1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі Жапонияның капиталистік дамуы. Мейдзи «ағартушылық» революциясы



бет2/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

2.ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі Жапонияның капиталистік дамуы. Мейдзи «ағартушылық» революциясы
1867-1872 жылдардағы Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және жүргізілген
реформалар. 1867-1868 жылдар аралығында елде азаматтық төңкеріс орын алды.Төңкеріс нәтижесінде сегундық жойылып, император билігі қайта жанданды. Токугава әулетінің соңғы сегуны орнынан қуылды. Мемлекетті басқаруда сегундықтың орнына батыс елінің басқару формасына негізделген жаңа үлгі орнады. Осылай етек алған саяси реформалар мемлекеттің барлық салаларына кіріп, Жапон елі жаңа бағытқа бет бұрды. Әсіресе, өнер-білім мен оқу-ағартуға баса мән берілді. Ғылымға ұмтылыс пен саяси реформа нәтижесі Жапонияны, 1894-1895 жылдардағы Жапон-Қытай, 1905 жылдағы Жапон-орыс шайқастарында, сыртқы ел санасуға тиіс қуатты күш, мықты мемлекет ретінде танытты.
Осы уақыт Жапония тарихында Мейдзи дәуірі деп аталады, яғни бұл – Мейдзи императоры таққа отырған 1868 жылдан 1912 жылға дейінгі кезең. 44 жылда Жапон елі өте қатты өзгерістерге ұшырады. Шығыс пен Батыс мәдениетін үйлестірген жапонша даму нұскасын қалыптастырды. Бір кездері, яғни «жабық есік» саясаты кезінде «дүние жарығынан меңіреу болып, өзінің, өзгенің не күйде екенін білмей отырған қалпынан» айналасы 20-30 жылдың ішінде өндірісі дамыған, индустриалды елге айналды.Мейдзи жаңғырығы аталатын 1868-1890 жылдар аралығында Жапон мемлекеті әр салаларда нақты реформаларды жүзеге асырды. Мұндай реформалар экономиканың, демократиялық принциптердің алға жылжуына оң ықпалын тигізді.Мемлекетті куаттандырды. Соның бірі - мемлекеттің саяси-құқықтық түрленуі.1868 жылы ақпан айында сегунды жақтаушы күштерді түбегейлі жеңгеннен кейін император жаңа билік кезеңіне «Мейдзи дәуірі» деген атау берді. Ел астанасының Эдо атын Токио деп өзгертеді. Өз айналасына іскер, ұлтшыл кеңесшілерін топтастырған тақ иесі осы жылдың сәуірінде Жапон елінің идеологиялық тұғырнамасына айналған «Бес тұжырымын» жария етеді:
1. Орталықтандырылған Жапон елін құру;
2. Капиталистік өндірісті жан-жақты дамыту;
3. Феодалдық әлеуметтік жікті жою;
4. Шетелдермен қарым-қатынасты нығайту;
5. Елді көркейтуге Батыстың білімін игеру.
Осы өзгеріс аясында бұрынғы әкімшілік құрылымды жойып, 1871 жылы Жапония жаңадан 47 әкімшілік аумаққа бөлінеді. 1889 жылы елде жаңа заң қабылданады. Жаңа заңның нұсқасын дайындауда Жапон оқымыстылары мен билік реформаторлары тізе қосып жұмыс жасайды. Император бұйрығымен 1882 жылы Ито Хиробуми бас болған мемлекеттік комиссия Еуропа елдерінің конституциялық тәжірибелерін зерделейді. Батыс елдерінің ең озық, сыннан өткен заңдарын сараптайды.Реформаның екінші бір бағыты - ағарту саласы. Мейдзи жаңғырығының ең өткір тұсы - халықты ағарған, білімді жұрт жасау мұраты. Оқу-оқыту өзгерісінде жапондар ең бірінші «міндетті оқыту» жүйесін енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет