16.Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, цитология және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда. Физиологияның заңдылықтары ағзалар мен ұлпалардың макро- және микроскопиялық құрылысына, сондай-ақ жасуша, ұлпа, ағзаларда өтетін биохимиялық және биофизикалық процестерге негізделген. Физиология анатомиядан, гистологиядан, цитологиядан, молекулярлы биологиядан, биохимиядан, биофизикадан және басқа да пәндерден алынған нақты мәліметтерді синтездеп, оларды организм жайлы бір бүтін жүйе іліміне айналдырады. Сонымен физиология пәні ғылым ретінде организмді және оның барлық элементтерін бір бүтін жүйе ретінде зерттеуге көмектеседі.
Физиология адам мен жануарлар ағзалары қызыметтерін біртұтас ғылым болғанымен, оны бірнеше бқлімге бөлуге болады. Физиология: жалпы және жеке, салыстырмалы және эволюциялық, арнайы болып бөлінеді.
Жалпы физиология – жалпы организмде жүретін процестердің табиғатын және қоршаған орта әсерлеріне организмнің реакциясын зерттейді
Жеке физиология -ұлпалардың (бұлшық ет, жүйке т.б.) жүйелердің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т.б.) қызметтерін қарастырады.
Салыстырмалы физиология -ағза қызметінің өзгеруі жалпы заңдылықтарын және себептерін анықтау мақсатында жануарлар арнасымен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді.
Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардағы физиологиялық қызметтердің онто- және филогенезде жалпы биологиялық заңдылықтары мен миханизмдерінің дамуы мен құрылуын зерттейді.
Арнайы физиология - организмнің қызметтерін заңдылықтарын, оның арнайы іс-әрекетіне, тәжірибелік дағдыларын немесе нақты мекеннің жағдайларына байланыстыра отырып оқытады.
Достарыңызбен бөлісу: |