1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі


Мәдениеттің философиялық ұғымы және «мәдениет философиясы» ұғымы



бет27/30
Дата19.05.2022
өлшемі348.58 Kb.
#457772
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Философия

42. Мәдениеттің философиялық ұғымы және «мәдениет философиясы» ұғымы
Мәдениеттің философиялық ұғымы және мәдениет философиясы ұғымы : Мәдениет философиясы[1] — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі.
43. Тарих философиясы: (К. Ясперс, А. Тойнби, О. Шпенглер)
(«тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие:

біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.


Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас. Өзгермелі заман, қарқынды әлеуметтік құрылымдар, көшпелі мәде-ниеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих философиясының негізгі мазмұны болып табылады.


Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады.Ясперс ушын адамзат быр тутас
Тойнби теориясында мәдениетадамдардың қолымен жасалған
құндылықтар жиынтығы, ол
цивилизацияның құрамдас бөлігі.
Тойнби концепциясында мәдениеттің
шарықтау шыңға жетуі цивилизация деп
аталады.
О.Шпенглер теориясы бойынша:
МӘДЕНИЕТ
ЦИВИЛИЗАЦИЯ
Мәдениет - белгілі бір территорияда
өмір сүретін ұлттың тілі, дәстүрі
негізінде қалыптасады, яғни, локальді
болады. Мәдениет-тірі организм.
Ал өркениет – мәдениеттің соңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет