Орташа құны әдісі (орташа бойынша).
Материалдық қорлар құны – бұл есеп беру мерзімінің басында қолданыстағы тауарлар мен нақты мерзім аралығында сатып алынған барлық тауарлар қосындысының орташа құны, деп жорамалданады.
3. тарау «Орта»
«Орта» тарауында жобаның іске асырылуы жоспарланған қаржы-экономикалық орта сипатталады. Мұнда кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің сыртқы шарттарын анықтайтын мәліметтер енгізіледі, олар: валюталардың параметрлері, инфляция көрсеткіштері, салық салу шарттары.
Экономикалық ортаның сипатталуы
Кәсіпорынның іс-әрекетін модельдегенде және жобаны құрастырғанда сыртқы орта факторларының ықпалын ескеру қажет: салық ортасының, инфляцияның, ақша есебін жасау үшін кәсіпорын қолданатын валюта курсының өзгеруі.
Project Expert талдау жүйесімен сіз жобаның іске асылуы жоспарланған қаржы-экономикалық ортасын оңай сипаттайсыз және экономикалық ортадағы өзгерістерді болжамдайсыз.
Жобаны құрастырғанда ақша құралдарының ұлттық валютамен қатар шетелдік валютаның жүрісін де, мысалы импорттық-экспорттық келісімдер жасағанда есепке алу тапсырмасы жиі қойылады. Ол үшін жүйеде жобадағы негізгі және қосымша валюталарды таңдау мүмкіндігі ескерілген. Жобадағы екінші валюта инвестиция тиімділігінің көрсеткіштерін биязы есептеудің қажетті шарты болып саналады. Жүйеде формулалар арқылы жобадағы негізгі және қосымша валюталардың бағытын әртүрлі базалармен байланыстырып, бағыттық инфляцияның күрделі схемасын сипаттауға болады.
3 сурет. Project Expert-те салықтарды сипаттау
Бұл жүйе жобаның инфляциялық суретін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сіз инфляцияның жеке көрсеткіштерін және белгілі бір топты (шығындар баптарын), сонымен қатар өнімдер мен қызметтердің жеке түрлерін сипаттайтын жылдық және ай сайынғы көрсеткіштердің өзгеру келешегін енгізесіз.
Project Expert салық жүйесінің ерекшеліктерін көрсетуге көмектеседі. Осы жүйе ұсынылатын салықтар үшін төлемдердің күші бар мөлшерлемелерін ескеріп, қазақстан заңнамаларында бекітілген негізгі салықтар түрлерінің тізімін береді және ұсынылған тізімнен салық салу базасын таңдауға және формула бойынша кез келген салық үшін өз бетінше анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |