1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қанның қорғағыштық қызметі



бет11/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

14.Қанның қорғағыштық қызметі.
Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан келесі қызмет атқарады:
• асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
• бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
• тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
• регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
• қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
• терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қанның иммундық немесе қорғаныштық қасиеті оның қанды тромб түзу арқылы ұйыту(гемостаз) және сұйылту (фибринолиз) жатады.Бұл қасиеттер лейкоциттің түрлерінің қызметімен байланысты.
Фагоцитоз – бейарнамалы иммунитеттің бір түрі. Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бір жұтатын – микроциттер мен(нейтрофил) макроциттер.
Иммунитеттің клеткалық түрі: Клеткалық иммунитет лимфоциттермен және
фагоциттермен қамтамасыз етілетін, антиденелердің қатысуынсыз жүретін иммунитет түрі. Негізіне лимфоциттердің түрлері тимуста жетілетін Т-киллер, Т-хэлпер, Т-супрессор жатады. Т-киллер антигендерді жоятын клеткалар, Тхэлперлер антиденелерді бірінші танып, Ткиллерлердің түзілуіне қажет ферменттерді өндіретін клеткалар, ал Т-супрессорлар
иммундық қызмет артық болған жағдайда оны тежейтін клеткалар.
Иммунитеттің гуморалдық түрі гуморалды иммунитет, ағзаға түскен әрбір антигенге антидене түзілу арқалы қамтмасыз етіледі.Ол қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтардағы ақуыздар түрінде берілген.Оған вирустардың әрекетәне қарсы тұратын интерферон;комплименттік жүйені іске
қосатын қанның С-реактивті ақуызы,; антигендердің
қабырғаларын ерітетін лизоцим ферменті жатады.
Фагоцитоз – денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен
қорыту.Ол 3 сатылы:
1- миграция; Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
2- тану,қармау - бөгде затты танып, қармау кезеңі.Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да, бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады, осыдан кейін оны лейкоцит мембранасына жабыстырады. Кейін оны аяшаларымен қармап, протоплазмасына қарай тартады.
3- жұту,қорыту; Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптандыратын
Бактериоцидтік заттар(пероксидаза галоидтар J,Cl және т.б.),
вирустарға қарсы заттар- интерферондар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет