңіз.
A) Синонимдік сөздік.
B) Орфоэпиялық сөздік.
C) Терминологиялық сөздік.
D) Аударма сөздік.
E) Орфографиялық сөздік.

17. Қосарлама қос сөзді табыңыз.
A) Бақа-шаян.
B) Сұп-сұр.
C) Өзіне-өзі.
D) Медпункт.
E) Қайта-қайта.

18. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.
A) Мен жазда келдім.
B) Алға қарай тез адымда.
C) Ол да барар.
D) Асанда кітап бар.
E) Жуырда келмекші.

19. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.
B) Саят өте еңбекқор еді.
C) Пайда, мақтан - бәрі тұл.
D) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы.
E) Ол да, ол тұрған село да жас еді.

20. 2-сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін табыңыз.
-Не мәселе туралы шақыртқаныңызды біліп отырмын.
-Сіздің ... білгеніңіз жақсы.
A) Баяндауыш
B) Анықтауыш
C) Толықтауыш
D) Бастауыш
E) Пысықтауыш

21. Кезектес салаласты табыңыз.
A) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
B) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олар тартылып қалады.
C) Қалада жаңа үйлер салынды.
D) Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып жүреді.
E) Біз асыға кірдік.

22. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді, табыңыз.
A) Неліктен? Неге?
B) Не үшін? Қайтпек болып?
C) Қашан? Қашаннан?
D) Қайтсе де? Қайткенмен?
E) Қалай? Не етпестен?

23. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Балалары, біз, тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді.
A) Қаратпа.
B) Бірыңғай мүше.
C) Айқындауыш.
D) Оқшау сөз.
E) Қыстырма.

24. Дефис қойылмайтын орынды көрсетіңіз.
A) Қысқарған сөздер арасында.
B) Екі сөзден тұратын қызмет, дәреже, атауларды білдіретін сөздерде.
C) Қос сөздерде.
D) Реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда.
E) Қарсы мәнді сөздер қатар келгенде.

25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
A) Берді
B) Бұрап
C) Марат
D) Домбыраның
E) Құлағын

26. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Ілгері кетті.
B) Тіпті ұзақ емес.
C) Бірден келді.
D) Бермен кел.
E) Осыншама ауыр.

27. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Ашық күн.
B) Қара торы.
C) Тас жүрек.
D) Жұлып тастады.
E) Бас сүйек.

28. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
B) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
C) Бұл даусыз – бірақ - осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
D) Бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
E) Бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

29. ²Еркем, неғып тұрсың?²- деп қала жаздаған Айбала... аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды.
Төл сөз түрін табыңыз.
A) Мақал.
B) Дәйексөз.
C) Айтуға оқталған сөзі.
D) Біреудің ойы.
E) Біреудің сөзі.

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) Бірақ шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
B) Бірақ шынында, олай емес-ті, Асқар адастырмайтын.
C) Бірақ шынында олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
D) Бірақ, шынында, олай емес-ті; Асқар адастырмайтын.
E) Бірақ, шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет