19. ХІХ ғ. Африканы империалистік «бөлу» және оның қорытындылары.
Жаңа заман дәуірінде экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жетілген мемлекеттер дамуы баяу қалған елдерді саяси, экономикалық және рухани құл-
дықта үстады, олардың табиғи байлықтарын өтсусіз, нысапсыз тонап, арзан шикізат көзіне айналдырды.
Отарлау дәуірінің, яғни басқаша айтқанда колонналдық экспансия дәуірінің тарихта үш кезеңі белгілі:
XVI ғасырдың басынан XVIII ғасырдың ортасына дейін «сауда колониализ- мі», колониалдық тауарлардың Еуропаға шығарылуы; XVIII гасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың аяғы - «өндіріс капиталы кезеңіндегі колониализм», колониялар мен суропалық емес әлемді эксплуатациялау тәсілі, ол елдерге суропалык тауарлардың ағылуы, яғии ёнуі болды;
-XIX ғасырдың аяғынан - «империализм кезеңінің колониализмі» немесе «монополиялық капитал кезеңінің колониализмі», тәуелді елдердің ресу- ретарын пайдаланумен қатар, ол елдердің өндірістік дамуына алып келген, суропалық капиталдың енуі, инвестициялардың өсуі.
Еуропалықтардың Шығысқа қатысты отаршылдық саясатының бірінші кезеңі, XV ғасырда португалдықтардың Үндістанға жол ашуынан басталған. Олар Үндістанның жағалауына орнығып, Маллук аралдарын жаулап алды. Мыңдаған адамды қырып, тұтас аймақты құлдықта ұстады. Әсіресе, алым-салықты көп жинап, плантациялар мен елді мекендерде тұрғындарды еріксіз еңбекке жекті. Алтын мен күмісті ашкөздікпен өндіріп, сыртқы және ішкі саудада монополия орнату Португалия мен Испанияның отаршылдық саясатына тән сипат болды. XVII га- сырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Франция да осы бағытты ұстана бастады. Бұл кезеңдегі отаршылдық саясат, негізінен, озбыр сауда-саттық арқылы жүзеге асты. Отарлаушы мемлекеттердің компаниялары сапасы төмен бұйымдарын аса қымбат бағаға өткізуге ерікті болды.
Еуропалықтарға Азия және Африка халықтары бай болып көрінді. Сенегал мен Нигериядан суропалық саудагерлер көп мөлшерде алтын шығарды. Қытай, Үндістан мен Үндіқытайдан көптеп дәмдеуіштер (пряности) тасыды. Дәмдеуіштер құны ол кезеңде алтынның бағасына тең, қымбат еді.
Сол кезеңдегі суропалықтар, алтын негізінен үлкен өзендердің барқынынан (орысша-отмель) табылатын болғандықтан, біртіндеп «алтын өзеннің» дәл өзіне жетуге болады деген жалаң ойда болған. Дәмдеуіштерді де тура солай, Осман империясымен қақтығыспай, жаңа теңіз жолдары арқылы Үндістанға жетіп алуға болады деп үміттенді. Олардың осындай жемқорлық ізденісі, бір жағынан, жаңа географиялық ашуларға алып келді.
Құл саудасы да суропалықтарға мыңдаған табыс әкелді. Мұнымен, бірқатар Еуропа және Америка қалаларының тез дамуы мен гүлденуі тығыз байланысты - Бристоль, Ливерпуль, Манчестер, Лондон, Нанта, Руана, Амстердам, Нью-Йорк, Жаңа Орлеан, Рио-де-Жанейро және тағы басқа қалалар. Құл саудасының төрт жүз жылдық тарихының барысында, құл сатушылар Америкаға 15-16 млн.-ға дейін адамды құлдыққа сатқан. Трансатлантикалық құл саудасы барысында шамамен, 60-70 млн. адам қаза болған. Құлдыққа ең мықты, төзімді жас африкандық- тар айдалатын. Осылай, XVII ғасырдың басында Шығыс Голландия, Англия және Франция елдерінің назарын өзіне каратты. Голландия Азияда Цейлон аралын, Малайяның оң түстік жактарын тәуелділікке алды және Индонезиядан португалдықтарды куып шықты. Африкада Голландықтар «Добрая Надежда» мүйісінде орнықты. Англия Африкада Гамбия мен Ганада (Алтын Жиск) өзінің алғашқы фортын күрды. Колониалдық саясаттың екінші кезеңі, Англияның Үндістан үшін күресінең басталады. Күрес екі бағытта жүрді: Еуропада Франциямен бақталастық (жеті жылдык согыс); Үндістанның болшектенуі және біртіндеп үнді князьдіктерінің ің жыл бірінен сон бірі ағылшындарға бағынды. 1818 жылға қарай Үндістанның Пенд. жаб князьдігінен баска жерлерінің бәрі, ағылшындық Ост-Үнді компаниясымен жаулап алынды. 1858 жылы Үндістан «Британдық тақтың басты әшекейіне» ай. налды. Франция Үндістанда женіліске ұшырап, енді Үндікытай (Вьетнам) үшін күресін бастайды. Африкандық континентте оның негізгі форты Сенегал өзенінің сағасындағы Дакар өңірі болды. Отар слдер біртіндеп үстемдік құрушы мемлекеттердің арзан шикізат көзіне, олардың өнімдерін өткізудің нарығына айналды. Мысалы: 1757-1812 жылдар аралығында Англияның Үндістаннан жинаған тікелей алым-салығы 10 млн, фунт стерлинг құрады. Сонымен қатар, 1814-1835 жылдар аралығында Үндістанға мақ- та-мата өнімдерін өткізу көрсеткіші 65 есе ұлғайды. 1860 жылы мұнда, Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда 2 есе көп ағылшын матасы әкелінді. Арзан шикізат көзі ретінде Үндістан - мақта, кендір, апиын, Цейлон - каучук пен шай, Въетнам - күріш тағы басқасын өндірді.
Отаршылдықтың үшінші кезеңі - колониаларды монополиялық капитал арқылы ритори эксплуатациялау, яғни Қытайды «ықпал ету аймағына бөлу», Вьетнамды, Бирма- Col ны және тағы басқа аумақтарды жаулап алу, Африканы территориалдық бөліктерге (1863 бөлу, Бұл жағдай XIX ғасырдың аяғынан, XХ ғасырдың басына дейін орын алды. лықта Еуропалық жаулаушылардың басты тәсілі отарлық иеліктердің барлық байлы- дары ғын тонаушылық жолмен иемденіп, өздеріне қажетті Шығыстың аса бағалы тау- 80-9C арларына - дәмдеуіштер, шай, кофе, шығыс маталары, қытай фарфоры және сән- ды. айна салтанат заттарының саудасына бақылау орнату арқылы оларды қанауға ұшырату ақ болды. Осыны жүзеге асыру үшін барлық жерде факториялар - сауданың тірек дүн пунктері құрылды. Еуропалық отаршыл үкіметтің қолдауымен құрылған сауда хал компаниялары қарулы әскери отрядтардың рөлін атқарып, отарлық басқыншылық саясаттарын жүзеге асырып отырды. Олар өз қарамағында әскери күштер ұстады және бітім жасауға немесе соғыс жариялауға, қамал салуға құқылы болды. Мұн- пи ri дай компаниялар жергілікті тұрғын халықтың қарсылығын басып кана қоймай, бәсекелестерімен - басқа суропалық елдердің компанияларымен күрес жүргізуі ж тиіс еді.
Достарыңызбен бөлісу: |