1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы



бет1/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды


1.Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы.
Жаңа дәуір қарсаңында Азия және Африка елдерінің қоғамдық-экономикалық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Осман империясы, Қытай, Үндістан, Жапония сияқты мемлекеттерде феодалдық құрылыс өзінің дамыған, яғни феодалдық қоғам негізінде бұл елдерде капиталистік қатынастардың тууына алғышарттар қалыптасқан кезеңіне аяқ басты. Алайда Солтүстік Африкадан Жапония мен Индонезияға дейінгі көптеген елдерде жаңа дәуірдің басталуы қарсаңында феодалдық қатынастар қоғамдық-экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналды. Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың ұлан-ғайыр территориясын мекендеген халықтар көшпелі өмір сүрді. Европалықтардың Шығыс елдеріне ықпалы ХҮІ ғ. Португалиялық теңіз державасының қалыптасуынан басталады. ХҮ-ХҮІ ғ. европалық державалардан Португалия отарлық басқыншылықтардың негізін салады.
«Азия және Африка елдерінің тарихы» курсы жаңа және қазіргі заман тарихын қамтыған екі үлкен кезеңді зерттейді. Лекцияның бірінші бөлімінде жаңа кезең тарихы (XVII ғасырдың ортасы – XX ғасырдың басы), екінші бөлімінде қазіргі заман тарихы (бірінші дүниежүзілік соғыс – XXI ғасырдың басы) қарастырылады.
Жаңа кезеңнің, немесе жаңа тарихтың, негізгі мазмұны капитализмнің дамуы мен нығаюы болып табылады. Жаңа кезеңнің басталу уақыты XVII ғасырдың ортасындағы ағылшын буржуазиялық революциясы, ал аяқталуы бірінші дүниежүзілік соғыс деп есептеледі.
Капиталистік өндіріс тәсілі ерекшеліктерінің бірі оның экономикалық заңдалықтарымен айқындалатын отарлық қанау болып табылады. АҚШ және Еуропаның капиталистік мемлекеттерінің отарлық агрессиясы нәтижесінде Шығыс халықтарына өздерінің үстемдігін орнатты. Англия және Франциядағы буржуазиялық революциялар арқылы жол ашылған Батыста капитализмнің жеңіске жетуі мен нығаюы Азия мен Африка елдерін отарлық езгіге салуының бастамасы болды. Сондықтан Шығыс елдерінің жаңа кезеңдегі дамуы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда басқаша жүрді.Екінші бөлімі қазіргі заман тарихы бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бастап бүгінгі күнге дейін уақытты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет