1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Жыныс гормондары, олардың маңызы



бет24/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

25.Жыныс гормондары, олардың маңызы.
Организмде бездер көп, барлық бездер деп екі топқа бөледі.: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп.
Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі – тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады.
Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде гормондар бөледі.
Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді.
Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе батайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады.
Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет