Комплексті қосылыстар – қатты күйінде де, еріген күйінде де өз құрамын тұтас сақтайтын күрделі иондардан
немесе молекулалардан тұратын қосылыстар.
Комплекс түзуші ион (орталық атом) – комплексті қосылыстың молекуласының орталығында орналасқан, көбіне
оң зарядты болып келетін ион.
Комплекстүзушілер негізінен бос электрон орбитальдары бар d- немесе f- элементтерінен құралатын иондар.
Лигандалар (аддендалар) – орталық атомды қоршай орналасатын молекулалар, атомдар немесе иондар.
Орталық атом мен лигандалар бірігіп
ішкі координациялық сфераны құрайды, Комплексті қосылыстың химиялық
формуласында ішкі сфера квадратты жақшаның ішіне жазылады.
Орталық атоммен тікелей байланыспайтын, ішкі сфераға орналаспай қалған иондар комплекс қосылысының с
ыртқы
координациялық сферасын құрайды.
Лиганд пен хелаттың
басты айырмашылығы -
лигандтар - электрондарын орталық атоммен
координациялық
байланыс
арқылы беретін немесе бөлетін химиялық түрлер, ал хелаттар - айналасындағы лигандтармен байланысқан
орталық атомы бар қосылыстар .
31. Кешендердің тұрақсыздық жəне тұрақтылық константалары.
Достарыңызбен бөлісу: