1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет26/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
11 Kazak tili 2007

26 нұсқа



1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
A) Ләззәт.
B) Жәмила.
C) Күлай.
D) Күләндә.
E) Дүдамал.

2. Зат есімді көрсетіңіз.
A) Әдемі.
B) Өлең айт.
C) Білім.
D) Осында.
E) Сұр.

3. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
A) Жарық.
B) Тәтті.
C) Қымбат.
D) Аттылы.
E) Ақшыл.

4. Күрделi сан есiмді анықтаңыз.
A) Мың.
B) Тоғыз жүз елу.
C) Үшiншi.
D) Жеті.
E) Алтау.

5. Өздік есімдігін табыңыз.
A) Өркендету.
B) Көрсеткіз.
C) Мүлдем.
D) Өздеріңіз.
E) Көңілсіз.

6. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз.
A) А, Ы.
B) Е, И.
C) О, Ө.
D) У, І.
E) О, Ы.

7. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.
A) Қағазды.
B) Күз.
C) Көріксіз.
D) Қашты.
E) Кітап.

8. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
A) Берер.
B) Бере бер.
C) Беріп жібер.
D) Бере сал.
E) Беріп жатыр.

9. Шылауды табыңыз.
A) Сөз – өмірдің үлкен қаруы.
B) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
C) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
D) Ой жетпейтін жер болмайды.
E) Басты мәселе – оқу үлгерімі.

10. “Көзді ашып-жұмғанша” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.
A) Жай жүру.
B) Лезде.
C) Әдемі.
D) Момын.
E) Алыс жер.

11. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.
A) Тырнақша, жақша.
B) Қос нүкте, сызықша.
C) Үтір, сұрақ белгісі.
D) Нүкте, дефис.
E) Нүктелі үтір, леп белгісі.

12. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.
A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.
B) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.
C) Ұра су, дами берсе, көл болады.
D) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.
E) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

13. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Бозбаламын – мен де енді.
B) Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
C) Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
D) Білім адамның – қанаты.
E) Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.

14. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз.
Туу, ит-ай … Сонша ұмытпай жүр бәрін.
A) Публицистикалық.
B) Ауызекі сөйлеу.
C) Ғылыми стиль.
D) Іс-қағаздары стилі.
E) Көркем әдебиет стилі.

15. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Машина.
B) Мәдениет.
C) Жанбады.
D) Қамысбай.
E) Добым.

16. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.
A) Баянауыл.
B) Жексенгүл.
C) Гүлжан.
D) Жауқияқ (шөп).
E) Қызылбалақ (құс).

17. Дұрыс жасалған сөзді табыңыз.
A) Білімжан.
B) Білімкер.
C) Білімқой.
D) Білімпаз.
E) Білімгер.

18. Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Әкел.
B) Бүгін.
C) Жаздыгүні.
D) Биыл.
E) Қарақағаз.

19. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Жұлдыздар сиреп, түн қараңғыланды.
B) Қазытай өте орынды ақыл айтты.
C) Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы –ой.
D) Жалқаулық аздырады; еңбек оздырады.
E) Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер.

20. Жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
Күні-түні жұмыс істеуге тура келді.
A) Жақсыз жайылма сөйлем.
B) Жалаң.
C) Атаулы жалаң.
D) Атаулы жайылма.
E) Атаулы.

21. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әдеті бойынша далаға шығып отырған секілді.
B) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.
C) Ағам келетін уақыт болды.
D) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.
E) Түн. Ай жап-жарық.

22. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
B) Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.
C) Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.
D) Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
E) Мен шаңғы теуіп жүремін.

23. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды.
B) Алматы - Республиканың ең үлкен қаласы.
C) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.
D) Ісің өнімді болсын, Қуат.
E) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.

24. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.
A) Әдет - салт аты.
B) Ерекше объект етіп алынған сөз.
C) Кері мағынадағы сөз.
D) Жалқы есім атауы.
E) Жеке ұғым атауы.

25. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
A) Қанды ауыз, ашушаң.
B) Тұңғыш, орташа.
C) Арып-талып, асығып.
D) Көкпар тарту, атқа шабу.
E) Ат төбеліндей, азын-аулақ.

26. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
A) Қара, ат.
B) Орман, тоғай.
C) Оның, соған,тасбиық.
D) Бөз, боз.
E) Көпшік, дарбаза.

27. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады.
B) Басқарма мүшелерінің жиналысы болды.
C) Мен Біржан күннен-күнге айқындалған,
Көкшетау дуанына даңқым барған.
D) Үйге кеше ағайым келді.
E) Жер-жерге үндеухат жазылды.

28. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз.
A) Жанасу.
B) Меңгеру.
C) Қиысу.
D) Қабысу.
E) Матасу.

29. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.
A) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
B) Жарқ етіп шам жанды.
C) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
D) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
E) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.
A) –Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
B) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
C) –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
D) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.
E) –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет