1. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары


Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан



бет18/20
Дата27.01.2022
өлшемі56.23 Kb.
#454869
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кеніакционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді.

Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.



1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды.

Лесли Уркварт және оның компаниясы қарамағында сол кезде Оралдың түсті кен әндірісі ошақтары болды. Британ қаржы олигархиясының аса ірі екілі Л.Уркварт басқарған ағылшын-американ кәсіпкерлері аса бай Кенді Алтай және Екібастұз өңірінде ескі кәсіпорындарды қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуға кірісті.

Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыды. Сауда операцияларынан көп пайда түсетін болғандықтан, орыс және жергілікті буржуазияның ауыр өнеркәсіпті дамытуға ынтасы болмады. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп ірі капиталды қажет етті. Дегенмен өлкеде көмір, мұнай, мыс кендерін өндіретін кәсіпорындар ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет