1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тіл жүйесіндегі парадигматикалық қатынастар



Pdf көрінісі
бет32/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

54. Тіл жүйесіндегі парадигматикалық қатынастар
Парадигма грек тілінен аударғанда «үлгі, мысал» деген мағынаға ие.
Парадигма- зерттелуі тиіс мəселені шешу үшін үлгі ретінде алынатын теория.
Парадигма терминің ең алғаш американ ғалымы Томас Кун енгізген болатын.
Ал бұл терминді тіл білімінде орнықтырған Ф.де Соссюр болды. Жалпы
парадигматикалық қатынастарды, олардың байланысын, қолданылу
салаларын зерттейтін тіл білімінің бір бөлімін парадигматика деп атаймыз.
Ф.де Соссюр тілдік бірліктердің бір-бірімен байланысып, тілдік жүйе
құрайтындығын айтқан болатын. Осы тілдік бірліктердің арасындағы
қатынасты екі топқа : парадигматикалық жəне синтагматикалық деп бөлді.
Бірақ автор парадигматикалық қатынасты ассоциациялық қатынас деп атап,
оны тіл элементтеріне тиісті қарастырған. Ғалымның ойынша адамның
миында мағына жағынан өзара байланысы бар сөздер бір топты түзеді.
Сөйлеу процесі кезінде адамдар өзінің мақсатына сай келетін сөзді сол
топтағы сөздердің арасынан таңдап алады. Осы əр адамның ойында
сақталған мағыналары бір-біріне сəйкес келіп жатқан сөздердің арасындағы
қатынасты парадигматикалық немесе ассоциациялық қатынас деп атаймыз.
Парадигматикалық қатынас тіл білімінің барлық саласын қамтиды. Мысалы,
фонетика саласындағы дыбыстардың жуан немесе жіңішке қатары, лексика
саласындағы антонимдік, синонимдік қатар, синтаксис саласындағы
сөйлемдер өзгеруі, морфология саласындағы септік, көптік, тəуелдік
категориясы. Мифологиялық парадигма əртүрлі болып келеді. Мысалы,


тəуелдік парадигмасы: менің; сенің (сенің); оның. Тəуелділік жалғауының
парадигмасы деп: талабым, талабың (талабыңыз), талабы. Парадигматикалық
қатынас белгілі бір кластарға – парадигмаларға топтастырылған: синонимдік
қатарлар, антонимдік жұптар (қатарлар), лексикалық-семантикалық топтар
жəне өрістер. Синонимдік қатар-бұл о семантикалық жағынан жақындығы
бар сөздер тобы. Антонимдік жұп- мағынасы жағынан қарама-қарсы екі сөз.
Ол екі сөзден құралады, сондықтан мұндай қатар антонимдік жұп деп
аталады. Лексика-семантикалық топ деп екі немесе одан да көп сөздердің
лексикалық мағынасы жағына сəйкес бірігуін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет