1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Бұлшық ет талшықтарының құрылымдық ерекшеліктері



бет46/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Бұлшық ет талшықтарының құрылымдық ерекшеліктері Миофибриллярлы аппараттың кұрылымы алғаш рет. А. Хансон мен Г.Хаксли мен талданған еді.Әpбip миофибриллада күңгірт және ақшыл түсті көлденең дискілері бар. Ол дискілердің бірдей емес сәуле сындырғыш қасиеті бар (анизотропты А –дискілері, изотропты J –дискілер). Әp6ip миофибрилланы агранулярлы эндоплазматикалық торша –саркоплазматикалық торшалардың ілмектері бiр –бipiмeн анастомоз құрып, қоршап жатады. Көршілес саркомерлер бәріне бірдей ортақ шекаралық құрылым-Z – сызықтары бар. Бұл –Z- сызығы а -актинин деген үлкен маңызы бар белокты фибриллярлы молекулалар торшаларынан құрылған.
Анизатропты А- дискі миозин жіпшелерінен, ал J- дискі (изотропты) протомиозин діңгегімен қоршалған актин жіпшесінен құралған. Мембрана J –дискісі арқылы өтіп, әр бip жіпшелерді бip-бipiмeн байланыстырады. А-дискісінің ортасында ақшыл келген Н- сызығы бар. Ал J –дискісінің ортасында күңгірт келген Z- сызығы бар. Осы сызық өте нәзік мембрана болып табылады, онын саңылауларынан миофибриллалар тесіп өтеді.
Ет талшығы құрылысы
Ет көптеген ұзын клеткалардан немесе ет талшықтарынан тұрады. Еттердің ең басты қасиеті – жиырылу жəне босаңсу.
– Ет қанмен жақсы қамтамасыз етілген.
– Ет жеке-жеке нерв талшықтары арқылы реттеледі.
Гистологиялық тұрғыдан қарастырсақ:
а) қаңқа еттері;
ə) бірыңғай салалы еттер;
б) жүрек еті сияқты үш типтен тұрады.
Ет талшығы көптеген миофибрилден тұрады. Осының нəтижесінде көлденең жолақты болып көрінеді. Əрбір миофибрилл: актин жəне мизин сияқты екі түрлі белоктық жіпшелерден тұрады. Миофибрилдердің арасында көптеген митохондриялар орналасқан. Ет талшығының цитоплазмасын саркоплазма деп атайды, оның ішін көптеген мембраналық торлар немесе саркоплазмалық торлар алып жатады. Ет талшықтарының көлденең жəне миофибрил-дердің арасында түтікше жүйесі немесе Т – жүйесі өтеді. Олар сарколеммамен байланысқан. Кейбір жерлерде (əсіресе, саркомерада) Т – жүйесі 2 саркоплазма торында цистер-насының арасында орналасады. Сондықтан да осы бір Т – түтікшеден жəне екі цистернадан тұратын кешенді триада немесе үштік деп атаймыз. Түтікшемен цистерналар бір- бірімен көлденең орналасқан көпіршелер арқылы байланысады.
Цистерналар Са++ ионын жинап жəне шығарып отырады. Соның нəтижесінде осы иондардың концентрациясы саркоплазмада кейде төмендеп, кейде жоғарылап отырады, сөйтіп АҮФазаның белсенділігін жоғарылату арқылы ет талшығының жиырылуына
əсер етеді. Қарақошқыл жəне ашық түсті жолақтардың ауысып отыруы І жəне А аймақтарының орналасуына байланысты (1-сурет). І аймағы Z деп белгіленіп, солғын сызық арқылы екіге бөлінген. Екі Z сызығының аралық бөлігін (миофибрилл) саркомера деп атайды. Осы екі Z сызығының екі жағына қарай актин жіпшесі таралады. Ал саркомераның ортасында миозин жіпшесі орналасқан. Саркомераның белгілі бір участогында актин жəне миозин жіпшелері бірін-бірі жауып тұрады. Осындай өзара бірін-бірі жауып орналасуының нəтижесінде саркомерада бірнеше жолақтың болуына əкеледі. Актин жіпшесі миозин жіпшесін жауып тұрған жерінде А дискісін немесе жолағын құрайды, ал сол кезде І дискі
немесе жолағы бар аймақта тек актин жіпшесі ғана болады. А дискінің ортасы ашық түсті оны Н аймағы деп атайды, өз кезегінде М сызығы арқылы миозинді екіге бөліп тастайды.
Миозин – жуан талшықтар. Миозин молекуласы екі бөліктен тұрады: ұзын таяқша тəрізді бөлігі «құйрығы» жəне біркелкі екі «басы». Миозин жіпшесіндегі миозин молекуласының орналасуына келсек, «басы» оның ұзына бойына орналасқан, тек орта шетінде ғана жоқ. Миозин басының бəрінде де АҮФазалық активтілік қасиеті бар. Актин – жіңішке талшықтар. Əрбір актин талшығы екі спиральдан тұратын актиннің молекуласынан түзілген, оның (G – актин) біреуінің бетіне екіншісі оралып орналасады. Актин молекуласының бүкіл комплексін F – актин деп (фибриллярлы актин) атайды. F ак-тиннің əрбір молекуласы мен АҮФ байланыста болады. Бірақ актинның ешқандай да түрінің АҮФазалық белсенділік қасиеті болмайды. Сонымен актин F – актиннен жəне екі көмекші белок – тропомиозин жəне тропониннен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет