1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


жылдың көктемінде Шанхайда ағылшы



бет9/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

1923 жылдың көктемінде Шанхайда ағылшын полициясының студенттер ереуіліне оқ атуына байланысты буржуазияның, студенттердің, жұмысшылардың империалистерге қарсы қозғалысы басталды. Бұл стихиялық патриоттық өрлеу, кейіннен «30 мамыр қозғалысы» деп аталды. Қытайда империалистерге қарсы ұлт-азаттық революция басталды. Оның негізгі ұрандары: Қытайдың егемендігін қалпына келтіру; империалистердің тыңшылары болып табылатын феодалдық милитаристердің билігін құлату және Қытайды демократиялық ұлттық үкіметтің басшылығымен біріктіру болды. Революцияға басшылық жасауды Гоминьдан
партиясы өз қолына алды. Гоминьдан өз бойына ұлттық-революциялық саяси партияның сипаттарын (билікті қарулы күрес арқылы басып алу), сондай-ақ, Қытайда әлеуметтік-экономикалық қайта құру және жаңартуға кіріскен ұлтшыл-реформашыл партияның белгілерін жинақтаған партия ретінде таныла бастады.
Қытайдағы революция елдің тәуелсіздігі үшін қоғамның барлық топтары қатысқан жалпы ұлттық империалистерге қарсы күрестің және пролетариаттың дербес таптық және қала кедейлерінің қозғалыстары мен кейбір провинциялардағы шаруалардың жеке бой көрсетулері тоқайласқан күрделі құбылыс болды.
1925 жылдың қазан-желтоқсан айларында генерал Чан Кайши басқарған гоминьданның ұлттық үкіметі Гуандун провинциясындағы милитаристерге қарсы әскери жорық бастады. Ұлттық революциялық армияның солтүстік жорығы 1926 жылдың шілдесінде басталып, 1928 жылы аяқталды. Бұл жорықтың бірінші кезеңінің барысында Орталық Қытайдағы біраз милитаристер талқандалды. 1927 жылдың сәуірінде Нанкин мен Шанхайды басып алғаннан кейін Чан Кайши астананы Нанкинге көшіріп, нанкин үкіметін құрды. Оны солтүстіктегі милитаристік күштер
қолдады. Орталық билікті қолға алғаннан соң Чан Кайши (содан соң басқа да гоминьдан жетекшілері) өздерінің бақылауынан шығып бара жатқан, коммунистер бастаған қозғалыстарды тікелей басып-жаныштауға кірісті. Ірі державалар кірісуінен жұмысшы табының тәжірибесінің аздығынан, шаруалардың саяси білімінің жоқтығынан 1925-1927 жылдары революция жеңіліске ұшырады. Бірақ тарихта үлкен із қалдырды - Қытай жұмысшылары, шаруалары тәжірибе жинақтады; КСРО-мен жақсы қарым-қатынас орнатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет