КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі таңда білімдер аймағы мен жүйесінде жеткіншектердің өз мінез-құлықтарын саналы реттеу және ондағы ауытқуларды жою мәселесін зерттеу жұмыстары көп кездеседі. Солардың бірі адамның индивидуальды психологиялық ерекшелігінің табиғаты, тұқымқуалаушылықтың ролі және оның орта жағдайына қалыптасуын зерттейтін ғылым- психогенетика.
Бүгінгі біздің қоғамымызда адам жанын алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Солардың бірі қиын балалардың көптеп кездесуі. Әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың да салдарынан дүниеге қиын балалар легі толастамай отыр.
Психологиялық аутқушылықң қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік, жалпы алғанда заңға қарсы мінез-құлықтың барлығы бір блокты бейнелейді. Сонымен қатар жасөспірімдердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да түрлеріне араласу деңгейін жоғарлатады.
Қазақстанда жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде педагог, психолог ғалымдардан Л.К. Керімов қиын жасөспірімдерді жеке дара қайта тәрбиелеу мәселесімен [1] девиантты мінез-құлық психолгиясымен И.К. Аманова [2], А. Жаңғабылова [3], Л.С. Байсеркеев [4], ал шетелдік және кеңестік психологияда И.И. Мамайчук [5], Ф, Райс [6] және т.б. үлкен үлес қосты.
Заңға қарсы мінез-құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу деңгейімен, психикалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал бұл кейде кейбір жағдайларда көрсеткендей, әлеуметтік факторға да сәйкес келіп отырады.
Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да біржола түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе, жасөспірімдерге ауыр тиді. Себебі олар жас ерекшеліктеріне байланысты тұрақсыз, қолайсыз жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз мінез-құлық ауытқушылығын сөз еткенде ең алдымен жасөспірімдерді есепке аламыз.
Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дұрыс психологиялық қолдау күтеді. Жасөспірімдер мінез-құлқындағы аутқушылық түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін, бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез акцентауациясы, темперамент қасиеті, психикалық аурулармен ауруы, т.б.) жанұядағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиесіндегі жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылсуы) мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады. Жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығы формалары әртүрлі болып келеді. Мінез-құлық ауытқушылығы уақытша және күнделікті, тұрақты және тұрақсыз формалармен кездесуі мүмкін.
Психолог мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың жанұясында қадағалап отыруы тиіс.
Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажеттіліктің фрустрациясына алып келеді. Олар ата-анасынан артық мейірімділікті қажет етеді. Соның салдарынан мұндай жасөспірімдердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықының адекватты емес формаларының көрінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |