Сезімтал тармақтар
n.buccalis-ұрттың шырышты қабатын нервтендіреді
n.lingualis-тілдің үштен екісін нервтендіреді
n.olveolaris inferior-төменгі тіс ұяшығын нервтендіреді
r.myloiheydea-тіл асты жақ бұлшық етін нервтендіреді.
n.auricula temporalis-құлақ самай нерві
Қозғалтқыш тармақтар.-Шайнау бұлшық еттерін нервтендіреді.Олар:
n.tensoris tympani-дабыл жарғағын керетін бұлшық етті нервтендіреді.
tensoris veli palatini-таңдай керуші бұлшық етті нервтендіреді
n.massetericus-шайнау бұлшық етін нервтендіреді.
n.pterigoideus lateralis-латеральді қанат тәрізді бұлшық етті нервтендіреді
n.pterigoideus medialis-Медиальді қанат тәрізді бұлшық етті барып нервтендіреді
n.temporalis profundi-беткей самай бұлшық етін нервтендіреді.
Иіс сезу нерві n.olfactorius
Iжұп бас сүйек жүйкесі. Қызметі бойынша сезімтал нерв. 15-20 иіс сезу жіпшелерінен fila olfactoria түзілген. Жіпшелері жалпы сабау түзбей торлы сүйектің торлы табақшасы, lamina cribrosa ossis ethmoidalis арқылы бассүйек қуысына кіреді. Мидың түбңнде иіс сезу буылтығынан bulbus olfactori шығады. Мұрын қуысының иіс сезу аймағын, шырышты қабығын нервтендіреді.
Көру нерві n.opticus
Iiжұп бассүйек нерві, Қызметі бойынша сезімтал нерв. Көру нервтің талшықтары көздің торлы қабығындағы ганглионарлық жасвушалардан басталып, тамырлы және ақ қабаттарына өтіп, көру нервтің n.opticus көзішкі бөлігін құрайды. Бас сүйек қуысына көру өзегі арқылы canalis opticus арқылы шығады. Екі көру жүйкесіде сына тәрізді сүйектің қиылыс плдындағы жүлгеде көру қиылысын chiasma opticum түзеді.
Көз қозғалтқыш нерв (nervus oculomotorius)
III жұп бас сүйек жүйкесі. Қызметі бойынша аралас нерв. Көзқозғальқыш нерв ядроларының құрамына екі бүйір ядро, nuclei lateralis, бір медиалді ядро, nucleus medialis және жұп орталық парасимпатикалық ядролар кіреді. Ол мидың негізіне көзқозғалтқыш жүйкесінің жүлгесінен, ортаңғы мидың аяқшалары арасынан шығады да, үңгірлі қойнаудың жоғарғы қабырғасы арқылы алдыға қарай жүріп, жоғарғы қабырғасы арқылы алдыға қарай жүріп, жоғарғы көздік саңылау арқылы көз ұясына енеді. Көз ұясы қуысына кірместен бұрын екі- жоғарғs және төменгі тармақтарға бөлінеді.
Жоғарғы тармағы (ramus superior)-жоғарғы тік бұлшықетке және жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық етті жүйкелендіреді.
Төменгі тармағы ramus inferior -медиалды және төменгі тік, сонымен бірге төменгі қиғащ бұлшық етке тармақтар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |