1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


) Шикізатты дайындау жəне байыту процестерін көрсетіңіз



бет8/35
Дата06.02.2024
өлшемі149.7 Kb.
#490984
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
охт сессия (копия)

11) Шикізатты дайындау жəне байыту процестерін көрсетіңіз.
Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз жəне зиянды бөгде заттар болады. Көптеген жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі.
Шикізатты дайындаудың ең маңызды əдісі – шикізатты байыту болып табылады.
Шикізатты байыту - концентрациядағы жеке компоненттің мөлшерін арттыру болып келеді. Шикізатты байыту əдістері – олардың фазалық күйіне тəуелді. Шикізатты байыту жəне
дайындаудың негізгі əдістері төмендегідей.

  • гравитациялық байыту ,

  • электромагниттік байыту ,

  • электростатикалық байыту ,

  • флотация,

  • термиялық байыту

  • химиялық байыту болып бөлінеді.

Гравитациялық байыту. Бұл əдіспен негізінен қаттылығы немесе тығыздығы əртүрлі минералдарды бөледі. Көбінесе, ылғалды байыту сулы ортада орындалады.
Электромагниттік байыту ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген. Электромагниттік байыту əдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір тас, қоңыр темір тас, темір колчедан жəне т.б. байытуға қолданылады, осы əдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған темірлерді, темір жаңқасын қоладан бөліп алуға болады.
Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлі бөлшектердің электрөткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген.
Флотация– физикалық-химиялық байытуəдісі, əрі көп қолданылатын əдіс Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген.
Термиялық байыту ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
Химиялық байыту шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық реагенттермен əрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық реакциялар нəтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы, газға айналуы, балқыған күйінде, т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін.
Сұйық материалдарды байыту: еріткішті буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды буландыру – десорбция) сияқты əдістерге негізделген.
Газдарды байыту белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет