1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі


«Қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы



бет29/30
Дата19.05.2022
өлшемі348.58 Kb.
#457772
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Философия

46. «Қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы.
Сананы жаңғырту - бұл қоғамның барлық мүшелерімен ажыратылатын бірегейлік, құныдылықтар және мәдени жадылар. Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Аталған бағдарламалық мақаладағы жаңғырудың негізгі императивтері бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің жоғары құндылықтары мен білім және сананың ашықтығы болып табылады. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы бүгінгі таңда өте қажетті және орынды идея. Біз саяси ұлтты қалыптастыру жолындамыз. Әлемде алдыңғы қатардан табылу үшін біздің әрқайсымыз және баршамыз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген таптаурындықтардан арылуымыз керек.
47. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселелері.
Ұлттық сананың кемелденуі – ол ұлттық жаңғыру деген ұғымды білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласы өте дер кезінде шығып, халықтың санасына маңызы мол ой салды. Рухани жаңғыруымыздың басты қағидасы, Елбасымыздың мақаласында айтылғандай, өзіңнің тамырыңнан нәр алып, соны танып біліп, қазіргі дәуірге соны қабаттастырып, дамыған техникаға өз тіліңмен, өз діліңмен, мәдениетіңмен келуіңде, бәсекеге қабілетті қазақстандық тәрбиелеу. Егер кез келген мемлекеттің мәдениеті көрші мемлекеттің мәдениетінен төмен болса, одан рухы биіктей алмайды. Рухты биіктетудің төте жолы мәдениет. Сондықтан біз өзіміздің төл мәдениетімізді дамытуымыз керек.
Осы орайда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру туралы» дөңгелек үстел өткізді. Жұмысқа мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен күндізгі оқыту факультетінің курсанттары қатысты.


48. Қазақ философиясындағы өнер философиясы.
Өнер, кең мағынада, кәсіпшілдіктегі шеберлік (зергердің, темірші ұстаның, киіз және текемет тоқитын қолы шебер әйелдердің, мазар құрылысшы ұстаның) ретінде танылған;
-тар мағынада, көркем шығармашылық (музыкалық аспаптарда ойын өнері, шешендік өнері, би өнері) ретінде танылған
Қазақ халқының кеңістіктегі өнер түрлері: мүсін (даладағы тас балбал), сәулет өнері (мазар), сәнді-қолданбалы, киіз-текемет жасау өнері, тоқу, былғары бұйымдарды жасау өнерде жүзеге асырылған ою-өрнек
Уақыттағы өнер түрлері: сөз өнері және музыка. Кеңістік-уақыттық өнер түрі: би өнері.
Домбра және қобыз қазақтардың неғұрлым кең тараған музыкалық аспаптары. Домбыра тартудың ерекшелігі – соло (бір адам орындайды). Орындаушылар: күйші, жыршы, сал, серi. Қазақ халқының жадысында сақталған есімдер – Кең-Бұга, Асан-Кайғы, Қарт-Ноғай, Байжігіт, Бежен, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Дина Нурпеисова және т.б. 
Казақ күйі домбырада орындалатын музыкалдық пьеса. Күй классикалық шығармалар мен импровизацияны орындау арқылы халықты оның тарихи түп-тамырларымен және дәстүрмен байланыстырады. Күй отбасының немесе қауымның той-жиындарында орындалады. Күйді орындаумен қатар аңыздар баяндалады.
Домбырада орындалған күй өнері қазақ халқының әлеуметтік ынты-мақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады және ұлттық бірегейлік сезімді қалыптастырады
«Сал» және «сері» – қазақ халқының рухани мәдениетін қолдаушылар және жеткізушілер. Олар еуропалық мемлекеттердегі «көшпелі жұлдыздар» - бард, трубадур, жонглер - сияқты дәл сондай рөлді ойнайды.
«Сері» – «салдың» жаңа типі. Бұл білімді және ақын, әнші, композитор, күйші, актердің алуантүрлі талантқа ие болған шығармашыл тұлғалар. Олар шебердің колымен тігілген әдемі қымбат киіммен, еркін мінез-құлқысымен ерекшеленетін. Сал өжет, жомарт жанды адам болатын. Сері шығармашыл тұлға ғана емес, сонымен бірге саясаткер, аңшы, мерген болатын. Халқымыздың мәдени жадысында Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейиткерей сері есімдері сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет