1. глоссарий бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Бухгалтерлік шоттар


Бухгалтерлік есептің есеп саясатының параметрлерін толтыру



бет5/7
Дата26.06.2016
өлшемі2.54 Mb.
#159373
1   2   3   4   5   6   7

Бухгалтерлік есептің есеп саясатының параметрлерін толтыру


    1. Ұйымның бухгалтерлік есептегі есеп саясатының параметрлерін енгізу үшін «Предприятие» менюінен «Учетная политика» пунктін, одан «Учетная политика (бухгалтерский учет)» пунктін таңдап аламыз. Есеп саясаты туралы жаңа жазу қосу үшін батырмасын (немесе «Insert» пернесін немесе «Действия» - «Добавить» менюін таңдаңыз) басыңыз. Ашылған терезеде бухгалтерлік есептің есеп саясатының параметрлерін суретте көрсетілгендей етіп толтырыңыз:




2. “OK” батырмасын басу арқылы бухгалтерлік есептің есептік саясатын сақтап және “Есептік саясат (бухгалтерлік есеп)” қалпын жабамыз.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. 1С:Кәсіпорын жүйесіндегі өндіріс есебі қалай қалыптасады?

2. Өндірістік шоттар бағдарламада қалай қалыптасады?

3. 1С:Кәсіпорын жүйесінің өндірістік шоттарды есептеу реті?

4. Өндірістік шоттарды тіркеу қалай жүргізіледі?
Тақырып 9. Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі.

Дәріс сұрақтары

1. Шаруашылық операцияларды енгізу

2. Ұйым шотының есеп айырысуынан жеткізушіге ақша құралдарын аудару: төлем тапсырысы


Шаруашылық операцияларды енгізу

1. Операцияларды құжат бойынша енгізу.

Бұл программа есептің әртүрлі бөлімдері бойынша автоматизациялауды енгізеді. Бұл үшін құжат қолданылады («Құжаттар» менюі).

Құжаттардың бір бөлігі тек алғашқы құжаттарды енгізу, сақтау және теруге арналған. («Төлем қағаздары», «Шот», «Сенім хат», «Төлем құжаттары»).

Ал құжаттың басқа бөлігі өткізгішті автоматты құруға басқарады.

Оларға келесі құжаттар жатады:

«ОС-тің келіп түсуі», «ОС-ті пайдалануға енгізу», «Кіріс және шығыс кассалық ордер», «Шығару қағазы», «Материалдардың келіп түсуі», «Өндіріске материалдарды жіберу», «Еңбекақыны есептеу», «Еңбекақыны төлеу», «Өнімді тиеу» және т.б.

Әрбір құжат арнайы реквизитті – күні мен нөмірін қамтамасыз етеді және де нөмір – автоматты түрде жазылады, оны дұрыстауға да болады. Күні де сәйкесінше жұмыс күнімен қойылып, түзетілуге жатады.

Ескерту! Егер құжат алдында жазылған болса, оны дұрыстауға болмайды. Ол үшін жаңа құжатты енгізіп, (мысалға, ескісін көшіру арқылы), сосын ескісін өшіріп тастайсыз.

Қосымша өндірістік ақпаратты, жазу үшін құжатты «Түсініктеме» реквизиті пайдаланылады.

Кейбір құжаттар бухгалтерлік есептегі объектілердің тізімін қамтитын көп жолды кесте бөлігін енгізеді. Мысалы, «Материалдардың келіп түсуі» құжаты келіп түскен материалдар тізімінен, санынан, бағасынан, сомасынан және ҚҚС-тан тұрады.

«Жалақы есептеу» құжаты қызметкерлер тізімін және еңбекақы мөлшерін құрайды.

Көптеген құжат өлшемдері сәйкес анықтамалардан таңдалынады. Толтырылған жолдарды өңдеуге болады.



2. Құжаттар журналы.

Кіргізілген құжаттар – құжаттар журналында сақталады. («Журналы» менюі).

Мысалы: Көшірмелер «Банк» бөлімінде сақталынады, төлеу тапсырмалары «төлем құжаттары» бөлімінде. Құжаттар реестрін құруға болады («Реестр» батырмасы), басылымға шығарылады. Барлық құжаттар журналының формалары «Әрекет ету» батырмасын қосады. «Негізінде енгізу» пункті «Әрекет» батырмасы 1 құжат түрінен 2-ші түріне ақпаратты көшіреді. Құжат – негіздеуге курсорды қойып, «Негізге енгізу» пунктін таңдау керек. Шыққан құжаттар тізімінен керек құжатты таңдау керек , «ОК» батырмасын басыңыз.

3. Есеп айрысу және кассаның операциялар бойынша есеп операциясы төлем тапсырмаларын қалыптастыру үшін «Платежное поручение» құжаты қолданылады. «Документы» тізімінде мерзімі, алушы, есеп айрысу шоты, төлем не үшін керек екені және оның кезегі, жалпы сома, ҚҚС қойылымы көрсетіледі. ҚҚС сомасы автоматты түрде есептеледі. Есеп айрысу шоты бойынша операцияны есептеу үшін «Выписка» қолданылады.

Онда мерзімі, ақша құралдарының қозғалысы типтері (ұсынылғанның ішінен таңдалынады, мысалы: сатып алушыдан түсім, жабдықтаушыға төлем, банкте қолма-қол алу) төлем белгілеу, корреспонденттік шот, субконто түрі (анықтамадан таңдалынады), сомасы.

Тізімнен (бар болса) төлем тапсырмасы таңдалынады және келу құжаты (бар болса) осыдан кейін «Жазу» батырмасын басу қажет, одан кейін «ОК», өткізгіштер қалыптасады. Көшірмелерді тез толтыру тәсілі бар. Ол үшін тізім шаблонынан «Төлеу құжаты бойынша таңдау» батырмасын басу керек.

Осыдан төлем құжатын таңдау үшін диалог ашылады.

Диалог кестесінің үстінде төлем құжатының журналы орналасқан.

Төлем жүргізілген бойынша құжаттарды √ белгіленген белгілейді. Құжатты таңдау үшін оның үстінен тышқанмен 2 рет басу керек немесе «Толтыру» басу қажет.

Кестенің астыңғы бөлімінде таңдалған құжаттар көрінеді. Одан кейін «ОК» басу керек. Осыдан диалог жабылады, көшірме жолдары толтырылады. Үстіңгі жолды толтыру қалдық (ақша қозғалысының қозғалысы) кассалық операцияларды есептеу үшін «Кіріс кәсіпорын» және «Шығыс кәсіпорын» құжаттары арналған. Ордерлерде мерзімі, корреспонденттік шот, ақша құралдарының қозғалысы (тізімнен таңдалады, мысалы: банктен қолма-қол алу) кімнен алынды және кімге берілді (анықтамадан таңдалады) негізгі сомасы, салықпен немесе ҚҚС-сыз. Осыларды жазғаннан кейін өткізгіштер қалыптасады (√ белгісі тұру керек) кассирдің есеп беруін құру үшін тізімде «Отчеты» есеп беру «Кассалық кітап» арналған. Кассалық кітап қалыптасқаннан аралық көрсетіледі (күні, айы, квартал). Сондай-ақ кассалық кітап батырмасы бойынша кассалық журналдардан кассалық кітапты қалыптастыруға болады.

4. НҚ және МЕА –пен операция есептеу

НҚ және МЕА түскенін есептеу үшін «Аналмайтын активтер» бөлімінде «НҚ түсуі және МЕА түсуі» құжаттары қолданылады. Құжат шаблонында мерзімді, жабдықтаушыны, шот-фактураның мерзімі мен нөмірі, келісім-шарт, ҚҚС есептеу реті (18% ҚҚС үстінен немесе 18% сомадағы ҚҚС немесе табыс салығынсыз) көрсету керек. Құжаттың кесте бөлімінде «Анықтамадан» НҚ немесе МЕА құнын НҚ немесе МЕА құнын тандау керек. ҚҚС және жалпы сомасы автоматты түрде есептеледі. «Жазу» батырмасын басу керек , «OK», «Өткізу» деген сұрақ шығады «Иә» дегенді басу керек. «Операция журналында» осы құжаттарынан өткізгіштердің жазылымын көруге болады. Келесі сатып алу кітабында («құжаттар», «шот фактура», «сатып алу кітабына жазу») жазып қою керек.

Кіріс құжаттары бағдарламасы негізінде шот фактураны арттыруды ұсынады. «НҚ тусуі ( немесе МЕА ) құжатын» тандау керек. Құндылардың және төлеу мерзімін ( олар төленген болса ) кіріс мерзімін көрсету керек. Құжатты жазғанда «өткізу» сұрағы пайда болады.

Келесі сатып алу кітабына («құжаттар», «шот фактуралар», «сатып алу кітабына жазу) жазып қою қажет.

Жазу кезінде өткізгіштер істелінеді эксплуатацияға НҚ мен МЕА енгізу операциясын есептеу үшін біратты құжаттар қолданылады, толтыру реті ұқсас. Эксплуатацияға енгізілген актіні басуға болады. Сондай-ақ НҚ мен МЕА әрекет ету мерзімі аяқталғанын шығарып тастау құжаты бар.

5. Материалдармен операция есебі

Материалдардың келгенін есептеу үшін тізімде «Құжаттар», «Материалдар есебі» бөлімі тандалады, одан кейін «Материалдар түсуі» бөлімі. Кіріс ордері қалыптасады. Мерзімі, жабдықтаушы, шот фактура мерзімі мен нөмірі, келісім- шарт, қойма түрі, ҚҚС есептеу реті көрсетіледі. Кесте бөлімінде «Анықтамадан» материал түрі, саны таендалады. Бағасы, ҚҚС және сомасы автоматты түрде қойылады.

Одан құжатты жазып өткізу керек. Өндіріске материалдарды жеткізу бойынша операцияларды есептеу үшін біртекті құжат қолданылады, осыдан сұрау төлеу қағазы қалыптасады. Онда мерзім номенклатура түрі (өндіріске жіберген материалдар мысалы, стол) көрсетіледі.

Жұмсау түрі (материалдарды жұмсау) бөлімдері. Кесте бөлімінде «Анықтамадан» материалдар тандалады, сұраныс саны көрсетіледі, ал өткізілген саны автоматты түрде қойылады. Құжатты жазып өткізу қажет.



6. Амортизацияны есептеу.

Амортизацияны есептеу үшін «Регламенттер» «Амортизацияны есептеу» құжаты қолданылады.

Есептеу аралығы (соңғы ай күні) қою керек. Программа амортизация соммасын есептейді және өткізгіштерді қалыптастырады.

7. Жалақыны беру және есептеу үшін «Құжаттар» тізімінде «Жалақы» бөлімі тандалады, «Жалақыны есептеу» бөлімшесі есептесу ведомосы осында болады.

АУП жалақысын бөлек ведомосте есептеу ұсынылады. Жалақы бойынша жұмсау қатынасын есептеу көрсетіледі. «Қызметкерлер» белгісінде кесте көрінеді, онда біртекті «анықтамадан» қызметкерлер тандалады, жалақы мөлшері автоматты түрде қойылады, бірақ оны өзгертуге болады. Құжатты жазғанда өткізгіштер қалыптасады.

Назар аударыныздар! Программа құжат өтті ме, өткен жоқ па, қателер туралы хабар береді. Жұмысшылар жалақысы бөлек бөлімде есептеледі, 20-23 шотта көрсетіледі, және номенклатура түрі.

Жалақыны төлеу үшін біртекті құжаттар қолданылады. Төлем ведомості қалыптасады, қызметкерлер тандалады, төленген сомма автоматты түрде қойылады. Құжаттарды жазып өткізгіштер қалыптастыру.

Берілген жалақы соммасына шығыс кассалық ордер толтыру қажет.

Назар аударыңыз! Айды жапқанда ЕСН есептеу өндіріледі.



8.Айналым бойынша операция есебі.

Дайын өнімді қоймаға шығару және жіберу бойынша операция есебі үшін «материал есебі» бөлімінде «Қоймаға ДӨ жіберу» құжаты қолданылады. Төлем қағазы қалыптасады, онда өнім түрі (анықтамадан) саны көрсетіледі, сомасы автоматты түрде қойылады. Құжатты жазғанда өткізгіштер қалыптасады.

Сатып алушыға шот жазып береді одан кейін өнімді төлеу бойынша төлеу қағазы толтырылады. («Құжаттар айналым тауар есебі», «Тауар төлеу» құжаты) құжатты жазғанда өткізгіштер толтырылады. Одан кейін шот-фактура жазылады және өткізіледі.

Назар аударыңыз! Құрау алдында бұл құжаттарда қойма типін көрсету керек. «Сервис» тізімінде «Жалпы параметрлер» бөлімінде.



9. Басқа ұйымдардың қызметін есептеу, контрагенттердің қызметін есептеу үшін, мысалы сумен қамтамасыз ету, тоқпен қамтамасыз ету, мүліктерді жалға беруді ұсыну, «Құжаттар» тізімінде, «Жалпы белгіленген құжаттар» бөлімі, «Басқа ұйымдардың қызметі» құжаты қолданылады.

Басқа ұйымдардың қызмет көрсеткені туралы Акт жасалынады. «Контрагенттер» анықтамасынан орыдаушы таңдалынады. Одан кейін корреспонденттік шот, субконто, қызмет түрлері, ҚҚС-сыз сома көрсетіледі. ҚҚС және жалпы сома автоматты түрде есептеледі. «OK» басқанда өткізгіштер қалыптасады.



10. Айды жабу.

Айды жабу үшін «Регламенттік құжаттар», «Айды жабу» құжаттары қолданылады. Өнімді айналдырудан қаржылық нәтиже анықталады, кіріске салық есептеледі.



11. Есеп беру. Есеп беруді қалыптастыру үшін «Есеп беру» тізімі немесе белгілер «Операция журналында» қолданылады. Бағдарлама кері-қалдықты ведомості шахматканы, есептеу нәтижесі және субконто, шот кәртішкесі және субконто, субконто бойынша шот анализі, кассалық кітап, сату бойынша кітап, сатып алу кітабы, Бас кітап. Аралық тапсыру қажет. Бухгалтерлік және салықтық есеп құрастыру үшін «Арнайы есеп беру» қолданылады. Аралықты беру қажет, мысалы қаңтар - желтоқсан 2007ж., содан кейін «Заполнить» батырмасын басыңыз.
Ұйым шотының есеп айырысуынан жеткізушіге ақша құралдарын аудару: төлем тапсырысы

Ұйым шотының есеп айырысуынанақша құралдарын есептен шығаруы «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-де «Төлем тапсырысы» құжатында бейнеленген.

«ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжаты негізінде «Төлем тапсырыс» құжатын құрыңыз. Ол үшін «ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжатының тізімінен алдында құрылған құжатты белгілеп алып, мына батырмаға басыңыз (немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, жаңадан ашылған менюдің ішінен «На оснавании» таңдаңыз). Көрсетілген тізімнің ішінен «Төлем тапсырыс» құжатын таңдап алыңыз. Автолматты түрде «Төлем тапсырыс» құжаты құрылады. Құжатта «ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжатының мәліметтері негізінде барлық негізгі реквизиттер толтырылған. Жетіспейтін реквизиттерді («Банк шоты», және «Ақша қаражаттарының қозғалыс құралдар статьясы»), суретте көрсетілгендей етіп толтырыңыздар:

«Төленген» атты жалауды құжаттың жоғарғы бөлігіне бекітіңіз.



Төлем тапсырысының басып шығарылуы.

«Төлем тапсырысы (шығатын)» құжатынан төлем тапсырыссының формасы компьютерден басып шығару мен банкке тапсыру үшін шығарылады.

Төлем тапсырыссын басып шығарар алдында «Басып шығару» атты қыстырмасында төлемнің тағайындалу мәтінін басып шығару қалыбына келтіру үшін түзетулер жүргізуге болады: мәтінді төлемнің тағайындалуына суреттегідей енгізіңіз:

«Шығатын төлем тапсырысы» атты құжаттың төменгі бөлігіндегі «Жазып алу» пернесін басыңыз. Төлем тапсырысының басылған қалыбын алу үшін «Төлем тапсырысы» батырмасын басыңыз.



Төлем тапсырысының басып шығару қалыбын жабыңыз. «Шығатын төлем тапсырысы» құжатының төменгі бөлігіндегі «ОК» пернесін құжатты жүргізу мен қалыпты жабу үшін жабыңыз.



Айдың жабылуы

Мерзімнің аяқталу процедурасы «Айдың жабылуы» құжатымен орындалады.

«Айдың жабылуы» атты құжат тізімін ашыңыз. Ол үшін «Негізгі қызмет» менюінде «айдың жабылуы» пунктісін таңдаңыз.

Ашылған тізімде жаңа «Айдың жабылуы» құжатын құрыңыз. Ол үшін батырмасын ( немесе «Әрекет» менюіндегі «Қосуды» тандау арқылы немесе “Insert” пернесін) таңдаңыз. Құжатта айдың соңғы күнін белгілеңіз (мысалы 31.01.2006).



«Айдың жабылуы» құжатын жүргізу мен құжат формасын жабу үшін «ОК» пернесін басыңыз.

Бухгалтерлік

Бухгалтерлік және салықтық есептің шоттары бойынша қалдықтары мен айналымы бойынша мәліметтер алу

Бухгалтерлік және салықтық есептің шоттары бойынша қалдықтары мен айналымы бойынша мәліметтерді алу үшін «Қазақстан үшін 1С Бухгалтери 8,0»-де стандарттық есеп берулер қолданылады. («Есеп беру» менюі) Есептің әрбір түріне (бухгалтерлік, салалық) өзіндік стандарттық есеп берулердің жинағы қолданылады. Кез-келген есеп беру белгілі бір ұжым үшін немесе белгілі бір уақыт кезеңі үшін құрылуы мүмкін. «Айналымды-сальдо ведомосі» есеп беруінің стандарттық есеп беруінің құру процедурасын мысал ретінде көрсетейік.

«Айналымды-сальдо ведомосі» атты есеп беруде бухгалтерлік есептің әрбір шарты үшін мерзімнің басы мен аяғына қалдықтар жайында және берілген мерзімдегі дебет пен кредит бойынша айналымдар жайында ақпарат бар.

1.Есеп беруді құру үшін менюдағы «Есеп берудің» «Айналымды-сальдо ведомосі» пунктісін таңдаңыз.




2.Есеп берудің керекті мерзімін бекіту үшін «Мерзім (период)» өрісінің оң жағындағы пернені басыңыз. Ашылған терезеде суретте көрсетілгендей есеп берудің мерзімін бекітіңіз. Мерзімді баптау терезесінің төменгі бөлігіндегі «ОК» батырмасын басыңыз. Есеп берудің басқару тақтасындағы «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.


3.Айналымды-сальдо ведомосін қараған кезде керекті шот бойынша терең ақпарат алуға болады. Егер шот жазылған жолды тышқан пернесімен екі рет сырт еткізсе, компьютердің экранында берілген шот үшін құрылған бірнеше есеп берудің біреуін таңдау үшін тізім шығады, мысал, «Шот бойынша айналымды-сальдо ведомосі».

4.1200 «Қысқа мерзімді дебеторлық қарыз» шоты бойынша «Айналымды-сальдо ведомосі» есеп беруін алу үшін 12010 шоты жазылған жолды екі рет тышқанмен сырт еткізіңіз. Ашылған тізімде «1200 шоты бойынша ҚАВ» таңдаңыз.



Нәтижесі:




5.Арнайы сұхбат терезеде есеп беру қалыпының басқару тақтасындағы «Баптау» батырмасы арқылы есеп берудің бөлшектенуінің әртүрлі жағдайларын жасауға болады.

Субшоттар бойынша есеп берудің мәліметтерін бөлшектендіру үшін «Баптау» батырмасын басыңыз және баптау терезесінде «субшоттар мен субконто бойынша бөлшектендіру» жалауын бекітіңіз. Баптау терезесіндегі «ОК» батырмасын басыңыз.

Нәтижесі:





Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. 1С:Бухгалтерия жүйесіндегі негізгі құралдар есебі қалай есептеледі?

2. Өндірістік шоттар бағдарламада қалай қалыптасады?

3. 1С:Кәсіпорын жүйесінің өндірістік шоттарды есептеу реті?

4. Өндірістік шоттарды тіркеу қалай жүргізіледі?
Тақырып 10. Еңбек ақы және кадр есебі
Дәріс сұрақтары

1. Кадрлық есеп

2. Конфигурацияняң объектілерін құру


Кадрлық есеп

Қазір біз кәсіпорынның қызметкерлерінің кадрлық есебінің мини-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға, сол сияқты кадрлық құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір коефигурация жеке каталогтарда сақталуы керек.

1. Кез келген дискіде жаңа бума құрыңыз, мысалы, "C:\Учебная"
2. «1С:Предприятие»-ны іске қосыңыз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады.

1С:Кәсіпорын бағдарламасы бірнеше базалармен бір компьютерде жұмыс атқара алады. Мысалы,бір базада кадрлық есеп, екіншісінде – тауарлар есебі, ал үшіншісінде А фирмасы үшін бухгалтерлік есеп, төртіншісінде Б фирмасы үшін бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

3. «Добавить» батырмасын басыңыз. Тізімдер базасында көрсетілгендей ақпараттық база атын көрсетіңіз, мысалы, «Учебная». База аты кездейсоқ болуы мүмкін, одан еш нәрсе тәуелді емес.



4. Келесі өрісте 1 қадамдағы бумаға жол көрсетіңіз. «…» батырмасын басып, бумаға кіріңіз де «Выбрать» батырмасын басыңыз.


Бума компьютердің локальді қатты дискісінде орналасуы мүмкін, мысалы,

«C:\Учебная» немесе басқа компьютердің желісінде «\\SERVER\KADR». Бұл кезде бумаға барлық құқықтары беріліп, жеткізілуі тиіс (оқылуы, жазылуы, т.б.).

5. «ОК»-ді басыңыз. Ақпараттық база тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін «Изменить» батырмасын басу қажет. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге ауыстырды немесе сіз ақпараттық базаға басқа ат бергіңіз келсе. Ақпараттық базаны өшіру үшін «Удалить» батырмасын басу қажет. Бұл уақытта ақпараттық база тізімде өшіріледі де, бірақ дискіден өшірілмейді.

6. Іске қосу режимінде «Конфигуратор»-ды көрсетіңіз.




7. «Конфигуратор» режимінде базаны іске қосу үшін «ОК» батырмасын басыңыз.

8. Құрылған бумада ештеңе жоқ болған соң, онда 1С, мәліметтер базасы қай пішімде сақталғанын сұрайды: DBF немесе SQL-Server-де. «Файлы DBF» пішімін көрсетіңіз және «ОК» басыңыз.



9. «Конфигуратор» іске қосылады. Конфигурация ағашын ашыңыз, мұнда енді біз жиі жұмыс жасаймыз. Ол үшін: «Конфигурация» => «Открыть конфигурацию» командаларын немесе батырмасын басыңыз. Конфигурация ағашының терезесі пайда болады. Оған дұрыс өлшем беріңіз.




Бұл терезеде барлық конфигурация объектілері, оның ішінде: анықтамалар, құжаттар, есеп берулер және т.б. сияқты берілген. Ондағы бұтақтарды ашу үшін, екі рет «+»-ті немесе екі ретоның атына басу қажет.
Конфигурацияняң объектілерін құру

10. «Справочники» жолына курсорды қойып, және батырмасын шертіңіз (немесе тышқанның оң жағын басып және «Новый справочник» таңдаңыз). Бұл кезде «Конструктора справочников» терзесі ашылады.




Конструктурлар программисттерге белгілі бір анықталған әрекеттерді орындауда көмек үшін арналған. Жаңа біз «Конструктора справочников»-ті көрдік. 1С-те құжаттар конструктуры, есеп берулер конструкторы, сұраныстар конструкторы және т.б. Конструктор жасаған барлық әрекеттерді қолмен де жасауға болады, бірақ конструктормен жылдам болады. Егер сізге конструктор қажет болмаса (не ұнамаса), онда «Использовать конструкторы при создании новых объектов» жалаушасын алып тастаңыз. Берулген оқулықта барлығын қолмен жасаймыз, сонда ғана нағыз программист болуымыз мүмкін және 1С-тен барлығын сығып аламыз.

11. «Использовать конструкторы при создании новых объектов» жалаушасын алып тастаңыз және конструкторды жабу үшін «Отмена» батырмасын басыңыз. Ол қасарысса, сіз өз дегеніңізде тұрыңыз!

Содан соң қайтадан конструкторды «Конструкторы» менюінен басып шығаруға болады,бірақ біз оның барлығын қолмен жасауға тырысамыз.

12. Курсорды тағы да «Справочники» жолына апарып және батырмасын басыңыз (немесе тышқанның оң жағын басып және «Новый справочник» таңдаңыз). Бұл жағдайда терезе ашылады, бірақ «Конструктора справочников» терзесі ашылмайды, анықтама құрылымын өңдейтін жәй терезе пайда болады..



13. Идентификатор анықтамасын қосыңыз, мысалы «Должности» анықтамасын құрамыз.

Анықтама идентификаторына өте қажет, өйткені ол бағдарламауда қолданылады. Оны түзету оңай емес, өйткені қай жерде бұл анықтама қолданылса, сол жерде бағдарламада түзетіледі.

Идентификатор анықтамасына дұрыс көзбен қарау керек. Идентификатор локальді, түсінікті және анықтаманың мазмұнын толық көрсетіп тұруы керек. Мысалы, «Мемлекет», «Қызметкерлер», «Тауарлар» және т.б.

Бірыңғай қабылданған ереже болып анықтаманың атындағы көпше түр табылады, бірақ бұл аса қажет емес. Мысалы, сіз «Мекен-жай кітабы» анықтамасын құра аласыз. Идентификатор обьектісінде және ауыспалыларда арақашықтық болмауы керек, бірақ сандар сандар және сызылған белгілер болады. Идентификатор саннан басталмауы керек.

14. 30 белгіден тұратын атау енгізіңіз. Әрбір анықтама екі өрістен тұрады «Код» және «Наименование». «Код» және «Наименование» өрістердің ұзындығын және типін өзгертуге болады: сандық / мәтіндік.

15. Қызмет анықтамасы терезесін жабыңыз.

14. Тоқ өшуі немесе басқа да төтенше жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан еңбегіңіз жай кетпеуі үшін конфигурацияны сақтап қойыңыз.

Конфигурация таза екенін, тіптен сөздіктегі мәліметтер де жоқ екенін 1С анықтайды. Егер оған сөздік өте қажет болса, оны өзі жасап алады.




«Иә» пернесін басыңыз.

Ақпарат базасының құрылымы өзгертілгендіктен, 1С ақпарат базасын жаңадан құруды сұрайды. Үлкен көлемді конфигурация өте қиын және ұзақ үрдіс, ал бізде бұл оңай.


«Иә» пернесін басамыз.

1С база құрылымын талдап, өзгертулер тізімі бар терезені көрсетеді.

«Қабылдау» пернесін басыңыз.

Жаңадан база құрылғаннан соң «Ақпарат жаңадан құрылғаны» туралы ьелгі шығады.

15. «Қызметкерлер» анықтамасын құрамыз. «Қызметкерлер» анықтамасына (идентификаторына) ат беріңіз.

16. 100 белгіден тұратын атау құрыңыз

Бұл атауда қызметкерлердің аты-жөні сақталады. Кейбір жағдайда ұзын есімдер болады. Мысалы, «Александровский-Петровский Александр Александрович».

17. Бұл анықтамада бізде тағы бір «Должность» өрісі болады. Қазір реквизиттер тізімі бос. «Добавить» батырмасын басыңыз, сол кезде реквизиттің қасиеті деген өңдеу терезесі ашылады. Реквизит, атрибут және өріс – бұлар бір болып саналады. Яғни, «реквизит» деген сөзге үйрену керек.

18. «Должность» реквизитіне атау беріңіз. Алдында құрған "Справочник.Должности" реквизитінің типін көрсетіңіз. Бұл берілген реквизиттің мәні «Должности» анықтамасынан таңдалады. ОК басыңыз.

19. Оклад реквизитін құрыңыз (Число типі, Дәлдігі үтірден кейін 2 белгі)



20. ДатаПриема және ДатаУвольнения реквизиттерін құрыңыз (типі Дата)

21. Конфигурацияны сақтап қойыңыз (кез келген жағдайға байланысты).

Енді бізде екі анықтамалар бар және кейбір мәліметтерді енгізуге болады.

22. Кәсіпорын режимінде 1С:Кәсіпорын-ды іске қосыңыз. Бұны тура Конфигураторда батырмасын басып жасауға болады. 1С:Кәсіпорын терезесі пайда болады.


23. Должности анықтамсын ашыңыз. Ол үшін Операции => Справочники => Должности командаларын орындаңыз. Анықтама терезесі ашылады.


Анықтамаға жылдам кіру үшін кейінірек меню құрамыз, ал әзірше осы.

24. батырмасын немес INS пернесін қолданып бірнеше қызметтерді енгізіңіз. Мысалы, Директор, Бухгалтер, Программист.

Бұл жерде кодтар автоматты меншіктеледі, бірақ оларды өңдеуге де болушы еді. Кодтардың ерекшеліктерін сақтау қажет. Конфигураторда ерекшелік параметрлерін баптауға болады, мысалы, егер ол керек болмаса, оны тіптен алып тастауға болады.

«Наименования» бойынша үнсіз келісіммен сұрыптау орнатылған. Бұл қызметтің бірінші әріпін теруге мүмкіндік береді және курсор автоматты керек қызметке ауысады. Сұрыптаудың басқа типін: код бойыншы немесе реквизит бойынша орнатуға болады. Ол үшін оң батырманы басып және «Сортировка»-ны таңдаймыз. Біз бұны жасамаймыз, қалай тұр солай қалдырамыз.

25. «Должности» анықтамасын жабыңыз және «Сотрудники» анықтамасын ашыңыз. (Операции => Справочники => Сотрудники командаларын орындаңыз).


26. Бірнеше қызметкерлерді жазыңыз. Мысалы, Иванов - директор, Петров - Бухгалтер, Сидоров - Программист.

Ескеріңіз, қызметтерін көрсету кезінді «Должности» анықтамасы ашылады. Қызметтерін таңдау үшін соған екі рет шерту керек.

Шындық өмірде қызметкерді жұмысқа қабылдау «Приказ о приеме на работу» кадрлық құжат арқылы жүзеге асырылады. Қазір біз соны ұйымдастырамыз.

27. 1С:Кәсіпорын-ды жабыңыз және Конфигуратор режимінде базаны іске қосыңыз.

28. Енді «ПриемНаРаботу» жаңа құжатын құрыңыз. (курсорды «Документы»-ға қойыңыз және «Новый»-ды басыңыз). «ПриемНаРаботу» құжатына жаңа ат беріңіз.



29. «ФИО» шапка реквизитін қосыңыз, оған Строка мәндер типін және 100 символдар ұзындығын көрсетіңіз. ОК басыңыз.

Құжатта шапкасы және кестелік бөлімі бар. Шапкада тұтасымен құжатқа жататын реквизиттерді құрайды, мысалы, НомерДок, ДатаДок и т.д. Кестелік бөлімі жолдардан тұрады. Мысалы, бір «Накладная» құжаты бірнеше тауарлар бойынша ақпараттардан тұрады. Мұндай жағдайлар 1С-те қарастырылған.

Кез келген құжатта алдында берілген екі шапка реквизиттері "НомерДок" және "ДатаДок" бар.

Әрі қарай "ФИО" реквизиті сияқты қалған реквизиттерді де құруға болады және әрбіреуіне дұрыс типтерін көрсетіңіз:

- Должность реквизитіне - "Справочник.Должности" типі

- Оклад реквизитіне – Число типі, ұзындығы 10, дәлдігі 2

- ДатаПриема реквизитіне - Дата типі

30. Құжатта енгізу үшін қолайлы қалыпы болуы керек. Терезенің төменгі жағында "Форма" батырмасын басыңыз.

31. Мұнда бірінші рет кіргендіктен 1С құжатт қалпын автоматты құруға ұсынады.


Біз барлығын қолмен жасауды жөн көрдік, сондықтан «Отмена»-ны басамыз.

32. Бізге келесі түрдегі қалыпты құру керек



  • Өзіңізге сай қалып өлшемінқұрыңыз

  • Қалыпта «Прием на работу» атты тіркесті қою керек. Ол үшін батырмасын және қалыпты шерту керек. Сонымен қатар бұл батырманың жанында басқа да басқару элементтері бар. Олар арқылы біз болашақта жұмыс істейміз. Олар: батырмалар, өрістер, қосу құрылғылары, жалаушалар, қалыптар және т.б.

  • Қаріпті үлкен өлшемде көрсету керек, себебі ол бас атауы болып табылады. Ол үшін оң жақ батырманы жазуға қойып шерту керек, одан Свойства-ны таңдаймыз, Шрифт қыстырмасын басып, «Шрифт по умолчанию» жалаушаны алып тастап және 12 өлшемді қаріпті көрсетіңіз. Сонымен қоса басқа да бұйрықтарды орындауға болады. Мысалы, түс, қоюлық және т.б. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз, біз әлі тек үйренудеміз. ОК –ді басыңыз.



  • НомерДок өрісін қалыпқа қосыңыз. Ол үшін батырмасын шертіңіз, сонда терезе пайда болады. Ондағы НомерДок реквитзитінің басына қалыпты қойып, ОК-ді басып қалыптың кез келген жерінен шертіңіз. Сонда НомерДок өрісі пайда болады. Оған өлшемдерді қойып қалыптың керекті жеріне апарыңыз.

  • Жанына «№» белгісімен мәтіндік өрісті қосыңыз.

  • Сол тәртәп бойынша қалған реквизиттерді қалыпқа орналастырыңыз: ДатаДок, ФИО, қызметі. Олардың жанына мәтіндік жазбаларды қоюды ұмытпаңыз.

  • ОК және жабу пернелерін қалыптың ортасына орналастыру керек (көлденеңнен). Ол үшін оларды тышқанмен белгілеп (екеуін бір уақытта) және батырмасын шертіңіз. Қызығушылық танытсаңыз жанындағы басқа да батырмаларды басып көріңіз.

Енді бұл құжатқа жаңа қызметкердің барлық керекті мәліметтерін енгізуге болады. Содан кейін қолданушы ОК пернесін басады, сол сәтте сіздің мәліметтеріңіз қызметкерлердің анықтамасына жаңа элемент ретінде қосылады. ОК-ді басу кезінде құжат алдымен жазылады, кейін өткізіледі.

Құжаттарды өткізу - өте маңызды түсінік. Қолданушы үшін құжаттарды өткізу оны іске жіберуді білдіреді. Құжатты өткізу кезінде ақпараттық базада өзгерістер орын алады: басты мәліметтер кестеге тіркеледі, қоймадағы тауарлардың қалдығы өседі, не кемиді, жаңадан бухгалтерлік екі жақты жазбалар құрылады және т.б.

Құжатты өткізуде нақты не болатынын программистпен анықтайды. Өткізу барысында алдын ала анықталатын Өткізуді Өңдеу (Обработка Проведения) процедурасы орындалады. Нақ осы процедурада программист жүйедегі барлық өзгерістерді жасайтын программаны жазады. Қазір бізге соған жету керек. Ол «Құжаттың модулінде» сақталады.

Құжат модулін ашу үшін құжаттың экрандық қалыбын жабамыз. Экранда тек құжаттың құрылымдық терезесі қалады. Астында «Құжат модулі» атты перне бар соны басыңыз. Мәтіндік программаны өңдейтін терезе ашылады. Онда өткізуге дайындау процедурасы бар, оның ішінде әлі мәнді ештеңе жоқ. Оның мағынасына мән бермей тұра келесі мәтінді жазыңыз.

СпрСотр =Создать Объект(«Справочник. Сотрудники»);

СпрСотр. Новый();

СпрСотр. Наименование = ФИО

СпрСотр. Оклад=Оклад;

СпрСотр. Дата Приема= Дата Приема;

СпрСотр. Записать();



Егер үңіле қарасаң бірдеңе түсінуге болады. Бірінші жол Сотрудники анықтамасына қатысты. Екінші жол жаңа элементті тудырады, әзірше бос. Кейін анықтамадағы реквизиттер толтырылады, мәліметтер құжаттан алынып анықтамаға ауыстырылады. Соңында өзгертілген элемент анықтамаға көшіріледі.

Айтпақшы, бастаушы программисттер Записать() шақыруды ұмытып кетеді. Мұндай ессіздікке тап болмаңдар! Егер сіз Записать() шақырмасаңыз, барлық өзгертулер базада сақталмайды.

Назар аударыңыз! Әрбір оператор 1С тілінде ";" тыныс белгісімен аяқталуы тиіс (үтірлі нүкте). КонецПроцедуры сөзі соңында тыныс белгісі қойылмайды, себебі ол оператор емес, ол операторлық жақша (1с-те осындай түсінік бар). Үтірлі нүкте Цикл және Тогда сөздерінен кейін қойылмайды, бірақ КонецЦикла және КонецЕсли сөздерінен кейін міндетті түрде үтірлі нүкте қойылады. Берілген бағдарламада біз ешқандай циклды да, шартты да қолданбадық.

Сонымен қатар назарды комментариялар қалай жасалынатына, жүзеге асатынына аударайық!

// это комментарий

Комментариялар компиляторменесептелмейді, программамен жұмыс жасайтын адамдарға арналған. Комментариялар шектен тыс көп және аз болмауы керек. Программа өз алдына комментариясыз түсінікті болуы тиіс. Бірақ, қиын жерлерінде программаның жұмыс логикасын коментарияларда түсіндіруге болады. Комментария жазу және түсінікті программа құру – жақсылықтың нышаны.


  • Модуль терезесін және құжат құрылымының терезесін жабыңыз. Конфигурацияны сақтаңыз.

Енді барлық қалыпта жаңа қызметкерлерді қабылдауға болады.

- Кәсіпорын режимінде 1С іске қосыңыз.

Барлық құжаттар құжаттар журналында сақталынады. Сіз назар аудармаған шығарсыз, бірақ "ПриемНаРаботу" құжаты үшін үнсіз келісім бойынша "Прочие" журналы қойылған.кейін біз барлық кадрлық құжаттарға арнайы журнал құрамыз, әзірше қолда барымен шұғылданамыз.

- Прочие құжаттар журналын ашу үшін Операции => Журналы документов => Прочие командаларын орындаңыз. Құжаттар журналы ашылады.



- Батырманы басыңыз немесе INS батырмасын шертіңіз. Мәліметтерді енгізу үшін «Жұмысқа қабылдау» құжатының қалыпы ашылады. Құжаттың нөмірі автоматты түрде, ал құжат күні – бүгінгі күнмен белгіленеді.



  • Базалық мәліметтерді енгізіңіз: Қызметкер аты-жөні, жұмыс орны, еңбекақы көлемі.

  • ОК батырмасын басыңыз. Алдымен құжат жазылып, содан соң өткізіледі. Өткізу кезінде «өткізуді өңдеу» процедурасы іске қосылады және қызметкер анықтағышына жаңа жол қосылады. Осыны тексеріңіз. Егер қате шыға келсе, сіздің бағдарламаны теріс жазғаныңыз.

Конфигураторды (нұсқаны) қайта іске қосып, барлығын түгендеңіз. 1С конфигурацияны сақтағанда синтаксистік қателерді автоматты түрде бағдарламаның тексерілетіндей етіп жазуға болады. Осыны орындау үшін Конфигураторда Сервис-Параметры басып, «қателіктерді автоматты түрде тексеруде» бағдарламаны орындаңыз.

Байқаңыз, синтаксистік қателіктердің болмауы бағдарламаның дұрыс екеніне кепіл бере алмайды. Бағдарламада бұрынғыдай қателіктер болмауы керек. Мұндай қателіктер бағдарламаны орындау барысында шыға келуі, әлде өте жасырын болуы мүмкін. Қателіктер – бағдарламашылардың басты пәлесі. Ал тағы үлкен пәлесі - тапсырыс берушілердің талаптарын бұрыс түсінуі.

Енді кадрлық бұйрық көмегімен қызметкерлердің дұрыс жұмыстан босатылуын ұйымдастырайық.


  • Конфигураторда «жұмыстан босату» жаңа құжатын құрыңыз.

  • Оның «Қызметкер», «Қызметкер анықтағышы» және «Жұмыстан босату уақыты» реквизиттерінің болуын көрсетіңіз.

  • Мәліметтерді енгізетін қолайлы қалыпты құрыңыз.



  • Өткізуді өңдеу процедурасынв құжат модулінде келесі мәтінді жазыңыз.

СпрСотр = СоздатьОбъект («Справочник Сотрудники»);

СпрСотр.НайтиЭлемент(Сотрудник);

СпрСотр.ДатаУвольнения=ДатаУвольнения;

СпрСотр.Записать();

Бірінші жол қызметкер анықтағышына сілтеме құрылады. Екінші жол анықтағағышта жұмыстан босатылатын қызметкерді іздейді. Ендігі жол қызметкерге жұмыстан босатылу уақытын белгілейді.

«Кадрлы құжаттар» журналын құрайық. Бұл үшін бағдарламаны «құжаттар журналдарына» орнатып, жаңаны шертеміз. Енді осында ештеңе керек емес.



Енді «Жұмысқа қабылдау» құжатынының құрылымын жазу үшін терезені ашамыз. Терезенің жоғарғы бөлігінде «басқалар» журналын «кадрлық құжаттар» журналына ауыстырыңыз. Дәл осыны жұмыстан босату құжатымен істеп шығыңыз. Конфигурацияны сақтаңыз.

Енді қолданбалы менюді құрайық. Конфигурация терезесіннің төменгі бөлігінде Интерфейстер қосымшасы орналасқан.

Бағдарлама тұтынушыларын әрбір категориясы үшін жеке өзінің интерфейісі құрылуы мүмкін. Интерфейс өз құрамына меню пунктері мен құрал саймандар кіргізіледі. Мысалы, кадрлық қызметкерге қызметкерлер еңбек ақысына кіру міндетті емес.

Жаңа интерфес құрыңызда, оның атын Администратор қойыңыз. Интерфейстер тізімінде интерфей пайда болады. Интерфеске екірет шертіп, «менюді жазуды» тандаңыз, Меню редакторының терезесі ашылады.

Оның меню пунктерін автоматты түрде құратын батырмасы бар. Меню конструкторы көмегімен қарапайым менюді құрып, барлық объектілердің ашылуын қамтамассыз етеміз. Егер де осыдан қызығып жазу керек болса, мысалы, бөлмелерді топтарды меню пунктеріне қосу үшін қолмен «жұмысты атқару керек – батырмасын басып, «құрастыруды» шертіңіз. Конструктор менюдің барлық пунктерін автоматты түрде құрады.



- Қолданушы үшін мәзірді бірден тестілеуге болады. «Пуск» батырмасын басқанда, тестілік терезе шығады. Мәзірге қараңыз да тестілік терезені жабыңыз.

- Есіңізде болсын, сіз мәзір пунктіндегі түзетуді үйреніп көре аласыз. Тезірек тәжірибе жасап көрелік. Мысалы, мәзір пунктіндегі кадрлық құжатты құжат пунктіне апарып, құжаттар журналы пунктін өшіресіз. Журналды бөлгішпен құжаттан бөліп алыңыз.Маған осылай ыңғайлы сияқты.

- Мәзір редакторын жабыңыз.

Конфигурацияны сақтап, оны қолданысқа жіберіңіз.Мәзірді шертіңіз және шығарып тастау құжатының жұмысын тексеріңіз, осымен кадрлық есептің жай жүйесін құрастыру аяқталды. Ол қызметкерлерді қабылдауға және шығаруға көмектеседі. Жұмыстан шығарылғандар мен жұмыста жүргендер бір журналда тіркелгендіктен, өте ыңғайсыз. Ақпараттарды сақтайтын реквизиттер өте аз, құжаттың басылған формасы жоқ, панельдер тақтасында батырма жоқ, кадрлық алмасу жоқ – біздің жүйеде көп жылжытымдар. Бірақ бұның бәрі қызметкерлердің жай кадрлық жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет