1. глоссарий бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Бухгалтерлік шоттар



бет2/7
Дата26.06.2016
өлшемі2.54 Mb.
#159373
1   2   3   4   5   6   7

Әкімшілдеу


«1С:Бухгалтерия 8.0» әкімшіліктеу үшін ыңғайлы құралдармен қамтамасыз етеді:

  • рөлдердің мехнизмі негізінде қолданушының ену құқығын, интерфейсті тағайындауды және қолданушы тілін баптауды;

  • жүйелік оқиғалар мен қызметтерді тіркеу журналын;

  • ақпараттық базаның толтыру және босату мүмкіндігі;

  • қолданбалы шешімдер мен платформаны жаңарту және орнату құралдарын.

1С:Кәсіпорын 8,0 үшін «Қазақстан үшін бухгалтерлік есеп» конфигурациялары


  • Салықтық есептің бөлек шоттар жоспарын қолдану бухгалтерлік және салықтық есептің мәліметтерін салыстыруды жеңілдетеді, және де ол мыналай салықтық есеп беру қалыптарын салыстырғанда маңызды: қалып 100.00 «Корпоративті табыс салығы бойынша декларация», 220.00 қалып «Жеке табыс салығының декларациясы» бойынша, сонымен қатар табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған активтер мен міндеттерді есептеу мүмкіндігін береді.

  • Қосымша құн салығына салық есебі одан әрі кең мүмкіндіктері: төлеудің өзгеру мерзімімен ҚҚС есебі, төленудің снақ әдісімен ҚҚС есебі.

  • «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-ға типтік шешімдерді қолдану аумағын кеңейтудің партиялық есебін енгізу мүмкіндігі. Тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) орташа өзіндік құн бойынша бағалау тәсілдерінен басқа ФИФО және ЛИФО сияқты әдістерді де қолдануға мүмкіндік туады. Атап айтқанда, түрлі ТМҚ шоттарын есептеуде әр түрлі өзіндік құнды бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін.

  • Сақтау орындары бойынша опционалды аналитикалық есеп жүзеге асырылған: сандық және сандық-сомалық.

  • Конфигурацияда өндірістік есеп жүргізу мүмкіндіктері кеңейтілген. Негізгі және көмекші өндіріспен шығарылатын тауарлар мен қызметтердің өзіндік құн есебі, берілетін шикізатты қайта өңдеу есебі автоматтандырылған. Жартылай дайын өнімнің шығарылуымен аралық сатыларды болжайтын күрделі технологиялық үрдістер үшін жартылай дайын өнімнің қоймалық есебін және оның өзіндік құнының автоматты есебін қолдайды.

  • «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» программлық өнімі жеке ақпараттық базадағы (соның ішінде алшақтағы қоймалар, филиалдар) ақпараттарды біріктіру мүмкіндігін беретін, сол сияқты тым күрделі көпдеңгейлі иерархиялық құрылымның консолидациясын ұйымдастыратын мәліметтердің алмасуының тұрғызылған мүмкіндіктерін құрайды.

  • «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да типтік операцияларды баптау мүмкіндіктері кеңейтілуде – жиі қолданылатын бухгалтерлік өткізгіштерді топтық енгізу құралдары. Бұл автоматизацияның қарапайым, бірақ тиімді сайманын енді қолданушы көмегімен жеңіл және тез баптауға болады. Қолданушыға 300.00 «ҚҚС бойынша декларация» және 100.00 «Корпоративті табыс салығы бойынша декларация» сияқты салық есебінің үлкен қалыптарымен тым комфортты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін, салық есебінің қалыпымен тым қазіргі заманның механизмімен жұмыс істеуді қайта өңдейді.

«1С:Бухгалтерии 8.0» қазіргі заманғы эргономикалық интерфейсі тіпті кішірек ұйымдар үшін де «1С:Кәсіпорын 8.0»-ның сервистік мүмкіндіктерін қолайлы етеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. «1С:Бухгалтерии 8. бағдарламасының негізгі қағидалары қандай?

2.Бағдарлама қалай қалыптасады?

3.Бағдарламада операциялар қалай рәсімделеді?

4.Операциялардың негізгі қағидалары қандай?
Тақырып 2. «Жедел старт» «1С: Бухгалтерия 8 Казахстан үшін» жұмысының басталуы)

Дәріс сұрақтары

1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер

2. Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы

3. Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді басқару объектісінің басшылық позициясы және т.б.

Олардың ортақ, әрі өзгеше белгілері бар екенін бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде ескерген жөн. Ортақ құрылу принциптеріне бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функциялауына келесілер жатады: бірінші тұлғаның қағидасы, жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, үнемділік және үйлесімділік.

Басқарудың әртүрлі деңгейлердегі жауапкершілік тәртібін және қорытынды қою құқығын бірінші тұлғаның қағидасы анықтайды.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау барысында объекті талдауын түгел басқарумен оны басқару жүйесін және объект функциялаудың критерийлері мен жалпы тізбектің автоматизация жағдайында анықтау. Берілген қағида мәліметтерді жүйеге бірретті енгізуді және оның көпретті қолдануын, мәліметтер базасының бірлігі, кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсетеді.

Сенімділік қағидасы бухгалтерлік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін әртүрлі амалдар көмегімен қамтамасыз етеді, мысалы: жүйе құрылымын дубляждау немесе олардың шығындылығы.

Жүйенің үздіксіз даму қағидасы ұйымдастырушылық өзгерістерсіз оның кеңеюін талап етеді.

Үнемдеу қағидасы жаңа бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің пайдасы оның шығындарынан аспауын қамтамасыз етеді.

Жобаланған бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есепке алады, және қызықтары мен бухгалтерлік есепте жұмысқа дайындығын шартты түрде дайындайтын квалификацияланған адамдар жұмысын сәйкестік қағидасы жүзеге асырады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде бухгалтерлік ақпараттық жүйелерде есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалрелік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Бірақ, осы түрлердің бірігуі жүзеге аспайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік функцияларды жүзеге асырады және өз өз есептерін шығарады.

Кері байланыс қағидасы басқарушылық жүйесінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есептің есептерін шығарып кері байланысты жүзеге асыруға болады. Ақпараттық жүйе (АЖ) – кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.

Шешім қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары осы ақпаратты қолданады.

Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйе екі бөліктен тұрады: функционалдық және қамтамасыз етуші. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің функционалдық бөлігі – жүйелер, кешендер есептері немесе мазмұнды бөлігін құрайтын пәндік аймақтық жиынтық. Бұл бухгалтерлік есептің нақты есептері.

Қамтамасыз етуші бөлігі – бұл автоматты режимдегі жүйені функционалдау үшін қажетті шарттар жиынтығы.

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функционалдау және жобалау бойынша құралдар мен әдістер, іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құрумен және қолдануымен байланысты үлкен оқыс жағдайлар шеңберін құрайды; элементтер құрамын, олардың байланысын, өзара әсерін, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды; жүйенің қызметін реттейтін құқықтық актілерінен тұрады.


Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады. Кәсіпорын басшылары, яғни ішкі тұтынушылардан басқа бухгалтерлік ақпараттың сыртқы тұтынушылары болады. Оларға акционерлер, кредиторлар-инвесторлар, клиенттер, аудиторлар және салықтық ұйымдардың инспекторлары жатады.
Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы.

Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:



  • ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;

  • өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);

  • қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;

  • объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;

  • қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;

  • мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;

  • тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);

  • қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;

  • идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;

  • егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;

  • қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;

  • бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.

Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:

Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.

Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.

Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.
Кодтау және классификация жүйесі.

Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі. Объектілер классификациялары бойынша топтық белгілер: класс, классасты, топ, топасты, түрасты, тип болып аталады.

Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.

Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы. Практикада көбінесе классификацияның екі жүйесін: иерархиялық және фасеттік қолданады.

Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады. Иерархиялық жүйенің классификациясында әрбір топтың бөлінуі бір негізге байланысты өндіріледі. Әрбір деңгейде алынатын топтардың классификациялары жоғарғы тұрғанға бағынышты және қайталанбайды.

Классификацияның фасеттік жүйесі көпаспектілі жүйе классификациясына жатады.классификацияның фасет-аспектісі классификациялық тәуелсіз топтарын құрылуы барысында қолданылады.классификациялық фасеттік жүйесіндегі топтар тән фасеттерден алынған белгілер комбинациялар арқылы құрылады. Классификацияның фасеттік жүйесін құрғанда фасеттердің біріккен шығаруды және тек қана мәнді белгілерді сорттауды талап етеді.

Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі. Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.

Декодтау – кодтауға кері процесс.

Келесідегідей кодтау жүйесі қолданылады: реттік, сериялық, ұстанымды, шахматтық, қайталану кодтау жүйесі, біріккен.



Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.

Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:



  1. мәнділігі бойынша минималды;

  2. объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;

  3. бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;

  4. жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;

  5. қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.

Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.

Артықшылықтары: құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.

Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді.Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.

Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.

Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т.б.

Ұстанымды (разрядтық, ондық) кодтау жүйесі қиын, көп белгілі номенклатураларды кодтау үшін қолданылады. Әр классификациялық белгіге белгіленген разряд саны беріледі, олар сәйкестендірілген топтамадағы объектілер санына байланысты: мұндай кодтау жүйесі иерархиялық классификацияға сәйкес келеді, яғни белгілері бойынша классификациялық топтамалар белгіленген одан да үлкен белгілері бойынша топтамалардың кодына байланысты кодталады.

Артықшылығы: ұстанымды жүйе кодтардың бірқалыптылығын, әр классификациялық белгінің нақты белгіленуін, БУИ машиналқы қалпына келтіру үшін қолайлығын қамтамасыз етеді, бір белгіден артық кодтауға болады.

Кемшіліктері: бұл жүйе кодтың разрядын үлкейтуді талап етеді, ұстанымды кодтар құрылымының қиындығымен және олардың құрылымдық өзгеруінің икемділігінің жоқ болуымен мінезделеді.

Шахматтық кодтау жүйесі екібелгілі номенклатураларды кодтауда қолданылады. Мысалы, ақау себептері мен кінәліларын, жабдықтарды құруда. Артықшылығы: қолайлы, құрудағы қарапайымдылығы. Кемшілігі: кодтау белгілерінің санының шектелуі (тек қана 2).

Қайталану кодтау жүйесі әріптік немесе сандық белгілеуді қолданады, (мысалы номиналдардың сандық мәнін, салмағын, объектінің өлшемін) немесе олармен байланысты кейбір мәліметтерді, мысалы орналасқан жері, мекен-жайы сияқты.

Біріккен кодтау жүйесі жоғарыда келтірілген кодтау жүйелерінің қосылыстарын көрсетеді.

Артықшылығы: бірқалыпты, логикалы. Біріккен жүйе бойынша құрылған кодтардың неғұрлым рационалды құрылымы бар, икемді, иерархиялықпен қатар фасеттік классификация қағидасы бойынша құрылған көпаспектілі номенклатураларда да қолданыла алады.


Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы

Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.

Алайда осы тәрізді программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (кызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және протрамманың негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік ақпарат жүйелері құрылымы икемді және ашық жүйелі болу керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болған өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге өзгеріс енгізуге болады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принциптер бойынша іске асырылады.

Программалық өнімді программалаусыз қамтамасыз етуге тиісті икемділік, параметрлеуге негізделген. Икемді күйге елтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйені пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктер мен құрылымын қызмет көрсетуді іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерін сонымен қатар бухгалтерлік технологияларының өзгерісін тұжырымдайды. Бухгалтерлік технологияларының өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланысты құру алгоритімінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда икемдеуді бухгалтердің өзі атқарады.

Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгіз 1-2 айдан 3 жылға дейін, ал бейімдеу жұмысы мезретті (меню) икемдеу күйге келтіру, есеп беру нысанын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейің өзгереді. Қазіргі кезде әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу, деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар негізінде бухгалтерлік ақпарат жүйелерін (БАЖ) құрудың және оның жұмысының үлкен мәні бар.

Бухгалтерлік ақпарат жүйесін таңдау мынандай әр түрлі факторлардан: меншік нысандарынан (ЖШС, АҚ және тағы басқаларынан); кәсіпорын көлемінен; қызмет түрлерінің санынан; есептік және қаржылық операцияларының ерекшеліктері мен көлемдерінен; қолданылатын есептеу техникасы мен әр түрлі телекоммуникациялар құралдарынан; оның қолданылуының ұйымдастырылған нысандарынан (АЖО, ЖЕЖ, ГЕЖ) және басқаларынан тәуелді.

Есептік деректерді өвдеудің ең тиімді нысаны ретінде икемді әрі сенімді бухгалтерлік жүйелер құруға және жүйенің ақпараттық қорына желінің кез келген абонентінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құруды айтуға болады.

Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бағьпталған ақпараттық жүйелерді шартгы түрде үш топқа бөлуге болады:


  1. мини-жүйелер;

  2. шағын және орта кәсіпорындар үшін әмбебап жүйелер;

  3. ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.
    Мини-жүйелер айналымы үлкен емес және жүйенін жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған, оларға есеп теңге түрінде жүргізіледі. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С БУХГАЛТЕРИЯ жатады.

Әмбебап жүйелер терең талданыммен сипатталады. Оларда құндық есеп функциясы жүзеге асырылған және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС және тағы басқалары жатады.

Ірі кәсіпорыңдарға бағытталған ірі кешендер мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігінде бағытталған: негізгі құралдар; банктік операциялар; касса; жалақы; материалдар; қойма және тағы басқа осы сияқты АЖО-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралы, сонымен қатар енгізу және шығару нысандарының қуатты көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ІІРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, RS - баланс. СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және тағы басқалары жатады.

Қазіргі кезде Қазақстанда бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибеге бағытталған реформалау үрдісі белсенді жүргізілуде. Реформа кезеңдерінің бірі 1997 жылдың 1 қаңтарында жасалып, қабылданган бухгалтерлік есептің ұлттық стандартын айтуға болады. Бұл шетелдік капиталы бар фирмаларды және Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын-резиденттерінде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесін жүріізуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе есебін таңцағанда оның тиімділігін, сенімділігін, бейімділігін, құндық көрсеткіштерін және тағы басқаларын ескеру қажет.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ақпараттық жүйенің негізгі қағидалары қандай?

2.Бағдарламаның ішкі жүйелері қалай қалыптасады?

3.Бухгалтерлік ақпарат қалай рәсімделеді?

4.Операцияларды тіркеу қалай жүргізіледі?

Тақырып 3. Есеп жүргізудің құрылымдары
Дәріс сұрақтары

1. «1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде технологиялық құралдары

2. «1С: Кәсіпорын» программасының режимдері
«1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде технологиялық құралдары.

«1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде интерфейс құруды және ақпараттарды өңдеудің спецификалық алгоритмдерін сипаттау үшін келесі арнайы технологиялық құралдар бар болады:



1. Кіріктірілген программалық тіл. Кіріктірілген тілдің қажеттілігі жүйенің өспелі концепциясымен анықталған.

Кіріктірілген тілдің синтаксисы жоғары дәрежелі тілдердің стандартарына толығымен жауап береді.

Тіл пәндік-бағытталған болып табылады. Ол жүйенің конфигурациясымен анықталған пәндік мәліметтердің мамандандырылған типтерін камтиды. Мұндай типтер мәліметтерімен жұмыс тілде объектілік техниканың қолданысымен ұйымдастырылған. Тіл қолданылушылардың біреше түлеріне бағытталған. Атап айтқанда, мәліметтердің нәзік типтедірілуі және қателіктер мүмкіндігін азайтатын синтаксистік құрылымдарына қатаң тәртіппен ерекшеленеді.

Жүйе өз құрамында көрнекті (визуалды) және тілдік конфигурациялау құралдарын иемденгендіктен, жүйедегі кіріктірілген тілдің қолданылуы белгілі жағдайлар мен тікелей байланысты болды, яғни тіл модельдері конфигурацияларлар үдерісінде орнатылатын жеке алгаритмдерді өндеу үшін нақты жағдайларда қолданылады. Осылайша, мысалға, құжатқа қатысты жаңа құжатты енгізу кезінде реквизиттердің автоматты түрде толтыру алгоритмін бейнелеуге болады. Бұл процедура жүйемен қажетті уақытта шақырылып отырады.



2. Сұраныстар механизмі. Күрделі құрылымды есеп берулерді алу үшін жүйеде пәндік-бағытталған сұраныстар механизмі қарастырылған. Бұл құрал жүйенің ақпараттық базаның шартты-ауыстырылмалы құрылымына негізделеді, бұл жеткілікті қиындатылған сұраныстарды салыстырмалы түрде жеңіл бейнелеуге көмектеседі.

3. Кіріктірілген мәтіндік редактор жүйемен кіріктірілген тілдегі програмдық модульдерді құру және мәтіндік түрдегі құжаттады түзету үшін пайдаланылады. Редактордың ерекшеліктерінің бірі болып кіріктірілген тілдің синтаксистік конструкцияларды контекстті түспен ерекшелеу мүмкіндігі табылады. Жүйенің кіріктірілген тілінің мәтіндерді басқарудың (манипуляциялау) күшті құралына ие болғандықтан, мәтіндік пішім басқа әр түрлі ақпараттар жүйелерімен алмастыруға үздік қолданылуы мүмкін.

4. Диалогтардың кірістірілген редакторы. Күйге келтірілетін құрылымдағы мәліметтермен жұмыс және МS Windows операциалық жүйесі интерфейсінде жұмыс істеу ақпаратты өңдеу мен енгізу нысандары өз бетімен күйге келтіру қажеттілігін тудырады. Бұл үшін «1С Кәсіпорын» жүйесінде кіріктірілген экрандық диалогтар редакторы бар. Жүйеде пәндік ақпараттарды (құжаттарнысаны, сұраунама, есеп берулерді күйге келтірулер) қарауға және енгізуге қолданылатын көптеген терезелерді рәсімдеуге көмектеседі.

5. Кестелік құжаттардың кіріктірілген редакторы. Барлық шығыс құжаттары (алғашқы құжаттар, есеп берулер) үшін жүйеде кестелік құжаттардың бірыңғай пішімдері қарастырылған. Бұл құрамында кестелік құрылымы мен веторлық графиканың рәсімдеушілік мүмкіндіктерін енгізетін күшті құрал. Сондықтан да ол өте қиын құрылымдық сызығы бар кішкентай құжаттар (төлем тапсырыстары сияқты), сонымен қатар көлемді ведомостер, журналдар және сол сияқты басқа да құжаттарды құруға қолданылуы мүмкін. Кестелік құжаттар қолданылушыларға рәсімдеу мүмкіндіктерінің (қаріп, түс, сызық, оюлар) үлкен жиынын береді. Графикалық түрдегі (диаграммалар) ақпаратты шығару мүмкіндігі бар. Кестелік редактордың негізгі ерекшеліктерінің бірі болып, «1С:Кәсіпорын» жүйесінің кіріктірілген тілі көмегімен есеп берулердің құрылуына бағытталуы есептілінеді. Есеп берулердің құрылуының иілгіштігі оның көмегімен секцияларды (құжат аумақтары) басқару механизмінің бар болуының көмегімен мүмкін болады. Кестелік редактор тек тік секцияларды ғана емес сонымен қатар көлденең секцияларында басқаруға мүмкіндік береді, бұл есеп берулердің құрылуын тек ұзындығына ғана емес, сонымен қатар ені бойынша да масштабтауға мүмкіндік береді. Және де сонымен қатар басқа жағынан, мәлуіметтерді енгізудің құралы және оларды өңдеу мен бейнелеудің интерактивті кесте түріндегі есеп беруді құру мүмкіндігі де өндірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет