1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


-1945 жж. Үндістан. Үндістан Ұлттық Конгресі саясатының өзгеруі және оның мәні. 1935 ж. конституция



бет15/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

15. 1918-1945 жж. Үндістан. Үндістан Ұлттық Конгресі саясатының өзгеруі және оның мәні. 1935 ж. конституция.
1919 жылы ағылшын парламенті Үндістанды басқару туралы Заң қабылдады. Бұл заңға сәйкес сайлаушылар санын ұлғайту көзделді. Сайлау жөніндегі ереже мұсылмандар мен үндістердің жеке-жеке дауыс беруін қарастырды. Осындай жолмен ағылшындардың осы екі топты бір-біріне қарсы қоятын дәстүрлі саясаты заңды жолмен бекітілді. Ағылшындар бұрынғыдай қаржы, армия және полицияға бақылау орнату арқылы биліктің барлық тұтқаларын өздерінің қолдарына шоғырландыруды жалғастыра берді. Вице-король мен провинциялардың губернаторлары заң шығарушы жиналысты тарату және заң шығарушы жиналыстың қабылдаған шешімдеріне вето құқығын сақтап қалды. 1919 жылы Үндістандағы үкіметке қарсы әрекет туралы «Роулет Заңы» шықты. Бұл заңға сәйкес вице-король мен губернаторлар антибритандық манифестацияға қатысқан белсенділерді қамауға алып, соттың шешімінсіз жер аударуға құқылы болды.
Үндістан Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның отары болып қала берді. 1923-1927 жылдары Үндістанда капиталистік қатынастар жаңа қарқынмен дами бастады. Осы жылдары Үндістанда жаңа фабрикалар ашылды. Жұмысшы табының саны күннен күнге арта берді.
Әлемдік экономикалық дағдарыс 1929-1933 жылдары Үндістанның экономикасы мен саяси жағдайына қатты әсер етті. Дағдарыс ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын күрт төмендетіп жіберді. Шаруалар қарызға батып, жерінен айырылып отырды. Үндістанның кейбір аудандарында аштық болды. Дағдарыс Үндістанның өнеркәсібіне де әсер етті. Қолөнершілер мен капиталистер кедейленді. Жұмысшылардың жалақысы төмендеді, жұмыстан шығарып отырды. Жұмыссыздардың саны күрт көбейіп кетті. Ірі кәсіпорындар ауыл шаруашылық өнімдері мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларындағы үлкен айырмашылықты пайдаланып, байып, монополияларға айналды.
Дағдарыстың зардаптарына қарамастан Үндістан Ұлыбританияның отар елдерінің ішіндегі индустриалды дамығаны болып шықты. Соғыс қарсаңында тоқыма фабрикалары мен металл өндіру деңгейі көтерілді. Үнді монополияларының дамып кетпеуі үшін Ұлыбритания 1936 жылы агенттік туралы заң қабылдады. Бұл заң үнді капиталын қысқартып, ағылшын капиталын қамтамасыздандырды. 1935 жылы үнді капиталын бақылап отыру үшін Үндістанның Резервтік банкі құрылды. Бұл банк үнді компанияларына несие бермеді, тек үнді капиталының дамуына шек қоятын рычаг болды. 30 жылдары Үндістанға жапон капиталы ене бастады. Жұмысшылардың жағдайы төмен болды, 1938 жылғы жалақы 1933 жылмен салыстырғанда 20-30% қысқарды. Мұның барлығы елде ағылшын империалистері мен жұмысшы тап арасындағы және үнді буржуазиясы мен жұмысшы тап арасындағы қарым-қатынасты шисленістіре түсті.
XХ ғасырдың 20 жылдары Үндістан ұлттық капитализмінің біршама дамығандығымен ерекшеленеді. Осы жылдарда Үндістанда жергілікті ұлттық буржуазияға тиесілі болған зауыттар мен фабрикалар саны ұлғайды. Сонымен қатар ірі өнеркәсіпте еңбек ететін жұмысшылардың саны көбейе түсті. Бірақ ағылшын монополистік капиталы банктер арқылы Үндістанды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті және бұл елге бөлінген несиелерді өз бақылауында ұстады.
Бұндай экономикалық қиындықтарға қарамастан Үндістанда біртіндеп дағдарысты жеңуге мүмкіндіктер қалыптасты. Үнділік капиталға бақылау орнату мақсатында ағылшын үкіметі 1935 жылы Үндістанның Резервтік банкісін құрды. Резервтік банк үнділік капиталды пайдалана отырып, Үндістанның өнеркәсібіне несие бермеу арқылы іс жүзінде елдің өндірістік дамуын саналы түрде тежеуге әрекеттенді.
XX ғасырдың 20-30 жылдары Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің жаңа кезеңінің басталғандығымен сипатталады. 1920 жылдары Ахмадабад пен Бомбей және өзге де провинциялардың тоқымашылары мен теміржолшыларының ереуілдері мен бас көтерулері орын алды. 1925 жылы жалпы үнділік коммунистік ұйым - Үндістанның коммунистік партиясы (ҮКП) құрылды. Сонымен қатар 1885 жылы құрылған буржуазиялық-ұлттық ұйым Үндістанның ұлттық конгресі (ҮҮК) бұқаралық партияға айнала бастады. Бұған қол жеткізген Мохандас Карамчанд Ганди болды. Гандидің саясаткер және ұлттық көшбасшы ретіндегі орны - отаршылдыққа қарсы конституциялық арнаға енгізілетін саяси модельді негіздеп берумен анықталды.
Гандидің Үндістанның алдына қойған негізгі саяси мақсаттарының бірі - тәуелсіздікке белгілі бір мерзімдік кезеңдерді өту арқылы біртіндеп жету болды. Ал бұл мақсатқа жетудің басты саяси міндеті - мейлінше беделді болып табылатын және жалпы үнділік өкілдерден құралған ұйым - Конгрестің біртұтас басқаруына Үндістандағы барлық әлеуметтік-таптық топтар мен партиялық-саяси күштерді біріктіру болды. Үндістан халқын бірлікке үндеу байлар мен кедейлерді, брахмандар мен аксүйектерді, үндістер мен мұсылмандарды біріктіріп, этникалық бөліністерді жеңетін және жалпы үнділік әлеуметтік-мәдени институттарды қалпына келтіретін моральдық-этикалық құндылықтарға негізделді.
Үндістандағы антиимпериалистік қозғалыстарға қатысқандар репрессияға ұшырады. 1931 жылы Үндістанның вице-королі лорд Ирвин мен М. Ганди арасында келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде «Дели пактіне» қол қойылды. Бұл пакт бойынша, Ганди қозғалысты тоқтатуға, «дөңгелек үстел» жиналысына қатысуға мәжбүр болды. Ал ағылшын үкіметіне елдегі әскери жағдайды алып тастауға, репрессияны тоқтатуға, тұтқынға алғандарды босатуға уәде берді. «Дөңгелек үстел» конференциясында ҮҰҚ «Үндістан азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттері туралы» құжат ұсынды. Шын мәнісінде бұл құжат конституцияның негізі еді. Бұл келісім шешімдеріне Конгрестің көптеген өкілдері келіспей, 1931 жылдың желтоқсанында олар өздерінің жиналысын ашты.
1928 жылдың мамырында Ганди мен оның жақтастары қамауға алынды. Бұған жауап ретінде бүкіл елде жаппай наразылық басталды. Билік пен наразылық білдірушілер арасында болған келіссөздер нәтижесінде үндістер азаматтық бой ұсынбау науқанын азаттық қозғалысына қатысқандарды және күш қолдану актілеріне қатысы барларды қамаудан босатып, оларды ары қарай қудалаудан бас тартқан жағдайда тоқтатындығы белгілі болды, 1931 жылдың қыркүйегінде Лондонда ҮҰК делегациясы Үндістанға өзін-өзі басқару және доминион мәртебесін беруді талап етті. Келіссөздердің сәтсіз аяқталуы Гандиды азаматтық бой ұсынбау науқанын тағы ұйымдастыруға мәжбүрледі. Бұл жолы науқан ағылшындармен жеке тұлғалар арасында ынтымақтаспау түрінде жүрді. 1932 жылы Ганди жоғары ақсүйек топтарына азаматтық құқықтар берілуін талап етті. Осы кезде Конгрестің ішінде солшылдар қанатының позициясы күн санап нығайып келе жатты. 1936 жылы Джа-вахарлал Неру Үндістан Ұлттық Конгресінің президенті болып сайланды. Джавахарлал Нерудің ел ішіндегі беделінің артуына оның 1935 жылы ағылшындар ұсынған Үндістанды басқару туралы заңына үзілді-кесілді қарсы шығуы болды. Бұл заңда провинциялардың орталық билікке бағынатын заң шығарушы органдарын құру көзделген болатын. Нерудің пікірінше, бұл азаттық күреске жол беру емес, тек соны жұртқа көз өылу болды. Сондықтан аталмыш заң құлдық конституция деген атқа ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет