1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


ХХ ғ. 60 жж. екінші жартысы мен 70 жж. Үндістандағы ішкі қарама-қайшылықтардың арта түсуі



бет11/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

11. ХХ ғ. 60 жж. екінші жартысы мен 70 жж. Үндістандағы ішкі қарама-қайшылықтардың арта түсуі.

Тәуелсіздікті жеңіп алу барысында Үндістанда әр түрлі әлеуметтік-саяси күштер арасында мүдделер алшақтығы байқалды. Үндістан Ұлттық Конгресіне қарсы оппозицияда әр түрлі ша проүндістік партиялармен қатар коммунистік, социалистік, шаруа-жұмысшы халықтық партиялары болды. Бұл партиялар ҮҰК-нің ішкі және сыртқы саясатын қатты сынға алды. Елдің ішкі жағдайына келгенде оппозициялық партиялар ҮҮК-нің әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты позициясын аяусыз сынның астына алды.


Бұның басты себебі, ҮҰК-де осы партиямен байланысқан әлеуметтік жіктердің ірі капиталистер мен ірі жер иеленушілерден бастап, интеллигенция, қала мен ауылдық ұсақ буржуазия мен еңбекші бұқарасына дейінгі әр түрлі топтардың мүдделерінің тоғыспауы болды. Джавахарлал Неру халық арасындағы кең танымалдығы арқасында Конгресс пен бүкіл елде өзінің интеграциялаушы қызметін атқара алды. 1964 жылы Неру қайтыс болған соң ҮҮК ішіндегі оңшыл топтардың белсенділігі арта түсті.
1967 жылы Үндістанда өткен сайлаулар ҮҰК-ның парламент пен штаттардың заң шығарушы жиналыстарындағы орындарының бір бөлігін жоғалтқандығын көрсетіп берді. Үндістан үкіметінің тізгінін өз қолына 1966 жылы алған Индира Ганди (Дж. Нерудың қызы), Конгрестің атағын қайтадан қалпына келтіруге талпынды. Ол өзінің жақтастарына арқа сүйей отырып, ұсақ өндіріс пен мемлекеттік сектор саласын кеңейтуді ынталандыратын жаңа реформалар жүргізуге бет алды. И. Ганди елдегі ірі 14 банк пен көтерме сауданы мемлекеттің қарауына өткізу туралы заңды қабылдатты. Бүкіл Үндістан территориясында банктер филиалдарының құрылуы, банктік депозиттердің ұлғаюына, қаржының қорлануына және мемлекеттік секторды дамытуға қажетті ассигнациялардың өсуіне алып келді. Сонымен қатар, үкімет монополиялардың қызметіне шектеулер қойып, шағын жерлерге салынатын салықтың көлемін азайтты және жер көлемін иемденудің жоғарғы деңгейін қысқартты. Жүзеге асырылған осындай шаралар нәтижесінде ҮҰК ел шіндегі өз беделін қалпына келтіре алды. Осы іспеттес прогрессивті реформалар жалғаса берді, бірақ бұндай жоспарларды жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың ұлғаюы мемлекеттік сектор тиімділігінің төмендеуіне алып келді. Оның үстіне 1972-1975 жылдары бірнеше рет қайталанған құрғақшылық, миллиондаған босқындардың көбеюіне алып келген Пакистанмен арада болған соғыс, энергетикалық дағдарыс елдің экономикалық және саяси өміріне барынша теріс әсер етті. XX ғасырдың 70 жылдарының ортасына қарай елдегі саяси өмір шиеленісе түсті. Оппозициялық күштер елде арандатушылық әрекеттер ұйымдастырып, үкіметті төтенше жағдай енгізуге мәжбүрледі. Осындай жағдайда бірқатар консервативті саяси партиялар «Джаната парти» деп аталатын блок құрды. Бұл блок 1977 жылғы Үндістандағы парламенттік сайлауда жеңіске жетті. ҰҚК алғаш рет жеңіліске ұшырады. Сайлаудан көп ұзамай біріккен оппозициялық күштердің сипатының берік еместігі мен олардың сайлаудағы жеңісінің баянсыздығы белгілі па бола бастады. Олардың арасында үкіметті құру барысында алауыздықтар пайда болып, «атаққұмарлық күрес» өрши түсті. Халық бұқарасына берген уәделер орындалмады, азық-түліктің, өндірістік тауарлардың бағасы өсіп, салық пен инфляция ұлғая түсті. Осының барлығы Индира Ганди мен оның жақтастарына 198 1980 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет