1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет24/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
11 Kazak tili 2007

24 нұсқа



1. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз.
A) Үнді.
B) Дауыссыз.
C) Дауысты.
D) Ұяњ.
E) Қатањ.

2. Жалпы есімді табыңыз.
A) Абай.
B) Алатау.
C) Балқаш.
D) Көкшетау.
E) Тау.

3. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есiмiн табыңыз.
A) Төртеу.
B) Жүз бес.
C) Қырықтаған.
D) Он-оннан.
E) Жиырмасыншы.

4. “Дейін, шейін, таман” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Жалғаулық.
B) Болжалдық демеулік.
C) Шектік демеулік.
D) Демеулік.
E) Септеулік.

5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мені танимысың?
A) Атаулы.
B) Жалаң.
C) Жақсыз.
D) Толымды.
E) Жақты.

6. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз.
A) Елімнің байтақ даласы.
B) Елімнің сұлу көлдері.
C) Елімнің мөлдір бұлағы.
D) Елімнің асқар шыңдары.
E) Елімнің ерен ерлері.

7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Жүрөк.
B) Бүйрөк.
C) Құрық.
D) Қүйүк.
E) Құлұн.

8. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
A) -ды.
B) -мен.
C) -хана.
D) -паз.
E) -кер.

9. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз.
A) 3
B) 4
C) 1
D) 2
E) 5

10. Жалпылау есімдігін табыңыз.
A) Бүкіл.
B) Кей шақта.
C) Неге.
D) Әрқашан.
E) Дәнеңе.

11. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз.
A) Көрген.
B) Көрме.
C) Көрді.
D) Көрер.
E) Көрмекпіз.

12. Еліктеудің қай түрі, анықтаңыз.
Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
A) Негізгі еліктеуіш.
B) Дыбыстық.
C) Күрделі бейнелеуіш.
D) Туынды еліктеуіш.
E) Дара бейнелеуіш.

13. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз.
A) Өнерлі бала сүйкімді.
B) Отан - оттан да ыстық.
C) Айлалы батыр алдырмас.
D) Шолпан, Дана - екеуі жарыста озып шықты.
E) Тіл - қылыштан өткір.

14. Стиль түрін ажыратыңыз.
Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен.
A) Публицистикалық.
B) Ауызекі.
C) Көркем әдебиет.
D) Ғылыми.
E) Ресми.

15. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Шегара.
B) Ендігәрі.
C) Былтыр.
D) Әлдекім.
E) Биыл.

16. Жай шырайды табыңыз.
A) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
B) Жанат кең үйге кірді.
C) Орасан зор жетістік.
D) Мына үй биігірек екен.
E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

17. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Әрқашан біргеміз.
B) Жолшыбай кездесті.
C) Елжіреді.
D) Әрең қозғалады.
E) Анағұрлым көп.

18. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсетіңіз.
A) Ақ ешкі.
B) Сәнді киім.
C) Қызу еңбек.
D) Келе жатыр.
E) Кеше келді.

19. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
A) Бұл баланың таланты бар екен.
B) Бұл күз айында болған әңгіме.
C) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
D) Бұл үйдің балалары естияр еді.
E) Мен бұл жағын білмеп ем.

20. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
A) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
B) Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
C) Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.
D) Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.
E) Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.

21. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
D) Бірыңғай мүшеге.
E) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.

22. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз.
A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр" дейді.
B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр", - дейді.
C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.

23. Қойылуға тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз.
Дауысты а дыбысы - жуан дыбыс.
A) Тырнақша.
B) Нүктелі үтір.
C) Сызықша.
D) Дефис.
E) Үтір.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) Елге мойнымды созам: көрінбейді.
B) Елге мойнымды созам- көрінбейді.
C) Елге мойнымды созам; көрінбейді.
D) Елге мойнымды созам, көрінбейді.
E) Елге мойнымды созам,- көрінбейді.

25. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт.
B) Бала нанның жартысын үзіп берді.
C) Арқасынан таяқ үзген жоқ.
D) Ол әке-шешеден ерте қол үзді.
E) Қарт әбден күдер үзген екен.

26. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.
A) Бала.
B) Ауыр
C) Ол
D) Мінезі
E) Сыныбымыздағы

27. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
B) Ол жанын шүберекке түйді.
C) Сексен түйе үстінде
Алтын жағлан орнаған
D) Өзі оңбаған ант ұрған.
E) Отаның мен халқыңа еңбек ет.

28. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.
A) Балалар.
B) Құрылысшылар.
C) Ұндар.
D) Газеттер.
E) Кітаптар.

29. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.
A) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.
B) Тек бас әріппен жазылады.
C) Сөйлем мүшесі бола алады.
D) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
E) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.

30. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.
Жастар - біздің болашағымыз.
A) Бастауыш та, баяндауыш та - зат есім.
B) Бастауыш - есім, баяндауыш - есімдік.
C) Бастауыш, баяндауыш - сын есім.
D) Бастауыш та, баяндауыш та - сан есім.
E) Бастауыш -есімдік, баяндауыш - сын есім.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет