Нерв арқылы қозуды өткізу заңдылықтары
1) Талшықтың анатомиялық жəне физиологиялық бүтіндігі (үздіксіздігі):
а) қозудың таралуы нерв талшығының анатомиялық бүтіндігіне байланысты. Кесілгенде немесе мембрананың беткейі зақымдалғанда қозу өтпейді;
ə) физиологиялық үздіксіздігі улы зат тетродотоксин мен жергілікті анестетикалық наркоз беруге немесе қатты суыққа шалдыққанда, т.б. мембрананың бетіндегі натрий каналдарының жабылуынан немесе калий ионының əсерінен көп уақыт мембранадағы деполяризациялану үдерісі механикалық жарақаттарға байланысты.
2) Екі жақты өткізгіштік. Нерв талшығын тітіркендіргенде қозу центрге тепкіштік жəне центрден тепкіштік бағытқа қарай таралады. Оны мынадай тəжірибе арқылы дəлелдеуге болады. Қозғалғыш немесе сезгіш нерв талшығына екі жұп электротты
екі электр тогын өлшейтін А жəне Б аспаптары арқылы осы екі электродтың арасынан тітіркендіргенде, аспап қозуды екі электродтың астынан өткен импульстарды тіркейді. Біреуі А, екіншісі Б электрод астынан өтеді. Табиғи жағдайда нерв клеткасындағы əрекет потенциалы денесінің өсіндіге өтетін жерінде (алғашқы сег-
мент деп аталады) болады. Ал бастапқы сегменттен əрекет потенциалы екі жаққа таралады, аксонда нерв талшығының ұштарына қарай, клетка денесінде дендрит өсінділеріне қарай бағытталады.
3) Энерциялық нервтерде импульстер əрбір талшықтармен жеке, оқшауланып өтеді, басқаша айтқанда, бір талшықтан екінші талшыққа ауысқанда тек қана осы нерв талшығының ұшымен түйіскен жеріндегі клеткаларға ғана əсер етеді.
Оның маңызы зор, себебі кез келген периэфериялық нерв бағанасында көптеген нерв талшықтары болады: қозғалғыш, сезгіш жəне вегетативтік əртүрлі тканьдер мен мүшелерді, кейде бір-бірінен сондай қашықта тұратын мүшелерді де реттейді. Мысалы, кезеген нерв көкірек қуысындағы барлық мүшелерді, құрсақ қуысындағы мүшелердің көпшілігін, ал құйымшақ нерві – барлық еттерді, сүйек аппараттарын, төменгі иық белдеуінің тамырлары мен терісін реттеп отырады.
Нерв импульсінің жекеленіп, оңашаланып өткізілуі кезінде клетка аралық саңылаулардағы сұйықтықтың кедергісі нерв талшығы мембранасының кедергісінен біршама төмен болады. Сондықтан да қозған мембрананың арасындағы жəне тыныштық күйдегі мембрана арасында пайда болған қозу клетка аралық саңылаулар арқылы өтіп, көрші талшықтарға кірмейді
Достарыңызбен бөлісу: |