1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет12/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

15.Шартты рефлекс.
Жоғары дәрежедегі қызметтерге: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, шартты рефлекс.
Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.
Рефлекс түрлері:
• Шартты рефлекс – туа пайда болған, тұқым қуалайды, Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады.
• Шартсыз рефлекс – жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.
Шартты рефлекс:
• Шартты рефлекс шартсыз рефлекстің негізінде пайда болады
• Шартты тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі керек
• Шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуі мен ұштасуы керек.
Шартты рефлекстің жасалуында бірнеше кезеңдер болады:
• Генереализация кезеңі – ми қыртысында пайда болған қозудың таралуымен байланысты. Бір-біріне ұқсас шартты тітіркендіргіштерді айыра алмай, жалпы қорытындылау салдарынан оларға жауап береді.
• Арнаулы кезеңде сілекей тек дөңгелекке бөлінеді
• Көп рет қайталанатын шартты рефлекстер жатталып, автоматты түрде орындалады
Шартты рефлекс түрлері:
• Экстрорецепті рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
• Проприорецепті рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
• Интерорецепті рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.
Шартты рефлекстердің тежелуі:
• Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады.
• Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдайы өзгергенде туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет