1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Иіс анализаторлардың маңызы, құрылысы, қызметі



бет38/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

35.Иіс анализаторлардың маңызы, құрылысы, қызметі.
Иіс сезу анализаторларының рецепторлық клеткалары мұрын қуысының жоғары бөлігіндегі сілемейлі қабығында орналасқан. Одан иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігімен байланысады. Мұрын қуысы – жұп танау тесігінен басталады және олар бір-біріне жақын әрі төмен қарай бағытталған. Мұрын қуысында иіс сезу клеткалары да орналасады. Мұрын қуысының ішкі сілемейлі қабығын капилляр қантамырлары торлап жатады және ондағы кірпікшелі эпителий клеткалары үнемі сілемей бөліп, мұрын қуысын ылғалдап тұрады. Мұрын қуысындағы үш мұрын қалқаны (үстіңгі, ортаңғы, төменгі) мұрын қуысының жалпы бетін кеңейтіп тұрады.
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.
Бұл молекулалар мұрынның кілегейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысында болатын мидың иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.
Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.
36.Зат алмасу туралы түсінік. Ферменттердің маңызы.
Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиет.Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп,басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарына,көмірсулар глюкозаға, майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін энергия бөліп ыдырайды.Олар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі. Жасушаларда біздің организмімізге тән нәруыздар, майлар мен көмірсулар биосинтезінің химиялық реакциялары жүреді. Бұл биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінген энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен бірге бұрын синтезделген заттардың ыдырауы жүреді. Демек, бір процесс барысында энергия жұмсалады және жинақталады,ал келесі процесс барысында, керісінше энергия бөлінеді.

Осылай организм сыртқы ортадан оттек, органикалық заттар, минералды тұдар мен су алады. Сыртқы ортаға зат алмасудың соңғы өнімдерін:көмірқышқыл газын, су мен минералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ несепнәр (мочевина), зәр қышқылының тұздары мен басқа заттарды бөледі. Демек, организм мен сыртқы орта арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді, оның негізінде өзара тығыс байланысты, бір-бірінен ажырағысыз екі процесс жатыр. Бұл- пластикалық алмасу және энергетикалық алмасу.


Пластикалық алмасу- биосинтез реакцияларының жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері иен жасушаарлық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасушаның бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады.


Энергетикалық алмасу- жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс.


Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бір мезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді.


Қартайған кезде, керісінше, энергетикалық алмасу басымырақ жүре бастайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет