37.Дәм анализаторлардың маңызы, құрылысы, қызметі. Дәм сезу анализаторының рецепторлық бөлімі ауыз қуысындағы мүшелердің дәм сезу клеткаларымен тығыз байланысты. Ондай клеткалар негізінен тілде орналасқан саңырауқұлақ, жапырақ және науа тәрізді дәм сезу бүртіктерімен байланысады. Жекеленген дәм сезу бүртіктері жұмсақ таңдайда, кейбір бадамша бездерде, жұтқыншақ пен көмекей қақпағының сілемейлі қабықтарында да орналасқан.
Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы – тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл – тілдің шетімен және көмеймен сезіледі. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы болады.Олардың әрбірнуі 8-12 қабылдағыш және тірек
жасушаларынан тұрады. Дәм баданалары тіл емізікшелерінде орналасады.Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді,ұзындығы мен ені шамамен 70мкм, төбесінде тесігі болады.
Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан. Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кезкелген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.
Дәм сезу механизмі Дәм сезу процесі сілекейде еріген химиялық заттардың дәм саңылау арқылы дәм торшаларының микротүтіктеріне әсер етуінен басталады. Одан әрі күрделі биохимиялық және биоэлектрлік процестер жүреді де, дәм торшаларының рецепторлары қозады, Пайда болған импульстар дәм рецепторларынан үш тармақ, тіл-көмекей, кезеген және бет жүйке нервтері арқылы сопақша мидағы алғашқы дәм орталығына беріледі. Ол жерде екінші нейрон аксондары өзара қилысқаннан кейін таламустың доға тәрізді ядроларына, одан әрі
үлкен жарты шар қыртысына беріледі. Дәм сезу анализаторының жоғарғы бөлімі соматосенсорлық қыртыстың төменгі бөлігінде орналасады. Соңғы кезге дейін дәмнің төрт түрі- ащы, тұзды, қышқыл және тәтгі болады деп санаған. Кейінгі жылдары дәмнің бесінші түрі- су дәмі қосылды. Оған негіз — тіл рецепторлары, кәдімгі ауыз су дәмін сезінгенде, қозу импульстары орталыққа арнаулы нерв талшықтары арқылы хабарланады. Қышқыл дәмді сутегінің — иондары, түзды дәмді -кейбір тұздар, ал ащы мен тәтті дәмді- әртүрлі құрылымды заттар тудырады. Бір дәм жуашығы тек ащы дәмді, екіншісі -тұзды дәмді, үшіншісі- қышқылды, төртіншісі тәттіні қабылдауға бейімделген.