1. it индустриясының дамуы


Автомат-ақпараттың жүйенің негізгі элементі.Абстрактілі ақпараттар



бет5/6
Дата19.12.2022
өлшемі97.5 Kb.
#467469
1   2   3   4   5   6
инф тариххы 1-14 сұрақтар

9.Автомат-ақпараттың жүйенің негізгі элементі.Абстрактілі ақпараттар
Әдетте автомат деп нәтижесінде материалды объектілердің, энергияның немесе ақпараттың түрленуі болатын белгілі бір амалдар тізбегін адамның қатысуынсыз орындайтын құрылғыны атайды. «Адамның қатысуынсыз» деген кезде амалдың орыналуы кезінде анық адамның басқаруы болмайды деген ұғым айтылып тұр. Дегенмен шын мәнісінде басқару жүргізіледі, бірақ адамның алдын-ала құрып, құрылғыға енгізген программасы арқылы. Бұдан әрі тек дискретті формада көрсетілген ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғыларды ғана қарастырамыз.
Құрылғы сыртқы ортамен ақпарат алмасатындықтан оның ақпарат енгізілетін енгізу каналы болу керек, сол сияқты түрлендіру нәтижесі берілетін шығару каналы болу қажет. Бұдан басқа, құрылғыда оның ағымдағы қалпы бекітілетін жадысы болу керек; жалпы жағдайда өңдеу нәтижесі енгізілген әрекеттер мен құрылғының ішкі қалпы арқылы анықталады. Айталық, енгізілетін ақпаратты көрсету үшін қанадай-да бір шекті Х алфавиті (енгізу алфавиті) қолданылсын, ал шығарылатын ақпаратты көрсету үшін Ү шекті алфавиті (шығару алфавиті) қолданылсын.
X Q Y
Алфавиттің шектілігіне талап ақпаратты өңдеу уақытының шектілігіне байланысты. Ішкі қалпы ішкі алфавит деп есептеуге болатын дискретті жиынтықты құрайды – Q деп белгілейміз.
1 0.ЭЕМ буындары.Есептеу техникасының дамуы
ЭЕМ-нің бірінші буыны (1949-1958ж.)
1. 1949ж. Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.
2. XX-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы – секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағраламалар машиналық кодтарда жүргізіледі, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.
ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1963).
1. 1948ж. – транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.
2. 1959ж., - АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды.
3. Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылды. 
ЭЕМ-нің үшінші буыны (1964-1976ж.).
1. 1958ж. – Джек Килби бірнеше транзисторды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.
2. 1959ж. – Роберт Нойд ең алғашқы ЭЕМ-і деп IBM/360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.
 ЭЕМ-нің үшінші буынына тән ерекшелік – бұл операциялық жүйесінің болуы, мульти-бағдарламалау мен ресурстарды (шалғай құрылғыларды), ЭЕМ-нің өзінің аппараттық бөлігін немесе тікелей операциялық жүйені басқару мүмкіндігінің пайда болуы.
ЭЕМ-нің төртінші буыны (1977 – қазіргі кез): 
1.Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай, оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды.
2.1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.
3.1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған "Лейбництің тісті дөңгелегі" деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу амалдарын орындайтын еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет