67.Қалқанша безінің құрылысы, алып жатқан орны, гормондарының организмге әсері. Қалқанша бездің жұқа капсуласы бар және ол мойын фасцияларының (шандырларының) ортаңғы және терең жапырақшаларының арасында орналасады.
Без дәнекер тінді сыртқы және ішкі жапырақшалардан тұратын қапшықта орналасады. Қалқанша бездің капсуласының ішкі жапырақшасынан безге қарай бездікбөлікшелерге бөлетіндәнекер тін бар.
Микроскопиялық әр бөлікше 20-40фолликулдан тұрады, олар бір-бірімен борпылдақ дәнекертінмен бөлінген кубты эпителийден тұрады. Фолликулдар эпителийлік жасушалар бөлетін коллоидпен толтырылған және сыртынан капиллярлар торымен қапталған. Коллоид тирео-глобулиннен-йоды бар гликопротеидтен тұрады.
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет болжырап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады. Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүттену кезеңдерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.