1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет11/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
11 Kazak tili 2007

11 нұсқа



1. Кµп н‰ктеніњ орнына қай дауысты дыбысты қойѓанда бір буынды сан шыѓатынын белгілеңіз. Б…р
A) о.
B) ы.
C) ‰.
D) і.
E) е.

2. Зат есім нені білдіретінін белгілеңіз.
A) Заттың мөлшерін.
B) Заттың санын.
C) Заттың атын.
D) Заттың сапасын.
E) Заттың қимыл-әрекетін.

3. Қатыстық сын есімді табыңыз.
A) Қызғылт орамал.
B) Орманды алқап.
C) Жап-жасыл жер.
D) Тәуірлеу қағаз.
E) Ащы дәм.

4. Есептік сан есімніњ с±раѓын табыњыз.
A) Нешінші?
B) Қаншадан?
C) Нешеу?
D) Нешеден?
E) Неше?

5. Т±йық етістікті анықтањыз.
A) Кµрсет.
B) Дәлелде.
C) Кµмектес.
D) Т‰сіндір.
E) Шегелеу.

6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Сен менің оң қолымсың.
B) Қолды болып жүрме.
C) Ол қол ұшын берді.
D) Қолы жеңіл.
E) Қолыңды көтер.

7. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
A) Неге?
B) Бес-бестен.
C) Тәрбие.
D) Мін.
E) Құдірет.

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Шыбын - шіркей.
B) Бұлғақтау - бұралаңдау.
C) Көктем - жазғытұры.
D) Аштық - тоқтық.
E) Аға - әке.

9. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
A) Р,л,й,у.
B) М,н,ң,һ.
C) У,л,м,т.
D) Б,в,й,ж.
E) Н,л,г,ғ.

10. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
A) м
B) с
C) а
D) т
E) в

11. “Ешқандай, ешқайдан” сөздері тән қатарды белгілеңіз.
A) Үстеуші есім.
B) Өздік етіс.
C) Белгісіздік есімдігі.
D) Болымсыз етістік.
E) Болымсыздық есімдігі.

12. "Мыс", "міс" - шылауларының мағынасын анықтаңыз.
A) Сұраулық.
B) Шектік.
C) Болжалдық.
D) Лептік.
E) Күшейткіш.

13. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
A) Кезектес салалас.
B) Себеп-салдар салалас.
C) Ыңғайлас салалас.
D) Талғаулы салалас.
E) Қарсылықты салалас.

14. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
A) Сөйтіп.
B) Алақай.
C) Моһ-моһ.
D) Арман.
E) Айт.

15. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Тастай қатты.
B) Бейсенбай.
C) Айжан.
D) Сағындық.
E) Қырманнан қайтты.

16. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз.
A) Атты адам.
B) Кітап оқы.
C) Кеше келді.
D) Малды ауыл.
E) Ертең барам.

17. Мекен үстеуін табыңыз.
A) Ертең.
B) Сонша.
C) Былтыр.
D) Жоғары.
E) Жедел.

18. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.
Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.
A) Бірыңғай пысықтауыш.
B) Бірыңғай анықтауыш .
C) Бірыңғай бастауыш.
D) Бірыңғай баяндауыш.
E) Бірыңғай толықтауыш.

19. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер.
B) Жалқаулық аздырады; еңбек оздырады.
C) Жұлдыздар сиреп, түн қараңғыланды.
D) Қазытай өте орынды ақыл айтты.
E) Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы –ой.

20. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды (Абай).
A) Есімше.
B) Ортақ етіс.
C) Көсемше.
D) Етістікке септік жалғауы.
E) Шартты рай.

21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз.
A) Ыбырай Алтынсарин: «Кел, балалар, оқылық!» – деген.
B) – Дұрыстап көшіріп жаз! – деді Ушаков. – Сосын мына жерге іліп қой! – деді зілмен.
C) – Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.
D) «Биік мансап – биік жартас,» – дейді Абай.
E) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.

22. Қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын белгілеңіз.
Дайындалып келдім, айта алмадым.
A) Қос нүкте.
B) Нүктелі үтір.
C) Сызықша.
D) Дефис.
E) Көп нүкте.

23. Тырнақша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
A) ’’Мемлекеттік Опера және балет театры’’.
B) ’’Арман’’ кинотеатры.
C) ’’Абай’’ романы.
D) ’’Алтын алқа’’ белгісі.
E) ’’Қазақстан әйелдері’’ журналы.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді табыңыз.
A) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу кұралы.
B) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа,жеткізу құралы.
C) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.
D) Жазу: белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.
E) Жазу белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы!

25. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Шөлейт.
B) Техника.
C) Шекара.
D) Шеше.
E) Аққу.

26. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Әкел.
B) Ешқашан.
C) Кейбір.
D) Мұратәлі.
E) Алатау.

27. Күрделі сөз қатысқан тіркесті табыңыз.
A) Зәулім ағаш.
B) Қара торы қыз.
C) Ағаштардың жапырақтары.
D) Торы ат.
E) Кеш суықтау.

28. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қонақ үйде әзілдесіп отырдық.
B) Мейіріммен сүйеді ол бар адамды.
C) Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім!
D) Толқыны тулаған көк теңіз.
E) Ана тілімізді қадірлеу- бәрімізге міндет.

29. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз.
Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
A) Тек қана қыстырма сөз.
B) Қаратпа сөз, жалғау.
C) Одағай сөз, қаратпа сөз.
D) Қаратпа, қыстырма.
E) Қаратпа, шылау.

30. «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.
A) Ахмет Югнаки.
B) Қожа Ахмет Яссауи.
C) Махмұд Қашқари.
D) Жүсіп Баласағұн.
E) Сайф Сарай.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет