1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде


Ересектік дағдарысымен байланысты себептер



бет7/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
киын бала - дипл

Ересектік дағдарысымен байланысты себептер.
Мектеп жылдарындағы баланың дамуы барлық кезде де жайлы өтпейді. 7-17 жас аралықтарында өсіп келе жатқан адам бірнеше даму сатысынан өтеді, олардың әрқайсысында коммуникативті қабылдау өзгеріске ұшырайды. Жиі түрде қалыптасқан ұғымдар мен жағдайлардың, армандар мен әдеттердің өзгерісі тез арада туындайды. Онда бала бұл жағдайда неліктен мұндай өзгеріс болғанын түсіне алмай, бейімделе алмай қалады. Осылай балалар мен жасөспірімдер мектептік кезеңде бірнеше дағдарыстық жағдайларда болады. Осыған сай балалардың көбісі бұл кезде «қиын» балалар қатарынан шығады.
Психолог Р.С.Немовтың айтуы бойынша бір физикалық және психологиялық жастың екіншісіне өткен кезде жастық дағдарыстар туындайды. Осылай әрбір дағдарыста қиратушылық және құрастырушылық мін бар [7].
Мектеп жасындағы балалардың дамуын екі этаппен айтып көрсетуге болады: кіші мектептік жас (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін) және орта, үлкен мектеп жастары (10-11 жастан 16-17 жасқа дейін). Екінші этап жасөспірімдік (10-11 жастан 13-14 жасқа дейін) және ерте жеткіншектік жастарға (13-14 жастан 16-17 жасқа дейін) бөлінеді.
Кіші мектептік жастан жасөспірімдікке өту дағдарысы ағзадағы физиологиялық өзгерістерге, ересектиермен қалыптасып жатқан қатынастарға және тұлғаның дамуына интеллектуалды дамып жатқандығымен байланысты.
Бірақ жасөспірімдік жаста да, ерте жеткіншектік жаста да дағдарыс оқушыларда әрбір жерде «тосып тұрады». Жасөспірімдік жас - өсу, даму, ержету жасы. Өзгерістер, оның ішінде қарым-қатынастағы өзгерістер тез арада болады. Американ психологы А.Гезелл жасөспірімдік жастың классификациясы мен периодтылығын құрастырады.
10 жас – бұл алтын жас, осы кезде бала өмірді оңай қабылдайды, ата-аналарымен тең, сыртқы келбетімен байланысы жоқ.
11 жаста ағзада өзгерістер бола бастайды, бала импульсивті, көңіл-күйі жиі өзгереді, құрбыларымен, ата-аналарымен қақтығысы мол.
12 жаста мұндай қатынас кішкене басылады, әлемге қатынасы оңалады, отбасынан алыстайды, сол уақытта құрбылармен жақын болады. Бұл жастың негізгі ерекшеліктері – ақылдылық, әзілқойлық, шыдамдылық, сырт келбеіне көңіл бөлушілік және өзіне қарсы жынысқа қызығушылық.
13 жаста балалар өз-өздеріне сынды және сынға төзімді, өз-өздеріне еніп кетеді, психологиямен қызыға бастайды, ата-аналарына сынды қарайды, достықта таңдаулы болады. Көңіл-күйіндегі өзгерістер жоғары болады.
14 жаста интроверсия экстроверсияға ауысады, жасөспірім экспонсивті, көпшіл, жылдам, өз-өзіне сенімді бола бастайды. Экспонсивтілік көпшілік болуымен, адамдарға әдейі неше түрлі сұрақтар қоюымен көрінеді.
15 жастағылары бір формада бөліп көрсетуге болмайды, себебі тұлғалық ерекшеліктері мол. Бұл жастағы ерекшелік жасөспірімнің мектептен, ата-анадан тәуелсіз болуға ұмтылумен белгілі. Тәуелсіздікке ұмтылудың оңтайлысы баланың өзін-өзін қадағалаумен және тәрбиелеуінің алғашқы кезеңінің басталуы. Бұл оның кері әсерлерге бейім болуы қаупін жоғарылатады. Топқа қосылу қажеттілігі туындайды.
16 жаста қайтадан тепе-теңдік туындайды, өмірге деген құштарлық өседі, адамдармен қарым-қатынасы жоғарылай бастайды, келешекке ұмтылыс болады.
Әрине автор бұл жастардағы ерекшеліктердің кейбір жақтарын ғана көрсете білді. Шындыққа келсек, жасөспірімнің жылдам өсуі және мәдени - әлеуметтік өзгешеліктер мәні өте жоғары. Бірақ осы анықтамаларға сүйене отырып жасөспірімдерді жастарына қарай топтап, олармен қарым-қатынас жасау жүйесін құруға болады.
Сонымен бірге психофизиологиялық және әлеуметтік себептер де араласып кеткен классификациялықта болады. Осылай Т.Клай (1991) жеткіншек қылмыскерлердің бес типін бөліп көрсетеді [8].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет