1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі


Тіл асты жүйкесі, nervus hypoglossus, 12 жұп бассүйек жүйкесі



бет15/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Тіл асты жүйкесі, nervus hypoglossus, 12 жұп бассүйек жүйкесі
Қызметі бойынша қимыл жүйкесі. Бұл нервтің қозғалтық ядросы бар. Аты – nucleus matorius nervi hypoglossi. Бұл ядро орналасады: төртінші қарыншаның түбі, ромбтәрізді шұңқырдың сопақша ми аймағында trigonum nervi hypoglossi атты зінің шұңқырында проекцияланады. Мидың түбінде sulcus anterolateralis – тан пирамида мен оливаның арасынан шығады. Ал бассүйектен canalis nervi hypoglossi арқылы шығады. Шыққаннан соң ішкі ұйқы артерия, arteria carotis communis пен ішкі мойындырық вена, v.jugularis interna, кезбе нерв, n.vagus-тың алдын доға тәрізді орап, сосын musculus mylohyoideus тесіп өтіп ауыз қуысына түседі. Тілдің түбіріне еніп, тілдің ұшына өзінің тармақтарын береді. Мойын аймағында Пирогов үшбұрышының жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады. Ал Пирогов үшбұрышы trigonum submandibulare ішінде орналасқан кішкентай үшбұрыш болып табылады. Немесе оның екінші атауы trigonum linguale. Алдынан m. Mylohyoideus артқы жиегімен, артынан m. digastricus venter posterior сіңірімен, ал жоғарғы жағынан тіл асты нерві, n.hypoglossus шектелген ұшбұрыш. Өз заманында Пирогов осы үшбұрыштан arteria lingualis-тен қан кеткен кезде тоқтатқан.
Жол бойында radicis superior беріп, ол мойын өріміндегі radicis inferior-мен бірге қосылып, ansa cervicalis түзіп, тіласты сүйегінің астында жатқан бұлшықеттерді жүйкелендіреді. Бұл бұлшықеттерге m.sternohyoideus. m.omohyoideus, m.sternothyrohyoideus, m.thyrohyoudeus және осы бұлшықеттерге өз тармақтарын береді. Әріқарай n.hypoglossus тілдің бұлшықеттерін нервтендіреді. Тілдің бұлшықеттерін екіге бөліп қарастырамыз. Меншікті және қаңқалық тілдің бұлшықеттері.
Меншікті тілдің бұлшықеттері:
1.m.longitudinalis superior
2.m.longitudinalis inferior
3.m.transversus linguae
4.m.verticalis linguae
Қаңқалық тілдің бұлшықеттері:
1.m.styloglossus
2.m.genioglossus
3.m.gyoglossus
4.m.palatoglossus
Балалардағы ерекшеліктері:
Жүйке ұзындығы: Балаларда тіласты жүйке ересектерге қарағанда қысқа, бірақ бала өскен сайын оның ұзындығы да артады
Айналадағы тіндерге қатынасы: Балаларда тіласты жүйке тілдің бетіне жақын орналасқан және оның айналасында ересектерге қарағанда май тіні аз болады.
Тармақтары: балаларда тіласты нервтің тармақтары ересектерге қарағанда саны аз болуы мүмкін.
Ядроның орналасуы: Балаларда гипоглоссальды нервтің ядролары жүрек деңгейіне жақын орналасады, бұл жүйкенің орналасу орнынының өзгеруіне алып әкелуі мүмкін.
Тістерге қатынасы: Балаларда тіласты жүйке ересектерге қарағанда тістерге жақын орналасқан, бұл стоматологиялық процедуралар кезінде жүйке зақымдануына әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет