1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі


ХХ ғасыр философиясы: герменевтика, психоанализ, постмодернизм



бет28/30
Дата19.05.2022
өлшемі348.58 Kb.
#457772
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Философия

44. ХХ ғасыр философиясы: герменевтика, психоанализ, постмодернизм.

XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: “Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.


Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. XX-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Фридрих Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі.
Психоанализ философиясы 20 ғасырдағы еуропалық философиядағы ең танымал бағыттардың бірі болып табылады, ол көптеген ой мектептеріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл рухани мәдениетке - өнерге, әдебиетке, театр мен музыкаға, саяси ғылымға айтарлықтай әсер етті. доктриналар мен әртүрлі әлеуметтік қозғалыстар.Психоанализдің танымалдылығы Батыс әлемінде әртүрлі психологиялық қызметтердің пайда болуына және танымал болуына әкелді.
Постмодернизм философия – 20 ғасырдың екінші жартысында 18-ші ғасырдағы Ағарту дәуірінде дамыған мәдениет, болмыс, тарих немесе тіл туралы модернистік философиялық идеяларда ұсынылған болжамдарға сыни жауап ретінде пайда болған философиялық қозғалыс.


45. «Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» жобасы.
Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің ары қарай дамуына, әлемдегі ең ірі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу, алға қойған мақсаттарымызға жету туралы баяндайды. Сонымен қатар бұл мақалада: ұлттық сананы жаңғырту, ұлтымыздың болмысын, ұлттық кодты сақтап, оны Қазақстанның дамуына, оның игілігіне жарату негізінде, еліміздің ары қарай дамыту болып табылады. Онда еліміздің Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңыздылығын түсіндірді. Бұл жаңғыруда аталып өткен аса маңызды екі үдеріc – саяси реформа мен эканомикалық жаңғыру. Бұл жүйе арқылы біртұтас біріккен ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды және сананы қалай өзгертетіні жөнінде өз пікірімен, ойымен бөлісті. Мемлекет басшысының мақаласы, бұл – ең алдымен XXI ғасырдағы шынайы өмірдегі ұлттық сананы білдіретін және қоғамда қалыптасқан сананы өзгерту жолындағы дүниетанымдық мақала. Елбасымыз бұл жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталды. Саяси, экономикалық реформаларда тәуелсіз, егеменді еліміз көптеген бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені барша халыққа мәлім. Ол – адами құндылықтар, жастарға білім беру, жастарды тәрбиелеу, олардыэң бойына сіңіру болып табылады.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік. Бұл жаңғыру – егемен, тәуелсіз еліміздің болашағы мен келешегі үшін жасалған ең үлкен жұмыс. Сондықтан рухани байлығымыздың маңыздылығы – яғни, бұл әрбір жеке тұлғадан құрылған қоғам, туған еліміз, жеріміз үшін де өте маңызды үдеріс болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ғасырдағы ұлттық сананы кеңінен дамытудың, жаңғыртудың бірнеше бағытын ұсынды: 1. Бәсекелік қабілет 2. Прагматизм 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау 4. Білімнің салтанат құруы 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы 6. Сананың ашықтығы. Бұл арнайы бағыттар сананы жаңғыртудың негізі болмақ. Осы аталған бағыттарда – бәсекелестік қабілет, бұл соңғы жылдардағы әлемдік қауымдастықтағы негізгі ұлттық бәсекелестік болып табылады.
Кез келген табысқа жету жолында, табысты болуға, яғни адамдардың негізгі бәсекелестік қабілетімен ерекшелінеді. Сондықтан да әрбір адам өзіндік сол ортаға сай негізгі қасиеттерге ие болуы керек. Мысалға айтсақ, шет тілдерін үйрену, компьютермен жұмыс жасау т.б жатқызылады. Бұл бағытта «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалардың маңыздылығы жоғары.
Бәсекелік қабілет – білім мен ғылымда, саясат пен экономикада, технологияда, яғни барлық салада болуы керек. Себебі, бәсеке болған жерде әрбір адам өзінің ең сапалы қызметін ұсынады. Осы аталған бағыттардағы – прагматизм, бұл – өзіңе берілген барлық нәрселерді дұрыс пайдаланып, соған орай болашағыңды жоспарлай білу, кеудеңді керіп, басқалардан өзіңді жоғары ұстамауың керек, ысырапшылық пен астамшылыққа жол бермеу керек. Сонымен қатар бұл мақалада Елбасымыз – мінез құлықтың прагматизмін ұсынған, яғни алға қойған нақты мақсатқа жетуге, салауатты өмір сүру, нақты білім алу, осы тұрғыдан, барлығын ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстанның эволюциялық дамуы, еліміздің эволюция жағынан дамуы болып саналады. Еліміз XX ғасырда түрлі өзгеріске ұшырады. Ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық жаңғыру ұғымы мен байланысты болып келеді. Бұл бағытта ең әуелі ұлттық рухты, ұлттық сананы атап көрсеткен еді. Елбасымыз: Оның екі қыры бар: Біріншіден, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту, – деп түсіндірді. Сонымен қатар Елбасымыз барша Қазакстандықтар үшін ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсіндірді.Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Қазіргі ХХI ғасыр білімнің салтанат құруымен байланысты. Елбасымыз жастарға үлкен сенім артады. «Біздің болашағымыз- жастардың қолында» демекші, жастарға арнап – университеттер, зияткерлік мектептер ашылды. Сонымен қатар көптеген білімді жастарды – «Болашак бағдарламасы» арқылы көптеген елдерге оқуға жіберді. Яғни, бұл білімнің – салтанат құруы. Сөзімді қорытындылай болсам, жаңа қалыптасқан рухани жаңғырудың баршамызға түрлі өзерістер мен алға қарай ұмтылыстарды, жаңа жаңашылдықтарды қажет етеді. Өйткені, біз күннен-күнге дамыған, көркейген елде өмір сүрудеміз. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында – еліміздің әлемдегі озық 30 елдің қатарына кіру туралы және түрлі бағыттарды ұсынды. Бұл – рухани жаңғыру арқылы болашағымызға деген өзінің терең көзқарасын білдірді. Мақалада ұсынылған ұлттық рухты, ұлттық сананы жаңғыртудың бағыттары жүзеге асса, онда бұл – рухани жаңғырудың негізі болмақ. Елбасымыздың бұл мақаласы ұлттық сананы жаңғырта отырып, ұлттық бірегейлікті сақтап, табысты ел болуды білдіреді. Осы рухани жаңғыру арқылы елімізді барша әлемге таныта отырып, табысты ел болып, болашаққа деген үмітімізді, сенімімізді біріктіре отырып, бір ту астында, жарқын болашаққа жетейік!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет