1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде


Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы



бет6/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
киын бала - дипл

Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы

Қазіргі қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты. Сонымен, қазіргі социологтар мен психологтардың еңбектерінде жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар: макрожағдай мен микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай негізінде қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, партиялық басшылық, қоғамдық сана формалары, тап және ұлттар қатынастары т.б. жеке адамның қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың адамгершілік белгілерді сақтап құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамайды, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламау қылықтары коллективте, топта, жанұяда, жора-жолдастарының арасында т.б. Микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-аналарының арасында жасалынады.
Психологиялық және психофизиологиялық ауытқулармен байланысты себептер
М.Раттер (1987) деректері бойынша балалардың 5-15 пайызы психологиялық ауытқулары бар. Ал бұған эмоционалды бұзылулармен қоса, онда мәселенің негізі және себептері түсінікті болады. Бұл балалардың тек қана аз бөлігі психиатрға барады (ал біздің елде психиатрға бару мүлдем аз). Сол М.Раттердің айтуы бойынша бұл мәселелерді шешуде медицинамен байланысы жоқ педиатрлар мен педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар ат салысуы керек. әрине, бұлар диагноз қоя алмайды, бірақ симптомдарын көрсетіп, қажет болған жағдайда баланың ата-аналарына дәрігерге бару керектігін айтады. Симптомдар арасында М.Раттер ең алдымен мыналарды атап көрсетеді [6]:

  • оның жасына және жынысына сәйкес баланың адеквантты қорқыныш сезімі. Мысалы: жақын адаммен айырылысу кезіндегі, сәби кезде бұл қалыпты, ал жасөспірімдік кезде бұл қалыпсыз;

  • қорқыныш сезімнен көп уақытқа дейін арылмау, қысқа мерзімді қорқыныш сезімі, ештеңе естігісі келмеуі, балалардың көбісінде болады. Бірақ бұл сезімдер көп уақыт бойы сақтала берсе, онда қалыптан ауытқу деп саналады;

  • баланың тәртібінде күнделікті тәртібінен ауытқу пайда болуы, егер бұны қалыпты даму жағдайынан түсіндіру қиын болса;

  • ауыр және қайталанатын симптомдардың пайда болуы. Мысалы: ата-аналары балада түнгі қорқыныш сезімі пайда болады деп санайды. Егер олар мұны баланың сөзінен айтса, бұған аса көңіл аударып керек жоқ. Ал егер ол түнде жылап оянатын болса және бұл жиі қайталанып тұрса;

  • бұл симптомдардың біреуі ғана болса, бұған аса көңіл аударып қажеті жоқ. Ал бұлардың барлығы да бір уақытта болып, психологиялық өміріне әр жақтарына кесірі тиіп тұрса.

Әрине жоғарыда көрсетілгендердің барлығы да баланың дамып жатқан ортасына байланысты. Бұған қоғамдағы этикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескерту қажет.
Психологтар мен психиаторларда ауытқудың қандай деңгейде екенін анықтайтын әдістемелер бар. Олар педагогтармен бірге тәртіптегі педагогикалық түзетулер әдістерін құрастыра алады. Мұғалімнің медицина саласына байланысты мағлұматы болса да ол балаға диагноз қоя алмайды. Ал егер де ол баланың қандай жағдайда екенін білсе, бұл жөнінде балаға және оның ата-аналарына айтпауы керек, себебі олардың сенімін жоғалтыпалмас үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет