болды. Қазақ тілінде диалект сөздер көптеп кездеседі. Қарапайым «əпке»
сөзіне қазақ тілінде 10-шақты атауын көрсете аламыз.Мысалы, Орталық
Қазақстан өңірінде- «тəте», Батыс Қазақтан өңірінде- «апа», Шығыс
Қазақстан өңірінде- «көке», «апай», Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде-«əпше»,
«əпкей» жəне т.б. атап жатады. Сол сияқты кез-келген өңірде, аймақта өз
араларында ғана қолданатын сөздер кездеседі
67. Эксперименттік əдіс.
Экперименттік əдіс сөз болған сəтте екі түрлі əдіс сөз болады. Оның бірі-
қарапайым, жай эксперименттік əдістер, ал екіншісі- аспапты эксперименттік
əдіс, зертханалық əдіс болып табылады.
Мысалы, техника жетістігі болып саналатын электро акустикалы, өлшемді
құралдары пайдалана отырып , зерттеуші тіл біліміндегі фонетика саласын
жіті зерттейді. Ол зерттеудің нəтижелерінде шыққан натыланған, тура
мəліметтерді пайдалана отыра, сол тіл дыбыстары өздері, солардың
құрылымды бөліктері, бірегей үлгілері арқылы нақты тұжырым жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: