1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Ішкі құлақ немесе сүйек лабиринті



бет76/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Ішкі құлақ немесе сүйек лабиринті самай сүйектің тасша бөлімінің ішінді жатады. Оның өзі бірінің ішінде бірі жаткан сүйекті және жарғақты лабиринттің лимфа сүйықгығы болады. Сүйекті лабиринттің құрылысы өте күрделі. Ол үш W бөліктен түзілген. Оның орталық бөлігін кіреберіс, алдыңғы жашн ұлу, ал артқы бөлігін иірім өзектері деп атаңыз. «Сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығына орналасқан. Пішіні сопақша келген кеністік. Кіреберістің сыртқы қабырғасы ортаңғы құлақтың ішкі қабырғасы. Кіреберістің бір жағынан ұлу, екінші жағынан үш иірімді өзектер ашылады. Бұл өзектер сүйекті лабиринтгің артқы жағын түзеді. Олар бір-біріне көлбеу жатқан үш түтіктен құралған. Оның алдыңғы түтігі үйек, артқы түтігі мандайалды, сыртқы түтігі көдценең жазыкгықга жата-ды. Олардың әркдйсысы жартылай келген шеңберге ұқсайды және қос аяқшасымен лабиринтгің кіреберіс бөлігіне ашылады. Олардың кеңістік жасаған аяқшаларын ампуласы, ал кеңеймеген аяқшаларын жай аяқшалар деп атайды. Алдыңғы және артқы иірімдердің жай аяқшалары бірігіп, жалпы аяқша түзіп, кіреберіске ашылады. Осыған байланысты кіреберісте алты емес, бес тесікше болады. Ұлу лабиринттін үшінші бөлімі. Бұл кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аякталады. Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Үлудың бірінші орамын негізгі, екінші орамын ортанғы бөлім, үшінші орамын үшы деп атайды. Иірімнің қуысында шиыршық пластинка жатады. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші шеті иірім қуысында бос жатып, ұлудың сырткы қабырғасына беткей тұрады. Осының нәтижесінде үлу куысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін кіреберіс сатысы, ал төменгі болігін дабыл сатысы деп атайды. Иірім ұшында бұл екі саты бірігіп кетеді. Кіреберіс сатысы кіреберістен басталса, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.


69.Ас қорыту мүшелері, олардың қызметін зерттеу әдістері.
Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады.
Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.
Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады.
Бұл сілекейдің құрамында амилаза, муцин, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Муцин астың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды.


Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды.


Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет