1 глоссарий аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Аудит


Тақырып 2. ҚР-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе



бет3/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#134287
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 2. ҚР-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе
Дәріс сабағының мазмұны:

1. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары.

2. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер.

3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР-дағы аудиторлық қызметті лицензиялау.

4. Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі

5. Аудиттің халықаралық стандарты



6. Кәсіби этикалық кодексі
1. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары.

"Аудиторлық қызмет көрсету" ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз "бейүкіметтік", қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын жєне өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 % болуға тиіс.

Аудиторлардың республикалық жєне территориялық палаталары аудит порцедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса мањызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы Министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кењесініњ № 60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы Министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен "Қазақстанаудит" атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигі-зеді.

ҚР "Аудиторлық қызметтер туралы" заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық – құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялыќ ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

-шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;

-біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;

-акционерлік қоғамдар мен компаниялар;

-шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;

- жеке - дара аудит және кеңес беру.

Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін "үлкен бестік" деп аталатын: "КПМГ", "Делойт Энд Туш", "Артур Андерсен", "Эрнст энд Янг", "Прайс Уотерхаус Куперс" шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға жєне халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. "Үлкен бестік" мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. "Үлкен бестіктердің" барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы - банк мекемелері жатады.

Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен ("үлкен бестіктен" басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ "БДО Қазақстанаудит"-ті жатқызуға болады. Ол 2004 жылдың сәуір айында "ВДО ІNTERNATIONAL" деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудитор-лық ассоциациясына толыққанды мүше боп кіреді.

1963 жылы негізі қаланған "ВДО ІNTERNATIONAL" 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2004 жылдың басында "Артур Андерсон" атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация "үлкен бестіктің" құрамына кірді.

Үшінші тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру формасының төртінші типі - құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын жєне икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК "Центраудит-Казахстан", ЖШС "Ержановтар жєне К", ЖШС "Ай-аудит" және т .б. жатқызуға болады.

Ұйымдастыру формасының бесінші типі - жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби - кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын жєне ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.



2. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер.

Аудит жұмысының құқылығы аудит заңына және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы" заңы шықты. Сонымен аудит жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз, дербес қаржылық бақылау саласы құрылып, оның негізі мақсаты мен міндеті мемлекет және жеке меншіктегі кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің мүддесі көлеміңде барлық шаруашылық субъектілері үшін меншіктік түріне қарамастан бірдей құқылы.

Шаруашылық субъектісі деп әр түрлі меншіктегі ұйымдастыру тұрғысынан дербес құқылы өндіріс, сауда, коммерция, бизнес бірлестіктерін немесе басқадай мекемелерді айтады. Оған банктер, ассоциациялар, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, биржа бірлестіктері тағы баска көптеген кәсіпкершілік жасаушы құрылымдар жатады. Соның ішінде аудитор фирмалары немесе жеке аудитор жұмысы да жатады.

«Аудиторлық қызмет туралы» заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастардыреттейді. Ол 6-тармақтан және 25 баптан тұрады.

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).

5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).

6-тармақ. Аудиттелетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Нормативтік- құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.

Аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік- құқықтық құжаттарға келесілер жатады:


  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;

  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңы;

  • ҚР қылмыстық кодексі;

  • ҚР азаматтық кодексі;

  • «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы;

  • ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;

  • Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары;

  • «ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік емес мекеме -Біліктілік комиссиясы туралы» Ереже;

  • «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі туралы» Ереже және т.б.


3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР-дағы аудиторлық қызметті лицензиялау.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 ж. 29-маусымындағы қаулысымен аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібімен шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын талаптар квалификациялық талаптар белгіленді.

ҚР Ұлттық банкі Басқармасының №384 27.10.2003 ж. қаулысымен өтініш берушіге және банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге лицензия беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар бекітілді.

Мемлекеттік емес мекеме- аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның ҚР аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетлген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын – аудитордың аумақтық палаталары. Ережеде Біліктілік комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері, құқықтары мен міндеттері және жұмыс істеу тәртібі анықталған.

Аттестациялау деп - өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Бұл құжатта төмендегілер анықталған:


  • аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау тәртібі;

  • модульдық емтихан тапсырмаларына қойылатыннегізгі талаптар;

  • ұйымдастыру және бағалау топтары;

  • аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;

  • аттестация нәтижелерін рәсімдеу;

  • аттестацияның өткізілуіне жауапкершілік және бақылау жасау.

"Аудиторларды аттестациядан өткізу" аудитор боламын деген талапкерлер аттестациядан өту үшін оның жоғарғы білімі болу керек, өз мамандығы (бухгалтер, тексеруші) бойынша тиянақты жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Осы көрсетілген талаптарға сай келетін талапкерлер емтихан тапсыруы керек. Қазір Қазақстан Республикасында арнайы аудитор дайындауға кұқық оқу орындары 2-4 ай мерзімінде оқытып дайындайды. Бұл жұмысты ұйымдастыру, бақылау жүргізу міндетін Республикалық Қаржы Министрілігінің жанынан ашылған "Біліктілік Комиссиясы" атқарады. Оку бітірген аудиторга талапкерлер "Біліктілік комиссиясының" басшылығымен жүргізілген комиссияға емтихан тапсырғаннан кейін аудитор куәлігін (лицензия) алады, ол бес жылдық мерзімге беріледі. Қалыптасқан тәртіп бойынша аудиторға талапкерлер "Біліктілік комиссиясында" арнайы тіркеуге алынады, сол тіркеу номерімен белгіленген аудитор куәлігін және атына жасалған "мөр" алады.
4. Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі.

Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады. Аудиттің стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясынын үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның, міндеті мен мақсатын орындайды.



Аудиттің стандарты және нормативтері деп "аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды" айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор қортындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. Өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді: 1) жалпы стандарттар; 2) жұмыс стандарты; 3) ақпарат стандарты. Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.

Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды. Аудиторға жалпы стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер: мамандық; қызметкерлік; дербес тәуелсіздігі мен объективтігі; аудит қызметіне дайындық деңгейі, мәлімет жинау; ақпарат жасау; қызмет көрсету барысында түсініктеме беру.

Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі - ол дербес тәуелсіздігі. Аудитор өз қызметін белгілеген бағдарламасы бойынша жүргізеді, оның тәуелсіздігі аудит қызметі заңының талабына сәйкес жоғарыда айтылған аудит принциптеріне негізделген, аудит әдістеріне сәйкес өз құқысына сүйене отырып аудиторлық тексеру жүргізеді. Сондықтан да ешкім, ешқандай мемлекет құрылымы аудит фирмасына өз тарапынан заңсыз немесе қысымшылық жолымен аудитор шешімін өзгертуге, аудитордың қызметіне немесе оның аудитор қорытындысына ешқандай әсер ете алмайды.



Жұмыс стандарты. Жұмыс стандарты дегеніміз ол - аудит қызметін жүргізу үшін дайындалган ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, ағымдағы бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі, ішкі бақылау жұмысына баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты - оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына қажет әдіс жолын аныктайтын аудит құралы.

Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол - қорытынды жасау, немесе ақпарат стандарты. Шаруашылық субъектілерінің, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерциялық әйтеуір кәсіпкерлік шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уакытқа сәйкес (айлық, тоқсандық, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Бұл процесс өте күрделі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ оның кәсіпкершілік қорытындысында қанша өнім шығарғаны, қанша өнім сатқаны, қанша табыс тапқаны, қанша өндірістік шығын болғаны, қанша коммерциялық шығын болғаны тағы сол сияқты болып жатқан шаруашылық нәтижесінің көрсеткіштері бір жүйеге келтіріліп ақпаратқа тіркеледі. Ақпарат стандарты мазмұны жағынан аудит қызметінін қорытындысын жасауға арналған ереже-нұсқау. Онда ақпараттың мазмұны, мәліметтерді жүйелеу тәртібі, аудит материалдарын тапсыру тәртібі, аудиторлық қорытындының мазмұны анықталған.

Шаруашылық субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес аудитор ақпараты бірнеше түрде төменде келтірілген түрде жасалынады: тұжырымдау - аудит қорытындысын жасау үшін аудит қызметінің материалдарының ақпараты, қаржы ақпараты; аудитор қорытындысын жасау үшін кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштерінің ақпараты; кәсіпорын басшысына хат; кәсіпорын басшысына жазбаша түрде берілетін ескертулер, кемшіліктер туралы мәлімет. Ақпарат стандартының негізгі мақсаты бухгалтерлік есепте, есеп кестелерінде, бухгалтерлік ақпараттарда жіберілген кемшіліктерге, қателерге, болған заң бұзушылыққа, ішкі бақылауда жіберілген кемшіліктерге, қателерге түсініктеме беру. Аудитордың міндеті - нақты жіберілген қателерді, қылмыскершілікті анықтап, соны түзету жолдарын жүйелі түрде түсіндіру, оз ойын тұжырымдап нақты қорытынды беру.

Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз, әділ мазмұнды тапсырушылар өз жұмысында басшылыққа пайдалануға жарайтын мағыналы болуы қажет.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасыңда аудиторлар палатасының арнайы комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отырып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазакстан Рсспубликасының ұлттық аудит стандартын дайындады. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылган 28 ұлттық стандарттың 12-сі қабылданды. Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды:

1.Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері.

2.Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме).

3.Аудит қызметін сапасын бақылау.

4.Құжаттау.

5.Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы.

6.Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандығы заңдылықты және нормативтік тәртіпті сақтауы.

7.Ақпарат-жоспар.

8.Тапсырушының кәсіпкерлігін білу.

9. Ішкі бақылау және күдіктілікті бағалау.

10.Аудитор дәлелділігі.

11.Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық.

12.Кәсіпорын басшысына берілетін мәлімет.

Қабылданған "Қазақстан Республикасындагы аудиторлық қызмет туралы" заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттары еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсерін тигізетіні сөзсіз.


5. Аудиттің халықаралық стандарты.

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдері қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) бар.

ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымының құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. Халықаралық аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсі билігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келсе де, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.

1948 жылы Америалық алқалы бухгалтерлер институты «Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары» деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС-та олар өз көрінісін тапты.

Жыл сайын бұл жүйе жаңартылып отырады. Оларды тереңдетіп жаңғырту (модернизациялау) 1994 жылы болды, содан бері жаңартулар тек жекелеген формулаларын, сілтемелерін және т.б. нақтылай түсу деңгейіне жүргізіліп келеді.

Кейбір мемлекеттер (Австралия, Бразиилия, Ресейде, Үндістанда, Голландияда) ХАС-ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер (Кипр, Малайзия, Норвегия, Фиджи, Шри-Ланка) ХАС-ты ұлттық ретінде қабылдайды.

Өздерінің ұлттық аудит стандарттары бар әлдеқайда дамыған мемлекеттер (Канада, Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Швеция т.с.с.) ХАС-ты жай ғана мәлімет үшін қабылдап және кейбір іс-тәжірибелерде қолданады.

2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында «Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттар» қарастырылып, қабылданды.

«Қазақстандағы ХАС» атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясы мен «Евразия» аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудиторлар палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай «Аудиторлық қызмет туралы» заңның бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС-қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ-тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі Халықаралық Комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары мен ілеспе қызметті көрсету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарды. 1994 жылдың шілдесінен бастап Халықаралық аудит стандарттарының кодификациясы өзгертілді, яғни екі мәндіден үш мәнді белгілеуге көшу жүзеге асырылды. Егер ескі кодификацияда 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткенннен кейін олардың жалпы саны 2005 ж. басында 50-ге жетті, оның ішінде олардың 38-і ХАС-қа, ал 12-сі халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе бойынрша ережеге (ХАІЕ) негізделді.

Халықаралық аудит стандарттарының (ХАС) негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.

Бірінші бөлім «Кіріспе аспектілері» №100-199 құжаттарына қосылды.

ХАС 100 Сенімділікті қарастыратын тапсырмалар – бұл әр түрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойынша қалыптасатын қорытындыларымен аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.

ХАС 110 Терминдердің глоссарийі ХАС және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.

ХАС 120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі. ХАС-тың жалпы құрылымы суреттелген және аудиттің ілеспе қызметінің жіктелімі келтірілген.

Екінші бөлім «Жауапкершілік»-ке 200-299 стандарттары кіреді.

ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсат пен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулер көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондай-ақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.

ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін құжаттық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмұны мен формасы келтірілген. Ол жұмыс мөлшері мен жауапкершілік шараларын, есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы анықтайды.

ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі. Стандарттардың қосымшасында бақылау сапасы рәсімдерінің үлгілері келтіріледі.

ХАС 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс құжаттарының тиістілігі мен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.

ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі – «өтірік» және «қате» ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда болатын материалдық үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлау керек. Өтіріктер немесе қателіктер туралы куәләндыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады. Стандарттардың қосымшасында өтірік немесе қателіктердің тәуекелділігін арттыратын жағдайлар немесе оқиғаларға мысалдар келтірілген.

ХАС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан ауытқымау мен бұлжытпай сақтаудағы аудитордың және тексерілетін ұйымдардың жауапкершілік деңгейлері анықталған.

ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау – тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.

«Жоспарлау» (300-399) деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт келтірілген: ХАС 300 – Жоспарлау, ХАС 310 – Бизнес білімі, ХАС 320 – Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудитордың түсіну маңыздылығы, аудиттегі елеулілік тұжырымдамасының баяндалуы, елеулілік пен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардың нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сипатталады.

Төртінші бөлім «Ішкі бақылау» (400-499).

ХАС 400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау. Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған.

ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қажет қосымша рәсімдер ашып көрсетілген.

ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланылатын субъектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген.

Бесінші бөлімге «Аудиторлық дәлелдер» 500-599 стандарттары кіреді.

ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер – аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

ХАС 501 «Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау». Құндылықтарды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есепшоттарын және талаптар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.

ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.

ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.

ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудитордың зерделеу мәселелері қарастырылады.

ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателікті экстрапоциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.

ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.

ХАС 550 Байланыстырылған талаптар. өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.

ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе есеп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.

ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күманданатын жағдай сипатталады.


6. Кәсіби этикалық кодексі.

Аудит қызметінің негізгі мақсаты - ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы - нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзкарасы да ерекше орын алады.

Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.

Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол - жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: "мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы онда нақты мамандық проблемаларына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексінде нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарга қойылатын этикалык, талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды". Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән.

Батыс елдерінде этика мәселесінің шешімі арнайы мамандар этикасының кодексімен қарастырылған. Онда аудитор этикасынын құрамы, оларға қойылатын этикалық талаптар атап көрсетілген. Осындай мамандар этикалық кодексінің бірі ол -Ұлыбритания елінде қалыптасқан. Онда ең алдымен аудиторға қойылатын талаптар: адалдық, дербестік және объекттивтік қасиеттер.

Аудитор өз жұмысында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қарап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.

Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.

Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тәуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол - аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.

Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол - соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек.

Ұлыбритания елінің аудит этикасы кодексінде қойылған қатал талаптың бірі ол - конфеденциалдық принципті сақтау.



Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыға хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек.

Еуропа этикасының кодексінде тағы бір ерекше орын алатын нәрсе олардың өзара қарым қатынасы. Ол елдердегі аудит фирмаларының үлкен бәсекелестігіне қарамастан олар өзара сынаушылық немесе сыйласпаушылыққа бармайды. Мүмкіншілігінше бір-біріне көмектесу жолымен аудит жұмысын жүргізеді.

Американың дипломды бухгалтерлер қоғамының институты 1988 жылы жаңа вариантпен аудитор мамандарының тәртібі кодексін қабылдады. Оның алты түрлі қарастырылған анықтамасы аудитор мамадарының этикасын дәріптейді. Оларға жататындар: дипломды бухгалтерлер қоғамының институт мүшесі, аудиторлар міңдетті түрде жоғарғы деңгейдегі маман және моралді болуы кажет; қоғам мүддесі, аудитор өз мойнына қоғамдық мүддені алып, соны актау үшін қайта жоғары білгірлігін танытуы керек; адалдық, қоғамның сенімін ақтау үшін аудиторлар адал қызмет істеп өзінін білгір маман екенін көрсетуі қажет; тәуелсіздігі және объективтілігі.

Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар:

адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.

Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалды. Олар өз кезегінде әділетті эксперт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті.

Американың дипломды бухгалтерлер қоғамының институты 1988 жылы жаңа вариантпен аудитор мамандарының тәртібі кодексін қабылдады. Оның алты түрлі қарастырылған анықтамасы аудитор мамандарының этикасын дәріптейді. Оларға жататындар:


  1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

  2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

  3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

  4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні (яғни, табиғи мінез құлығымен) бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

  5. Тиісті (жете ынта-ықылас аудару). Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарлату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

  6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

А. Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.

Тәуелсіздік мына жағдайда бұзылады. Егер аудитор:



  • Клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;

  • Таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;

  • Компаниядан несие алса немесе берсе;

  • Тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;

  • Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;

  • Компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;

  • Егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;

Ә. Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзіретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

Г. Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиісті.

Аудитор этикасын дайындауы, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар: адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфеденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет.

Аудитордың алдына қойылатын талап-міндеттер:


  • Біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;

  • Шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың, қоғамға қажетті өнімді көбейтуге іскерлікпен көмектесу;

  • Тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу;

  • Ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы қатынаста болу;

  • Өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру;

  • Келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға не жатады?

2.Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз не?

3.Аттестациялау деген не?

4.Қазақстан республикасында «Аудиторлық қызмет туралы» алғашқы заң қашан шықты?

5.Аудит стандарттары деген не?

6.Аудиттің қандай стандарттары бар?

7.Жұмыс стандарттары дегеніміз не?

8.Қазақстандық аудит стандарттарын атаңыз.

9.Аудиторлардың мамандық этикасы дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет