1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тіл жүйесіндегі синтагматикалық қатынастар



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

55. Тіл жүйесіндегі синтагматикалық қатынастар
Тіл жүйесін зерттеуде қолданылатын екі аспектің бірі синтегматика болып
табылады. Ф.де Соссюр тілдік бірліктердің бір-бірімен қатынасып, тілдік
жүйе құрайтындығын айтқан болатын. Осы тілдік бірліктердің арасындағы
қатынасты екі топқа : парадигматикалық жəне синтагматикалық деп бөлді.
Автор синтагманы сөйлеу элементтеріне байланысты қарастырды.
Синтагматикалық қатынастар – сөз тіркестеріндегі сөздер немесе сөйлем
мүшелері арасындағы қатынастар. Синтагматикалық қатынастар негізінде
сөздер (морфемалар мен буындардың жиынтығы ретінде), сөз тіркестері
(сөздердің жиынтығы ретінде), сөйлемдер (сөйлем мүшелерінің жиынтығы
ретінде) жəне күрделі сөйлемдер (предикативті бірліктердің жиынтығы
ретінде) құрылады. Сөздерде кездесетін синтагматикалық қатынас сөздердің
бір-біріне тартылуынан байқалады. Мəселен, бантик - қыз бала, дастархан-
тамақ, ойыншық -бала, білім –кітап. Тіл əлеміндегі толып жатқан сөздердің
бір біріне тартылу процесі тіл логикасымен түсіндірілсе керек. Тілдегі негізгі
жүйелердің бірі болып саналатын синтагматикалық қатынасты алғаш болып
американдық лингвист Уриель Вайнрайх байқаған болатын. Ғалым бұл
байланыстың лексикологияға да, семиоткаға да, синтаксиске де ортақ
қасиетін аңғарған. Сөйлемдер ішіндегі синтагматикалық қатынас лексикалық
синтагматикадан тұратынын В.Г.Гак өз еңбегінде дəлелдеген болатын.
Мысалы, етістіктің сыртқы синтагматикалық байланысын ол былай көрсетеді:
«Жылан ініне жорғалады. Құс ұясына ұшып келді. Бұнда жорғалау (аяқсыз) –
жермен, жерде; ұшу (аяқсыз) – ауамен, ауада».
56. Тіл деңгейлері
Тіл жүйесіндегі тіл бірліктері мен заңдылықтар жиынтығынан тұратын
жүйелер бірігіп тіл деңгейін құрайды. Тіл деңгейлері- бұл жалпы тілдік
жүйенің ішкі жүйелерін, олардың əрқайсысының бірліктері мен ережелерінің
жиынтығы. Тіл деңгейлері тіл білімінде түрліше аталып жүр. Мəселен,


Виталий Кодухов «тіл ярустары» десе, Федор Березин, Бория Головин «тіл
механизмдері» деп атаған. Басқа тіл бірліктерімен қарым- қатынасқа түсе
алатын тіл бірліктері ғана деңгей жасай алады. Тілдің бір деңгейінің
бірліктері бір-бірімен синтагматикалық жəне парадигматикалық
қатынастарға түсе алады (мысалы, сөздер бірігіп, сөз тіркестері мен
сөйлемдер құрайды). Тіл білімінде тіл деңгейлерінің қалыптасқан түрлері бар.
Олар: фонетика, морфология, лексикология, синтаксис. Фонемалық қатар
фонемалар арқылы жасалса, морфемалар парадигматикалық қатынаста тек
морфемалармен, сөздер синтагматикалық қатынаста басқа сөздермен
тіркесіп байланысқа түсе алады. Осылайша, фонемалар жүйесі, сөз жүйесі,
сөз таптары, сөйлем жүйесі жəне олардың жиынтығы құралып, тіл
деңгейлерін жасай алады. Сөйтіп, фонема- морфеманы, морфема-сөзді,
сөздер –сөйлемді жасайды. Тіл деңгейлерінің өзіндік принциптері болады.
Ең алдымен белгілі бір деңгейге жататын тіл бірліктері бертектес болуы
қажет. Мысалы, фонемалық деңгей бірыңғай фонемалар жүйесі мен олардың
жиынтығынан тұрады. Келесі принцип бойынша бір дейгейге жататын тіл
бірліктері келесі деңгейдің жасалуына қатысуы керек. Мысалы, фонеманың
тіл бірліктері бірігіп сөздерді жасауға араласып, лексикалық немесе
морфемалық деңгейлермен байланысқа түседі. Тіл деңгейлері қанша жерден
басқа деңгейлермен байланысқа түссе де, олардың жасалуына қатысса да,
өзіндік ерекшелігін, қасиетін, белгілерін, дербестік сипатын жоғалтпайды.
Тіл деңгейлерінің құрамына кіретін тіл бірліктері тілдік таңба болып
табылады. Тіл деңгейінің құрамындағы тіл бірліктері басқа деңгей
құрамындағы бірліктермен иерархиялық қатынас арқылы байланысады. Тіл
деңгейлері XIX –XX ғасырлары тіл білімінде жақсы зерттелгеніне
қарамастан, ғалымдар толықтай бір шешімге келе алған жоқ. Мысалы, Вадим
Солнцев тіл деңгейлерін жоғары аталған төрт түрге бөлген. Ал «Общее
языковнание» оқулығының авторлары Ф.М.Березин мен Б.Н.Головин тіл
деңгейлерін алты түрге бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет