24. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. Репарацияның ферменттік жүйесі.
Репарация- өзгерген (мутацияға ұшыраған) ДНҚ молекуласы құрылымының қалпына келуі
Жарықтық репарация немесе
фотореактивация;
Қараңғылық репарация немесе эксцизиялық
Репарация;
МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ;
Рекомбинационная репарация;
SOS-РЕПАРАЦИЯ.
25. Репарация.Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация.
Эксцизиалық репарацияның этаптары:
ДНҚ зақымданған жерін эндонуклеаза табады; Бұл бөлік экзонуклеазаның
көмегімен кесіліп алынады; Полимеразалардың көмегімен жаңа тізбектің матрицалық синтезі жүреді; Полинуклеотид – лигаза ферментінің әсерінен түзілген тізбек байланысады.
26. Репарация. Пострепликативтік репарация.
Пострепликативтік репарация Зақымдалу өте көп болса немесе репликацияның алдында ғана пайда болса, немесе эксцизиялық репарациямен
түзелмеген болса(мысалы, ДНҚ тізбектерінің бірібірімен тігісіп қалуы) пострепликативтік репарация жүреді. Репарацияның бұл типі эукариоттарда маңызды рөл атқарады, репликацияның қатемен болса да
жүруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ДНҚрекомбинациалық репарациясы.
27. Репарация. SOS-репарациясы.
SOS-РЕПАРАЦИЯ
Бұл репарация зақымданған жасушаны жойылудан сақтайды, сондықтан SOS-репарация деп аталған.
Бірақ SOS-репарацияның дәлдігі төмен.Ол индуцебельдік процес, ДНҚ молекуласының өзгерген матрицада болса да репликациялану қажеттігінен жүреді. ДНҚ синтезі көптеген қателері бар матрицада жүреді. Мұндай қателері
болғанымен репликацияның жүруі, жасушаның тіршілігіне аса қажетті қызметі бұзылмаса, оның өмірі жалғасады.
28. Репарация. Фотореактивация немесе жарықтық репарация.
Жарықтық РЕПАРАЦИЯ
Бұл репарации кезінде бастапқы ДНҚ құрылымы тікелей қалпына келеді,
өзгерген учаскелері түзеледі. Мысалы, пиримидиндік димерлердің
фотореактивация. Фотолиаза ферментінің қатысуымен жүреді, көзге көрінетін күн сәулелернің әсерінен фотолиаза ферменті активтелінеді. Димерлерді табады, олармен байланысып, қалпына келтіреді.
Нәруыздар биосинтезі – бұл тірі организмдердежүретін нәруыздардың синтезі мен жетілуінің көп кезеңнен тұратынүдерісі.
2. Транскрипция– РНҚ-ныңматрицалық тізбегініңсинтезі.
3.Трансляция- аминқышқылдарынан полипептидтіктізбектіңсинтезделуі, рибосомалардапайда болады.
4. Фолдинг- полипептидтік тізбектіңпосттрансляциялық модификациясы
5. Экзон- кодтаушыбірізділіктер
6. Интрон- кодтамайтын бірізділіктер
7.Генетикалық код– бұл нәруыздағы амин қышқылдарының орналасу реттілігі ту- ралы ақпараттыжазу жүйесі, ол құрамында 4 азоттық негіздіңбіреуі болатын нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтік қалдықтардың орналасу реттілігі арқылы жүзегеасырылады.
8.Нәруыздар (протеиндер,полипептидтер)–амин қышқылдарынан тұратын жоғарымолекулалық органикалық қосылыстар
9. Денатурация–нәруыз молекуласының табиғи құрылымының өзгеруі 10.Ренатурация–нәруызқұрылымының қалпына келуі, бұл молекуланың бірінші реттік құрылымы бұзылмағанкезде және ортаныңқалыпты жағдайы қалпына келген кезде жүзегеасады.
1.Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпараты бар ДНҚ бөлігі.
2.Геном – бір түрге жататын организмнің гаплоидтық хромосомалар жиынтығындағы тұқымқуалаушылық материалдың толық жиынтығы.
3.Кариотип – бір түрге жататын организмнің сомалық жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық.
4.Цистрон – бір полипептид тізбегін кодтайтын ДНҚ-ның бөлігі.
5.Гетерохроматин – тығыз ширатылған және сондықтан хромосоманың функционалды активсіз аймақтары. Олар базофильді бояулармен анық боялады.
6.Эухроматин – функционалды активті, әлсіз ширатылған және бояуды нашар сіңіретін хромосоманың аймақтары, олар гетерохроматиндердің арасында орналасады.
7.Идиограмма – бұл хромосомалардың көлемдерінің кішіреюі бойынша орналасатын жүйеленген кариотип.
8.Анеуплоидия – хромосома жиынтығының қалыпты жиынтықтан бір немесе бірнеше хромосома болмауымен немесе қосымша көшірмелерінің болуымен көрінетін өзгерісі.
9.Полиплоидия – 3 немесе одан да көп хромосомалық жиынтық болатын жасуша (тін немесе организм).
10. Мутация – тұқым қуалайтын құрылымдардағы (ДНҚ, ген, хромосома, геном) өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |