Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген және прогестерон гормондарын бөледі.
Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың бұлшықеттеріне әсер етеді, әйел жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді, зат алмасуына әсер етеді.
Прогестерон сары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды, жатырдың жиырылуына кедергі жасайды.
26.Рецепторлардың түрлері
Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, дәм, және висцеральды.
Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:
Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.
2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді.
Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.
Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу (көру, есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін (дәм сезу, тері талдағыштары) талдағыштар.
Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.
Көру талдағышы
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |