Дəм сезу рецепторлары Кейбір балықтарда дəм сезу хеморецепторлары денесінің бет-
кейінде орналасқан. «Температура жəне ауруды сезу» рецепторлары сияқты.
Кейбір жəндіктердің дəм сезу рецепторлары мұртшаларында, аяғының табанында орналасқан. Бірақ та көптеген жер бетінде тіршілік етуші омыртқалыларда денесіндегі сезім рецепторлары жойылып кеткен тек ауыз қуысында ғана қалады. Дəм сезу нерв талшықтары тіл жəне жұтқыншақ талшықтарына, қысым, температура жəне ауырғанда сезетін рецепторларға байланысады. Мысалы, тілдің түбі – ащыны, ұшы – тəттіні, бүйір беткейі –
тұзды жəне қышқылды сезеді. Тұзды, дəмді сезіну Nа+ жəне К+ катиондары болады, ал металл еместердің катионы, мысалы, NН4+ тұздылықты сезуге əсер етеді. Сутегі ионы басқа катиондарға қарағанда қышқылды сезуге əсер етеді. Дəм сезу рецепторлары топ-топ болып «дəм сезу пиязшығында» (луковиц) орналасқан. Пішіні сопақша, ұзындығы 0,1 мм. Бір дəм сезу пиязшығында 10-15 клетка болады. Ол клеткалар бірнеше күн
ғана қызмет істейді. Клетка тұрақты түрде бөлініп жəне орталыққа қарай ауысып отырады.
Дені сау адамда 10000 жақын, балаларда көбірек, тауықта 24, ал акулада 100000 (денесінің барлық беткейінде орналасқан) дəм сезу пиязшақтар болады. Жер бетіндегі омыртқалыларда дəм сезу пиязшығы (вкус. луков.) тілдің бүрлерінде, таңдайында, көмекейде, жұтқыншақта орналасқан. Олардың көбісі «тіл жұтқыншақ нерв» арқылы сопақша мимен, ал кеңірдекте көмейдегі рецепторлар кезеген нервпен жалғасқан.
38.Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары бойымен қозудың өту ерекшеліктері.
Нерв талшықтары екі түрлі болады: біріншісі – жұмсақ немесе миелинделген, екіншісі –жұмсақ емес, миелинделмеген. Миелинделген сезгіш жəне қозғалғыш талшықтар сезім мүшелеріне жəне қаңқа еттерін реттеуші нервтерінің құрамында болады. Олар вегетативтік нерв жүйесінде де кездеседі. Миелинделмеген талшықтар көптеген омыртқалы жануарларда симпатикалық нерв жүйесінде болады.
Миелинделген нерв талшықтарының құрылысына тоқталатын болсақ, ол ең басты остік цилиндрден жəне оны қаптап тұратын миелин қабатынан тұрады. Остік цилиндрдің сыртқы беті плазматикалы мембранадан тұрады, оның ішіндегі бөлігі аксоплазма, жіңішке (диаметрі 10-40) нейрофибрилдер, араларында митохондрия жəне микросомалар орналасқан. Нерв талшығының диаметрі 0,5-тен 25 мкм арасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |