1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


-1979 жылдардағы Ирандағы ислам революциясы



бет22/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

1978-1979 жылдардағы Ирандағы ислам революциясы. Ирандағы дін ба- сыларының елдің саяси өмірінде ықпалының артуы үкіметтің реформалық талпыныстарына кедергі келтіре бастады. Шетелдік ықпалдан арылған тұрақты мемлекет ретінде Иранның даму мүмкіндігін және оны жүзеге асыру исламдық құндылықтар толық салтанат құрған қоғамда екендігін елдегі дін басылары халық арасына уағыздай бастады. Халықтың басым бөлігі мемлекетті исламдық негізде құру идеологиясын қолдады. Елде үкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразылық акциялары күшейе түсті. 1978 жылдың қаңтарында Кум қаласында кезекті үкіметке қарсы шеруді оқтың астына алуы ислам революциясының басталуына себеп болды. Қаза тапқандарды жерлеген соң 40 күннен кейін, толқулар елдің бірнеше ірі қалаларында орын алды. Үкімет әскерлерімен болған қақтығыстарда ондаған мың ирандық қаза тапты. Қаза болғандар санының арта түсуі, елде бұрынғыдан да күшті толқулардың пайда болуына әкеліп соқты.
Толкулардың бүкіл ирандық сипат алуынан сескенген шах пен оның отбасы
1979 жылдың 16 қаңтарында Ираннан кетуге мәжбүр болды. Біраз уақыт елде Бахтияр басқарған зайырлы және Хоменей басқарған шийттік дін басыларынан құралған қос үкімет өмір сүрді. Екі үкімет арасында елдің саяси-әлеуметтік дамуы және сыртқы саясат мәселелері бойынша бітіспейтін теке-тірес орын алды. Елдегі қос үкімет 1979 жылдың 9-10 ақпанында Тегеран қаласында орын алған қарулы көтеріліс нәтижесінде жойылды. Шах жақтастарының соңғы қарсыласу ошақтары 12 ақпанда басып-жаншылды. Иранда исламдық революция жеңіске
жетті.
Революцияның жеңіске жетуіне шах пен оның төңірегіндегі топтың жүргізген реформаларының нәтижесіздігі, шах және америка кеңесшілерінің әр түрлі шешімдерді халықпен санаспай қабылдауы, халық мүдделері мен дәстүрлерін, салтын елеп-ескермеуі себеп болды. Шах реформалары қарапайым халыққа ешкандай игіліктер әкелген жоқ, керісінше, реформалар нәтижесінде байлар күшейе берді. Реформалар жұмысшылар мен шаруаларды, ұсақ кәсіпкерлерді қайыршы- лыкқа түсірді. Ирандағы ислам революциясын сипатына, қозғаушы күші мен күрес тәсіліне қарай - халықтық; негізгі бағытына қарай - антимонархиялық, анти-

империалистік және антиамерикандык: әлеуметтік мәні бойынша - буржуазиялык (антикапиталистік); дінбасыларының жетекшілік және ұйымдастырушылық- идеологиялық негізіне қарай - исламдық деп бағалауға болады. 1979 жылдың 1 сәуірінде Иран Ислам Республикасы (ИИР) жарияланды. Сол жылғы референдум нәтижесінде Иран Ислам Республикасының конституциясы қабылданды, Конституцияда: елде исламдық түрдегі - велаят-е факих басқару жүйесі енгізілгендігі бекітілді; - дүниедегі тежеусіз билік тек Алланың қолында екендігі және мемлекет басында рахбар (жетекші) тұратындығы жарияланды; биліктің үш тармағы үстінен қарайтын рахбар, кең өкілеттіктер соның ішінде, бүкіл халық сайлаған президентті қызметтен кетіру құқығын иеленді. парламенттің жұмысын бақылау үшін 12 дін басынан тұратын Бақылаушы кенес кұрылды. Бақылаушы кеңес мәжіліс қабылдайтын заңдардың ислам мен конституцияға сәйкестігін бақылауға тиісті болды.


Бұдан өзге Хомейни соғыс жариялау, бейбіт келісімдер жасау, мобилизация
жүргізу құқықтарын иеленді. Сонымен қатар ол Иран қарулы күштерінің бас қолбасшысы ретінде бекітілді.
Республикада теократиялық билікпен қатар республикалық билік органдары
(президент, үкімет, мәжіліс) құрылды. Республикалық билік өкілеттігі теократиялық кұрылымдармен салыстырғанда біршама тар ауқымда болды. Ислам республикалық партиясы (ИРП) Хомейнидің қолдауы арқасында елдегі баскарушы партияға айналды. Шийттік дін басыларының билікті басып алуына көңілі толмаған саяси козғалыстар жер-жерде бас көтере бастады. Бірак, олардың бытыраңқы әрекет жасауы, бұл қозғалыстардың күйреуіне алып келді.
Иранның ашықтан-ашық антибатыстық саясат ұстануы АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттерінің тарапынан ұжымды түрде Иранға қарсы оқшаулау саясатының жүргізілуіне себеп болды. 1980 жылы АҚШ-тың айдап салуымен Иран-Ирак соғысы тұтанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет