64.Су мен тұздар алмасу, олардың маңызы бала организміне қажеттілігі.
Су мен минералды тұздардың алмасуы.Адам организмінде органикалық қосылыстардаң алмасуымен қатар су мен минералды тұздардың алмасуы да жүреді.
Су организмде әртүрлі заттардың еріткіші рөлін атқарады. Ол дене массасының 60-65%-ын құрайды. Су жасушааралық сұйықтық, цитоплазма, қан плазмасы мен лимфа құрамына кіреді.Адам тамақ ішпей 40-50 күн, ал сусыз бірнеше күн ғана тіршілік ете алады. Қоректік заттардың ашішекте сіңірілуі, оларды жасушалардың ұлпа сұйықтығынан сіңіруі және жасушалардан алмасу өнімдерінің шыгарылуы тек еріген күйінде әрі судың қатысуымен жүзеге асады. Су организмдегі барлық биохимиялық реакцияларға қатысады. Ересек адамның суға деген тәуліктік қажеттілігі 1,5-2 л құрайды. Су организмге сусын ішкенде және тамақ құрамымен түседі. Организмнен су бүйрек, тер, өкпе арқылы шығарылады.
Минералды заттар организмде тұздар және олардың иондары түрінде болады. Олар зат алмасуға қатысады, жасушаға әртүрлі химиялық қосылыстардың түсуіне және олардың шығарылуына әсер етеді. Мысалы, йод қалқанша без гормонының, темір гемоглобин молекуласының құрамына кіреді және оттек пен көмірқышқыл газының тасымалдануына қатысады. Кальций және фосфор тұздары сүйек құрамына кіреді. Күкірт апен мырыш ұйқы безі гормондарының құрамында болады. Калий мен натрий жасуша мембранасының таңдап өткізу қабілетіне әсер етеді. Хлор тұз қышқылының құрамды бөлігі болып табылады және асқазан сөлінің құрамына кіреді. Адам денесіндегі минералды заттардың жалпы мөлшері, шамамен, 4,5% құрайды. Осы элементтердің барлығы организмге тамақ, су және ас тұзымен түседі. Темір көкөністер мен жемістерде, етте және жұмыртқа сарыуызыда көп. Темір жетіспегенде қаназдық дамиды. Йод өсімдіктекті өнімдерде, әсіресе теңіз қырыққабатында көп. Йод жетіспегенде, қалқанша без ауруы-зоб дамиды. Кальций көп мөлшерде сүтте, ірімшікте, жұмыртқада болады. Сонымен, минералды тұздар- энергия көзі емес және қоректік заттар болмаса да, олардың организм үшін маңызы зор. Балаларда минералды тұздар алмасуының бұзылуы олардың өсуі мен дамуының кешеуілдеуіне апарып соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |