1. глоссарий бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Бухгалтерлік шоттар


Ұйымдардың алғашқы мағлұматтарын енгізу



бет4/7
Дата26.06.2016
өлшемі2.54 Mb.
#159373
1   2   3   4   5   6   7

1. Ұйымдардың алғашқы мағлұматтарын енгізу


2. Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспары

3. Мекеме туралы мағлұмат беру


Ұйымдардың алғашқы мағлұматтарын енгізу


«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-ді бірінші қосқан кезде ақпараттық базаның алғашқы толтырылуы автоматты түрде орындалады.

Конфигурациямен жұмыс істегенде бірінші этапында ұйымдар туралы мәліметтерді, олардың құрылымын және солармен байланысты ақпараттарды бейнелеуді, яғни – бөлімше, жауапты тұлғалар туралы мағлұматтар және т.б. енгізу керек. Ұйымдар туралы мағлұматтар «Кәсіпорын»-«Ұйымдар» меню көмегімен ашуға болатын «Ұйымдар» анықтамасында енгізіледі.

Әрбір ұйымдар үшін қысқа және толық атаулар және ұйымдардың басқа да мағлұматтарын, яғни ұйымдар шоттарын, контактілі ақпараттарын және т.б. көрсету қажет. Конфигурациямен әріқарай жұмыс істеуде мағлұматтар құжаттарда эәне есеп беру қалыптарында автоматты түрде қойылатын болады.

Бірінші кезекте ұйымдардың түрін таңдау керек – заңды немесе жеке тұлға, және барлық қажетті реквизиттерін толтыру керек.

Кәсіпорын заңды да және жеке де тұлға болатын бірнеше ұйымдардан тұруы мүмкін. ұйымдардың біреуі басқаларына басты болып табылуы мүмкін. Өзара есеп айырысу әрбір ұйымдар аттарынан жеке жүргізіледі. Есеп беру кәсіпорынға кіретін әрбәр ұйым бойынша жеке де, және тұтас кәсіпорын бойынша да жүргізуге болады.

Мысалы, кәсіпорын «Авто-Альянс» және «Авто-Центр» ЖШҚ ұйымдарынан тұрады. ЖШҚ «Лито-Альянс» ЖШҚ «Авто-Центр» үшін басты кәсіпорын болып табылады. Мұндай ақпаратты орнату үшін ЖШҚ «Авто-Центр» ұйымының карточкасында «басты ұйым» өрісінде ЖШҚ «Авто-Альянс» ұйымын таңдау керек. Келешекте бұл кәсіпорын бойынша тұтас есеп беруді жинақтауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды мүмкіндіктері бойынша ұйымдарға конфигурациялы түрде бөлу үшін префикс қарастырылған. Сондай-ақ префикс арқасында белгіленген префикске сәйкес құжаттарды жекелей нөмірлеу қарастырылды. Мысалы, ЖШҚ «Авто-Альянс» бойынша құжаттар префиксі АА -; ал ЖШҚ «Авто-Центр » бойынша АЦ -.

Мұндағы құжаттауда, ЖШҚ «Авто-Альянсқа» байланысты құжат нөмірі алдында АА- болады

Сондай-ақ, мысалға «Кіріс кассалық ордер» құжатында ЖШҚ «Авто-Альянс» ұйымының нөмірі келесідей болады: АА – 00001. Ал ЖШҚ «Авто-Центр» құжатынна тиесілі нөмірдің алдында АЦ- жазылады. Мысалы, «Кіріс кассалық ордер» құжатындағы ЖШҚ «Авто-Центр» нөмірінің басында АЦ-00001 нөмір жазылады. Осылайша әрбір ұйым бойынша нөмірлік құжаттау сақталады.

Ұйымдардың бірі «Установить основной» пернесі арқылы құралдар тақтасындағы ұйымның анықтамалық тізімі негізгі болып табылады.

Маңызды қайта құрылған ақпараттық база «Біздің ұйым» атты негізі болып құрылған бір ұйымды құрайтын болады.

Келесіде бөлімшелері жөніндегі мәліметтерді енгізу керек. Оларды келесідей енгізеді: «Предприятие – Подразделения организации».

Ұйымның жауапты жұмыскерлері туралы мәліметтерді «Предприятие» - «Ответственные лица организации». Жауапты тұлғалар ретінде жетекшілер, бас бухгалтер және т.б. енгізуге болады, бұлар шаруашылық операцияларды тіркеуде қолданылады.

Есептік саясат туралы енгізу мәліметтері

Есептік саясат туралы мәліметтер конфигурациясы үш түрге бөлінеді:

- Есептік саясат (бухгалтерлік есеп);

- Есептік саясат (салықтық есеп);

- Есептік саясат (қызметкерлер бойынша).

Есептік саясат (бухгалтерлік есеп).

Бухгалтерлік есепті есептік саясат туралы мәліметтер «Учетная политика» (Бухгалтерский учет) регистірінде сақталынады, және оларды келесідей алуға болады: «Предприятие»-«Учетная политика»- «Учетная политика» (Бухгалтерский учет).

Есептік саясаттың құрылысында сәйкес келетін параметрлер мәндері іске асады.

«Способ расчета себестоимости производства» атты параметр мәндерінің құрылысы келесіде қарастырылады «Учет производства». «Учет временных разниц по налогу на прибыль» параметрлер құрылысы келесі бөлімде қарастырылады «Учет налога на прибыль».


Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспары

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары белгіленген синтетикалық және аналитикалық шоттармен және № 426 «Қаржылық есеп берудің халықаралық стнадартымен сәйкес қаржылық есеп беруді құрайтын ұйымдар үшін жұмыс жоспарын өңдеу бойынша инструкцияны бекіту жөнінде» 22.12.2005 ж. ҚМ бұйрығына сәкес толтырылған.

Қолданушы жаңа синтетикалық және аналитикалық шоттарын еңгізіп, олардың келесідей құрылымдарын белгілейді :

- активтік, пассивтік және активті – пассивті шоттарының белгілері;

- шотқа бағындыру баптауы;

- сандық есептің баптауы;

- валюталық есептің баптауы;

- баланстан тыс шоттардың белгілері;

- аналитикалық есептің баптауы.

Аналитикалық есепті баптау - шоттардың құрылымдары ретіндегі субконтоның түрі. Әрбір шот бойынша аналитикалық есептер субконтоның үш түріне дейін параллель жүргізіледі.

Шот үшін Шот өткізгішінде қолдануға тыйым салынуы мүмкін, өткізгіште орындалуында шот жоспарының қалыпы сары түспен белгіленеді.

Салықтық есептің шоттар жоспары (табыс салығы).

Салықтық есептің арнайы шоттар жоспары нормативтік құжаттармен қарастырылмаған және «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» әдістемелік есепке енгізудің бөлігі болып табылады. Бұл шоттар жоспары шаруашылық операциялардың салықтық есепте өзінің бет көрінісін табуы үшін қолданылады. Сонымен бірге бұл шоттар жоспары күнделікті және уақытша айырмашылықтар №12 «Табыс салығы» мен халықаралық бухгалтерлік есептің стандарттарын қолдану әдістемелік нұсқауларға сәйкес ҚР-ның Қаржылық министрліктер әкімшілігінің жиналысымен, 24.01.2005 жылғы №1 Протоколға сәйкес бухгалтерлік есеп пен аудит сұрақтары бойынша қолданылады.

Салықтық есептегі шоттар жоспары келесідей көрсетіледі: «Кәсіпорын» - «Шот жоспары» - «Салықтық есептің шоттар жоспары» («табыс салығы).

Субконто түрлері ( бухгалтерлік және салықтық есеп).

Субконтоның конфигурациясында аналитикалық есептің объектілері көрсетіледі. Субконто түрлерін көптеген бір типті аналитикалық есептің объектілері көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп үшін субконтоның жалпы түрлері қолданылады, оларды келесі меню арқылы ашуға болады: «Кәсіпорын» – «Шот жоспары» - «Субконто түрлері» (бухгалтерлік және салықтық есеп).

Салықтық есептегі шоттар жоспарының бухгалтерлік есептегі шот жоспарларына қарағандағы ерекшеліктер келесідей:



  • Салықтық есепте өткізгіштер корреспонденциясыз болып келе алады және барлық салықтық есептегі шоттар баланстан тыс болып келеді.

  • Шоттарды, өйткені көбісі корреспонденция түрінде көрсетіледі.

  • Салықтық есептің шоттар жоспарында «Қолайлы және істен шыққан нәрселер, жұмыс, қызметтер, құқық» атты шот көрсетіледі, және бухгалтерлік есептегі (жабдықтанушылармен, сатып алушылармен және т.б.) аналогтық шоттар есебінде рол атқарады.

  • Табыс салығына әсер етпейтін (мысалы, шоттар есебінің болмауы жарғылық капитал, бөлінбеген табыс және т.б.) обьектілердің шоттар есебінде болмауы.

Субконтаның жаңа түрі «1С:Кәсіпорын 8» әдісімен – «Добавить» пернесін басу арқылы субконто тізіміне жаңа жазба қосылады. Содан соң субконтоның жаңа түріне аты жазылуы керек.

Бухгалтерлік есептің салықтық есепке шоттардың сәйкессіздігі келесі құжат көмегімен құрылады. «БЕ және СЕ сәйкес орнату» («Кәсіпорын»- «Шот жоспары» - «Бухгалтерлік есеп пен салықтық есепті сәйкес орнату»). Ағымдағы шоттар сәйкестігінен келесі менюде көруге болады: «Кәсіпорын»- «Шот жоспары» - «Бухгалтерлік есеп пен салықтық есепті сәйкес орнату».



Параметрлер есебінің баптауы.

Конфигурацияда есепті бастамай тұрып, параметрлер есебін баптау керек. Параметрлерді баптау орындау үшін келесі менюді қолданады: «Кәсіпорын»- «Есеп параметрін баптау».

Әрбір есептің бөлімшелері үшін жекелей баптау қарастырылған. Баптау – бұл барлық ұйымдарды біріктіретін ақпараттық база болып табылады.

«Жалпы» атты қыстырмада конфигурацияның нөмірі автоматты түрде жүзеге асырылады және «қолмен» түзетуге жарайды.

Сондай-ақ қосымша ақпаратты сақтайтын каталогқа жол көрсетіледі, мысалы ішкі қайта өңдеулер және т.б.

«Валют» қыстырмасында регламентацияланған есептің валютасы (ұлттық валюта – теңге) құрылады.

Регламенттелген есептің валютасынан осы валютаға қатынасы бекітіледі.

Мәліметтер бзасына алғашқы құжатты енгізгеннен кейін, регламенттенген валюта есебі түзетуге жатпайды.

«ТМҚ аналитикалық есебі» қыстырмасында қордағы есепті енгізулер және сомалық есеп мәліметтері құрылады.

Бухгалтерлік және салықтық есептен басқа, шығындар түрлерін және т.б. табыстар мен шығыстарды көрсетуге болады.


Мекеме туралы мағлұмат беру

Ең алдымен, программаға мекеме туралы мағлұмат және шаруашылық қызметінің есебін енгізу қажет.

1.Мекемелер тізімін ашыңыз. Ол үшін “Предприятие” мәзірінен “организация” пунктін таңдаңыз. Тізімде “Наша организация” атауымен бір мекеме құрылады.

2. Өз мекемеңізге арналған негізгі мағлұмат формасын ашыңыз. Ол үшін “наша организация” деген жолды екі рет шертіңіз (немесе батырмасын немесе мәзірден “Действия” таңдап тізім формасындағы командалық панельден “Изменить” басасыз).

3. Ашылған терезеге суретте көрсетілгендей етіп, мекеме туралы негізгі ақпараттарды толтырыңыз.




4.Мекеменің заңды мекен-жайын келтіріңіз. Осы ашылған терезеден “контактная информацияға” ауысу керек. Арнайы диалог терезесін ашып, мекеменің заңды мекен-жайын суретте көрсетілгендей толтыру керек.

5. «Адрес» сұхбаттық терезеде «ОК» батырмасын басыңыз.

6. Ұйымдар туралы мағлұматтарды сақтау және қалыпты жабу үшін «Организации» қалпында «ОК» батырмасын басыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет